ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 марта 2020 | 21:33

Ешкімді көмексіз қалдырмаймыз - Тоқаев коронавирус туралы

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продолжение

Бүгін ел Президенті мәлімдеме жасады.

"Құрметті отандастар! Коронавирус індетіне байланысты күрделі кезеңді өткеріп отырмыз. Бірақ, бұл - уақытша қиындық. Біз мұны міндетті түрде жеңеміз. Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз. Біз мемлекет және қоғам болып, барша азаматызға қолдау көрсетеміз. Ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қол үшін береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы тиіс. Ең бастысы - шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз - рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан ұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенеміз. Басты тойларымыз әлі алды. Төрт құбыламыз түгел бола берсін, ағайын. Біз біргеміз! - деді Мемлекет басшысы Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде.

Айта кетейік, бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасады.

Ол елдегі төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес өкілдерін 3 айға салық төлеуден босатты және әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын арттырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де 42 500 теңге алатынын айтты.

Мемлекет басшысы 16 наурызда халыққа үндеу айтып, коронавирус індетінің жаппай таралуының алдын алу мақсатында елде төтенше жағдай режимін енгізген болатын.

Бұған дейін Тоқаев коронавирус таралуы жағдайында ешкімді көмексіз қалдырмайтынын және 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алатындардың саны артатынын мәлімдеген.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 340-қа жетті. 22 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer