ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
03 апреля 2020 | 12:18

42 500 теңге. Ең көп қойылатын сұрақтарға жауап

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем енгізіледі - табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге беріледі. Тоқаев 31 наурыздағы үндеуінде осы төлемді алу тетігін кеңейтуді тапсырды. Алайда тұрғындардың көкейінде "Сонымен бұл төлемді кім алады?" деген сұрақ бар. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты сұрақтардың жауабы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем енгізіледі - табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге беріледі. Тоқаев 31 наурыздағы үндеуінде осы төлемді алу тетігін кеңейтуді тапсырды. Алайда тұрғындардың көкейінде "Сонымен бұл төлемді кім алады?" деген сұрақ бар. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты сұрақтардың жауабы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Статистика бойынша, елімізде өз бетінше жұмыспен қамтылған 2 миллионнан аса адам бар. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 наурыздағы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік сақтандыру қорынан төтенше жағдайда табысынан айырылған адамдарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем беру тапсырылған. Алғашқы 1000 адам бұл төлемді ала бастаған. 

Сонымен, 42 500 теңгені кімдер алады?

Біріншіден, жалдамалы қызметкерлер. Олар карантин енгізілген қалаларда жалақысының сақталуынсыз еңбек демалысына жіберілді. Сонымен қатар, бұған ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері де жатады. 

Екіншісі - жеке тұлғалар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Олардың қатарында жеке кәсіпкерлер бар. Статистика бойынша, олардың саны елімізде 1,5 миллион адам. Олардың қатарында жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар бар: жеке адвокаттар, нотариустер, сот орындаушылары, медиаторлар. Елімізде олардың саны 2 мыңнан асады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істеген тұлғалар, олардың саны 180 мыңға жуық. Олар да табысынын айырылғандар. 

Төлемді алу үшін не істеу керек?

Бүгінде әлеуметтік төлемді алу үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек өтінім беріледі. Бұл өтінімде төлемді алу үшін барлық ақпарат (мәліметтері - толық аты-жөні, ЖСН, карта есебі) көрсетіледі. Жұмыс беруші өз жұмыскерлерінің тізімін ұсынады. 

Төтенше жағдай режиміне байланысты табысыңыздан айырылғаныңыз туралы дәлелдеудің қажеті жоқ, оны ешкім тексермейді. Сіздің өтініміңізде бұл көрсетіледі, сол негізге алынады. Өтінім электронды түрде тапсырылады. 

Сонымен қатар, көптеген адам өтінімді беру, ЭЦҚ қосу қиын екенін және Egov порталы жүктелмейтінін айтқан. Сондықтан бұл мәселені шешуге арналған бірнеше техникалық шешім бар:

Бірінші - "Электронды үкімет" порталы

Сервис арқылы әр адам өзінің мәліметтерін толтыруы қажет. Енді бұл өтінімге қандай да бір файлдарды қосу қажет емес. Маңыздысы - осы өтінімнің болуы. Оған ЭЦҚ арқылы қол қою қажет немесе SMS арқылы құпиясөз алумен қол қойылады.

SMS арқылы құпиясөз қалай алынады?

Кеше цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында 60 мыңға жуық адамға төлемнің автоматты түрде берілгені туралы SMS -хабарлама жіберілгенін айтты. 280 мыңға жуық адам SMS-ке жауап ретінде әлеуметтік төлем салынатын карта есебін жіберу туралы хабар келеді. Сөйтіп, миллионға жуық адам төлемді еш өтінімсіз алады. 

"Алдағы таңда біз egov.kz порталындағы өтініш жасау сервисін жаңартамыз, сөйтіп 42 500 теңге төлемге электрондық цифрлық қолтаңбасыз, SMS-құпиясөз арқылы өтініш бере аласыз", - деп түсіндірді Жұмағалиев. 

Екінші. Арнайы сайт

Бүгінде Egov сайтына адам көп кіретіндіктен жүктемесі тым көп болып кеткен. Сондықтан Еңбек министрлігі BTS компаниясымен бірлесіп 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем үшін арнайы сайт әзірледі. 

Одан бөлек, әлеуметтік төлем аласыз ба, жоқ па Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әзірлеген сілтеме арқылы ЖСН енгізіп тексере аласыз.  

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін сервис іске қосылды.

Сервисті сілтеме бойынша пайдалануға болады: https://42500.enbek.kz

Telegram-бот

Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

Біріншіден, өтініш беруші Telegram-ға кіріп, "EgovKzBot2.0" іздеп табу керек;

Екіншіден, "Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу" қызметін таңдау керек;

Үшіншіден, өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

Төртінші қадам - өтініш "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

Бесіншіден, Ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін "Е-Макет" ақпарат жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

Алтыншы қадам - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

Жетінші қадам - Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап келеді.

Өтінімді қалай дұрыс беру керек? 

Мәліметтер (ЖСН, карта есебі және аты-жөні) дұрыс енгізілуі керек. Себебі ақша сіздің тегіңізбен, карта иесімен салыстырылады. Екінші талап бойынша, соңғы 12 айда Әлеуметтік сақтандыру қорына ең болмаса бір әлеуметтік төлем немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бір зейнетақы аударымы жасалуы тиіс. Бұл жағдайда талаптың енгізілу себебі - ақша кассадан беріле салмайды, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы төленеді.

Бірақ көптеген адам мұндай әлеуметтік аударымдары жоқ, болмаған да болуы мүмкін. Себебі, ол адамдар бейресми жұмыс істеген, олардың еңбек келісімшарттары жоқ, салық та, ешқандай аударымдар да төлемеген, алайда олар үшін де 42 500 теңге алу мүмкіндігі бар. Яғни, өзінің статусын ресмилендіруі керек. 

Ол үшін сіз бірыңғай төлемді төлесеңіз жеткілікті - ол қалалықтар үшін 2651 теңге, ауыл тұрындары үшін 1325 теңге. Бір рет төлем жасаған соң сіз келесі күні ай сайын 42500 теңге алу мүмкіндігіне ие боласыз. Бұл бейресми жұмыс істегендердің барлығына қатысты. Осылайша, сіздің статусыңыз ресмилендіріледі.

Бірыңғай жиынтық төлемді қала және ауыл тұрғындары қалай төлей алады? 

Оның екі жолы бар. Бірінші - Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және "Қазпошта" бөлімшелерінде БЖТ төлеуге болатын мобиль қосымшалар бар. 

Екінші - SMS арқылы жасауға болады. Ол үшін өз телефоныңыздан 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін GORODESP ЖСН, ал ауыл тұрғындары үшін SELOESP ЖСН деп көрсету қажет. Бұл жағдайда қажетті сома шешіледі де, бұл сіз әлеуметтік аударымды төледіңіз, өз міндеттемеңізді орындадыңыз, сіздің статусыңыз ресмилендірілді және сіз ай сайын 42 500 теңге алатын боласыз дегенді білдіреді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer