Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 апреля 2020 10:31

42 500 теңге: министр кімдерден қайтару талап етілетінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдерден талап етілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны кімдерден талап етілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, тұрақты жұмысы бар, тұрақты жалақысы бола тұра 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған адамдардың әрекеті заңды бұзу болып саналады. 

"Ал енді жұмыс берушілерге мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықпай, тұрақты жұмысы жүріп тұрған, тұрақты жалақы алып жүргендер алса, бұл заңбұзушылыққа әкеп соғады. Ол - дұрыс емес. Бұл жерде де ол мемлекеттік сақтандыру қорынан төленіп жатыр, сондықтан мемлекеттік сақтандыру қоры 42 500 теңгеден басқа мүгедек жандарға, асыраушысынан айырылған жанұяларға, жұмысынан айырылғандарға, баланы бір жасқа дейін күтіміне байланысты төлемдер, декреттік демалыс дейміз, 126 күнге, жүкті болуына және кейін босанғаннан кейін төлемдерді төлеп келе жатыр. Сондықтан сол қаражатқа жауапты болған соң ол кісілерде, әрине, бұйрық жоқ. Ақысыз демалысқа жіберілмегендерге сұрау жасайды да қайтаруды талап етеді кейін. Тағы да қайталап айтамын, тек жалдамалы қызметкерлер, ақысыз демалысқа шықпағандарға сұрақ бар. Олар заңсыз алған", - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов ОҚК брифингінде. 

42 500 теңге қашанға дейін беріледі? Министр өзекті сұрақтарға жауап берді

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлем енгізіледі - табысынан айырылған тұлғаларға 42 500 теңге беріледі. Тоқаев 31 наурыздағы үндеуінде осы төлемді алу тетігін кеңейтуді тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети