Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 февраля 2021 17:39

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек? Заңгер түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылы 14 мың кибершабуыл жасалған, ал биыл қаңтар айының өзінде 1 700 қылмыс жасалған. Мысалы 15 ақпанда Шымкент қаласының тұрғыны 50 адамның атынан онлайн-несие рәсімдеген. Мұндай жағдайда жәбірленуші тарап не істеуі керек? Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқтар қалай жазаланады? Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына заңгер маман Думан Көпбаев жауап берді.  


Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылы 14 мың кибершабуыл жасалған, ал биыл қаңтар айының өзінде 1 700 қылмыс жасалған. Мысалы 15 ақпанда Шымкент қаласының тұрғыны 50 адамның атынан онлайн-несие рәсімдеген. Мұндай жағдайда жәбірленуші тарап не істеуі керек? Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқтар қалай жазаланады? Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына заңгер маман Думан Көпбаев жауап берді.  

Өзінің атынан несие рәсімделгенін білген адам алдымен не істеуі керек?

Заңгердің айтуынша, мұндай жағдайда ең алдымен полицияға хабарласып, болған жайтты айтып, арыз жазуы керек. 

"Әрі қарай, сіз несие берген несиелік мекемеге хабарлама жіберуіңіз керек. Онда сіз өзіңіздің жеке деректеріңіз және электрондық цифрлық қолтаңбаңыз ұрланғаны туралы хабарлауыңыз керек. Хабарламаға полицияға жазған арыздың көшірмесі қоса берілуі керек. Егер несие беруші сізден ақшаны қайтаруды талап етсе, несиелік келісімді жасалған жоқ деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгініңіз керек", - дейді маман.

Ал заңсыз несие рәсімдеген азаматтарды іздестірумен құқық қорғау органдары және несие берген банктің қауіпсіздік қызметі айналысады.

Несие рәсімдеген адам қалай жазаланады?

Думан Көпбаевтың сөзінше, несие рәсімдеген алаяқтарға Қылмыстық кодексте жауапкершілік көзделген. 

"ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша жауапкершілікке тартылады. Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Жазасы: бір жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру", - дейді заңгер. 


Фото: dpchas.com.ua

Банк те жәбірленуші тарап болып есептеледі

Заңгер егер де алаяқ банк қызметкерімен сыбайласып жұмыс істесе, қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтады. Алайда оны тергеу органдары дәлелдеуі керек.

"Негізі банк те жәбірленуші тарап болып саналады. Себебі алаяқтар жалған құжатпен банктің ақшасын алып отыр. Сондықтан мұндай жағдайда зәбір көріп отырған банк. Ал алаяқтар жәбірленушінің атынан несие алғанын құқық қорғау органдары дәлелдейді. Банктегі камера арқылы бәрі дәлелденсе, банк те жәбірленуші тарап болып саналады", - дейді Думан Көпбаев. 

Егер банк өзінің атынан кредит алынған адам сол несиені төлеуі керек деп жүктеп отырса, азаматтар сотқа шағымдана алады.

"Сот арқылы азаматтар құқығын қорғайды. Бірақ бүгінде кез келген банкте бейнекамера бар. Видеолар шамамен 3-4 жыл сақталады. Сондықтан сол күні кімнің келіп, несие рәсімдегенін анықтау ешқандай проблема тудырмайды", - дейді маман. 

Заңгердің айтуынша, несие онлайн рәсімделген жағдайда мұндай қылмыстың түрін анықтаумен полиция бөлімшелеріндегі компьютерлік қылмыстармен айналысатын бөлім айналысады. 

Банк қызметкері қандай жағдайда жазаланады?

Мұндай жағдайда банк қызметкері жалған құжатпен келген адамға несие бергені анықталуы керек. Ол тергеу арқылы міндетті түрде дәлелденуі керек.

"Егер банк қызметкерінің де қатысы бары дәлелденіп жатса, ол да Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, қылмыс дәлелденуі керек. Көбіне төлқұжаттағы адамға ұқсайтын алаяқтар несие алады. Несие алған кезде төлқұжатымен бәрі сәйкес келіп тұрса, тексерген кезде банк қызметкерінде ешқандай күдік тумай не ол немқұрайды, дұрыс қарамаса, бұл қылмыстық іс болып саналмайды. Мұндай жағдайда қызметкер тек банк басшылығы тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндірді Думан Көпбаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети