ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 июня 2019 | 15:18

Ауырып қалған жағдайда кредитті төлемеуге бола ма - Заңгер жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pexels.com © pexels.com

Статистикаға сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Оның ішінде қарызын кешіктіргендері қаншама. Оған, әрине, түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Біреулер денсаулығының нашарлауына байланысты қарызын өтей алмаса, басқалары жұмыстан қысқартуға ұшырап, қаржы жағынан қысылып жатады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Статистикаға сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Оның ішінде қарызын кешіктіргендері қаншама. Оған, әрине, түрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Біреулер денсаулығының нашарлауына байланысты қарызын өтей алмаса, басқалары жұмыстан қысқартуға ұшырап, қаржы жағынан қысылып жатады.

Заңгер Нұрбол Батырбай Tengrinews.kz тілшісіне қарыз қайтару кезінде заң бойынша төтенше жағдайларға не жататынын және ол кезде өз міндеттерін тоқтатуға болатын-болмайтынын түсіндіріп берді.

Маман заңда қарыз алушы қандай да бір қиындықтарға тап болған жағдайда оларға жеңілдік жасаудың нақты жолдары көрсетілмегенін және ол мәселені тек заем беруші банктің шешетінін айтады.

"Қандай да бір оқыс жағдайлар болып, қарыз алушы келісімшартта көрсетілген міндеттерін орындамаған жағдайда оған белгілі бір уақыт беріп, жеңілдік қарастыруды тек банк шешеді. Заңда нақты айтылмаған. Дегенмен қарыз алушы мен банк жасасқан келісімшартта барлық пункт көрсетілуі тиіс. Көрсетілмеген жағдайда борышкер ешқандай анықтамалармен де, себептерімен де қарызды тоқтатып, кейінге шегере алмайды", - дейді заңгер.

Нұрбол Батырбайдың айтуынша, бүгінде банктер көп жағдайда жеңілдік қарастырмайды. Келісімшарттарда, құжаттарда әдетте белгілі бір оқыс жағдай болып қалса, жеңілдіктер қарастырылатыны жайлы көрсетілмейді дейді. 

"Жалпы оқыс жағдай деп адамның еркінен тыс күтпеген, болжанбаған және оны адам өзінің қабілетімен , мүмкіндігімен еңсере алмайтын жағдайларды атауға болады. Оның оқыс жағдай немесе оқыс жағдай емес екенін тек сот бағалай алады", - дейді Нұрбол Батырбай.

Осы ретте маман қарыз қайтару кезінде ықтимал төтенше жағдайларды атап берді. Айтуынша, бұл жағдайлар расталса, банкпен белгілі бір уақытқа келісімге келуге болады.

- адамның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін түрлі жағдайлар, апаттар;

- жұмыспен қамту орталығында тіркелген жағдайда, яғни ресми түрде жұмыссыз екені дәлелденсе;

- ойламаған жерден жұмыстан қысқартуға ұшыраған кезде (қажетті құжаттар болуы керек);

- соңғы жалақысы әлі түспей жатса - тек анықтама берілсе;

- жалақысының кем дегенде 20 пайызға төмендеуі.

"Егер борышкер ауырып қалса немесе жұмыстан шығып қалса онда өзінің міндеттерін тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқығы нақты заңда көрсетілмеген. ҚР Азаматтық кодексінің 272, 273, 319-баптарында да айтылады. Мысалы, 274-бап ("Мiндеттеменi бөлшектеп орындау") бойынша, банк пен қарыз алушы жасасқан мiндеттеме шарттарында ол туралы көрсетілмесе, белгiленбесе, несие берушi мiндеттеменi бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы. Егер банк келіссе, әрине, болады. Бірақ ондай банк Қазақстан Республикасында əлі құрылмаған", - дейді заңгер.

Оқи отырыңыз:

Қолхатсыз берген қарызды қалай қайтаруға болады

Қандай жағдайларда банктер кредитті төмен мөлшерлемемен беруі мүмкін

Қайтыс болған адамның несиесін кім өтейді - Заңгер түсіндіреді

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer