"Масқара жазбаңызды өшіріңіз". Димашты сынаған Есболат Беделханға ресейлік блогердің жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ресейлік блогер Будда Гриша Димаш Құдайбергенді сынаған Есболат Беделханға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында "Орда" тобының солисі Димаштың шетелде шапан киіп, домбыра шертуіне қарсы болған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік блогер Будда Гриша Димаш Құдайбергенді сынаған Есболат Беделханға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында "Орда" тобының солисі Димаштың шетелде шапан киіп, домбыра шертуіне қарсы болған.

"Есболат, қызғаныш - жаман қасиет. Бір кездері ұжымдарыңызбен танымал болсаңыздар да (...) Димаш Құдайбергеннің бүкіл әлемде танылғанына, бүкіл әлемге домбыраның не екенін көрсеткеніне қуануларыңыз керек. Домбыраны өз басым Димаштан білдім. Димаштың арқасында Қазақстанда не болып жатқанын білдім. Димаштың арқасында шапан деген не екенін білдім. Шапан киіп, домбыра шертуі өзінің Қазақстаннан екенін көрсетуі ғана емес, тіпті көрсетсе қайтеді екен? Несі жаман? Ұлттық музыкалық аспапты насихаттап отыр емес пе? Америкалықтар домбыраның не екенін, шапанның не екенін білмеген де шығар. Олар қызығып, үйінде оқи бастайды ғой. Қуану керек қой, бұл деген тамаша емес пе!", - деген ол Есболат Беделханға жазбасын өшіріп, басқа жазба жариялауға кеңес берді.

"Фейсбукте масқара болған жазбаңызды да өшіруіңіз керек. Керісінше жазуыңыз керек, себебі Димаш мен білген 2019 жылы Қазақстанды өзіне дейінгілерден асып түсіп насихаттады. Астанаға 64 елден тыңдармандары ағылып келді, Америкада 50-ден аса штаттан адамдар келді, бұдан артық не керек? Бүкіл концертінде домбыра шертіп, шапанмен тұрса өз басым риза болар едім. Ол барлық қазақстандыққа жақсылық жасап жатыр. Елді әлемге танытып жатыр", - дейді блогер.

Сонымен қатар, блогер Димаштың өнеріне тәнті болғаннан кейін Қазақстанға келгісі келетінін айтты. 

"Алматыда туыстарым бар, келгім келеді, осы керемет елдің табиғатын көргім келеді. Елмен танысқым келеді. Таяуда Айсұлтан Сейітовтің клипін көрдім. Өте әдемі. Клипті көптеген адам Димаштың арқасында тамашалағанын білесіздер ме? Сондықтан, қазір Ресейден бүкіл әлемді таңғалдыратын әнші шықса, елдің бәрі Ресейге қызыға бастаса, туризм дамымайды деп ойлайсыздар ма? Димаштың қазақ халқының жоғары мәдениетін көрсетіп отырғанын түсінесіздер ме? Бұл өскелең ұрпаққа өте маңызды, Есболат, ұмытпаңыз", - дейді блогер.

Facebook желісінде бұл видео 25 мың рет қаралған, 170 пікір жазылып, 600-ден аса лайк қойылған. Желідегілер видеоблогерді қолдап, алғысын айтып жатыр.

Өкінбеймін - Есболат Беделхан Димашқа айтқан сыны туралы

Еске салайық, "Орда" тобының әншісі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергеннің шетелде беріп жүрген концерттерінде домбыра шерткенін неге қолдамайтынын айтты. Мұның алдында Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында Arnau Tour Envoy концертін өткізген еді. Димаш Arnau шоуының үздік сәттері енген, жаңартылған Arnau tour ENVOY бағдарламасын ұсынған.

"Ол қателеседі". Өнердегі әріптестері Димашты сынаған Есболат Беделханға жауап берді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro