Өлмесов Мүсірәлі

  • Өлмесов Мүсірәлі

Мүсірәлі Өлмесов 1918 жылы Шымкент облысының Қошқар ата ауылдық кеңесіне қарайтын "Бесабдал" ауылында қарапайым шаруа отбасында туған. Ауыл мектебінде бастауыш білім алған. Жастайынан шаруашылық жұмыстарға араласқан. Қошқар ата ауылдық кеңесінің хатшысы болып қызмет еткен.

Сарыағаш аудандық әскери комиссариатының шақыруымен 1941 жылы қараша айында соғысқа аттанған. Ақтөбе қаласында әскери дайындықтан өткен соң станокты пулемет расчетының командирі болып Белорусское майданының 134-ші дивизиясының 515-ші полкы құрамында алғашқы ұрысқа кірген. Белорус жеріндегі көптеген қала мен елді мекенді фашизимнің қанды құрсауынан азат етуде батылдық пен өжеттік танытып "За отвагу" медалімен, "Красная звезда" және "Отечественная война" ордендерімен марапатталған.

1943 жылы кіші командирлер дайындайтын курсты тәмамдап, қайта соғысқа кірген. Сол 1943 жылы ауыр жарақат алып, әскери қызметке жарамсыз деп елге қайтарылған. Елге қайтып келген соң ауыл шаруашылығында еңбек еткен. Бейбіт еңбегі үшін бірнеше дүркін Кеңестік Социалистік Республикалардың Одағы халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысқан және "Трудового красного знамени" орденімен марапатталған. 2008 жылдың 28 тамызында 91-ге қараған жасында дүниеден өтті.

1-е фото при прополке кукурузы 1987 г., 2-е фото зима 1989 г., 3-е фото вместе с супругой Базаркуль апа, лето 1987 г.

Нравится
Написать комментарий
Нажимая на кнопку “Отправить”, вы соглашаетесь с правилами комментирования
Өлмесов Мүсірәлі
Место рождения:
Оңтүстік Қазақстан облысы
Годы жизни:
1918 - 2008