Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp

Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалар орындалуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша қолжетімді бұқаралық спорт түрлерін дамытуға резервтер табу жөніндегі Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысы аумағында11 ірі спорт нысандарының құрылысы жүруде.

Аталған нысандар мемлекеттік бюджеттен емес, жеке тұлғалардың қаражатына салынуда.

Ақтау қаласындағы «Ер Шотан батыр» атындағы спорт кешені, бокс залы және мұз сарайы, Жаңаөзен қаласы Рахат ауылындағы дене шынықтыру спорт кешені, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы спорт кешені, Маңғыстау ауданы Жармыш ауылындағы спорт кешені, Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы спорт кешені жеке инвесторлар қаражатына салынуда.

Бұдан бөлек Ақтау қаласындағы «Бокс орталығы» спорт кешені, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы спорт кешені және Қарақия ауданы Сенек ауылындағы спорт залы әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру аясында NCOC компаниясының қолдауымен салынуда.

Бұл нысандардың аяқталу мерзімі 2019 жыл. Яғни келесі жылдың соңында облыста заманауи 11 жаңа спорт нысаны халық игілігіне беріледі.

Облыс орталығында салынып жатырған «Бокс орталығында» заманауи спорт залдары, бассейн, ашық ойын алаңдары мен спортшыларға қолайлы 9 қабатты зәулім қонақ үй бой көтеруде. Ағымдағы жылдың мамыр айында Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов пен Олимпиада Чемпионы Жақсылық Үшкемпіров іргетасын қалаған бұл ғимараттың бүгінгі күні 30% жұмысы аяқталған.

Олимпиадалық спорт түрлері бокс, таэквондо және қысқы спорт түрлерін дамытатын заманауи мұз сарайы да Ақтау қаласының маңызды спорт нысандарына айналатыны сөзсіз.

«Ауыл – Ел бесігі» деп Елбасы айтқандай Маңғыстау облысының ауылдық өңірлері де бұқаралық спорттың дамуына үлесін қосып келеді. Мұнайлы, Түпқараған, Бейнеу, Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрылысы жүріп жатырған спорт нысандары ауыл спортын жаңа деңгейге шығаратыны анық.

Аталған спорт нысандарының барлығы өңірімізде олимпиадалық, ойын, жекпе-жек және басқа де спорт түрлерін дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Курс валют

 442.05   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети