05 апреля 2019 | 12:41

"Кредитті кредитпен жаппаңыз". Қазақстандықтардың қарыз қайтарудағы 5 қателігі

© pixabay.com

Бүгінде қарыз алуды қаржылық қиындықтан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайтындар аз емес. Көбі бірнеше несие алып, одан тағы бір несие алып, қарызды қарызбен жабуды әдетке айналдырған. Әсіресе, соңғы кездері "Жалақыға дейін онлайн ақша", "Пайызсыз қарыздар" сияқты қызмет түрлері зор сұранысқа ие. Олар ешбір кедергісіз 200 мың теңгеге дейін береді. Осылайша, жалақы алғанда ақшасын түгел дерлік сол несиелерін жабуға жұмсап, қайтадан қарызға кіруге мәжбүр болады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде қарыз алуды қаржылық қиындықтан құтылудың ең оңай жолы деп ойлайтындар аз емес. Көбі бірнеше несие алып, одан тағы бір несие алып, қарызды қарызбен жабуды әдетке айналдырған. Әсіресе, соңғы кездері "Жалақыға дейін онлайн ақша", "Пайызсыз қарыздар" сияқты қызмет түрлері зор сұранысқа ие. Олар ешбір кедергісіз 200 мың теңгеге дейін береді. Осылайша, жалақы алғанда ақшасын түгел дерлік сол несиелерін жабуға жұмсап, қайтадан қарызға кіруге мәжбүр болады. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Бұл расында да несиесін өтей алмай жүргендердің саны жеткілікті екенін көрсетіп отыр.

Реклама
Реклама

Несие проблемаларымен айналысатын заңгер Маржан Жұмабаева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бірнеше несиесі бар қазақстандықтардың кредит алу кезінде және ол қарыздан құтылу жолында жасайтын қателіктерін атап, кеңесін берді. Заңгердің айтуынша, қазақстандықтар артық төленетін соманың айтарлықтай көп екенін түсінбейді.

"Бірнеше несие алған соң қарыздар көбейген жағдайда, әрине, мүмкіндігінше кішкене болса да қарыздан құтылудың амалын іздеу қажет. Қосымша табыс көзі болсын. Олай болмаған жағдайда, банкке барып, өтініш қалдырып, несие туралы келісімшарттағы талаптарды қайта қарауды сұрау керек. Мұның барлығы қазақстандықтардың бастапқыда, яғни несие рәсімдеген кезде артық төленетін соманың көп болатынына назар аудармауы себеп. Әсіресе, 3 жылға техникалық бұйымдар алғанда оның үстінен төленетін соманың артатынына аса бас қатырмайды", - дейді Жұмабекова.

Бұдан бөлек, заңгердің айтуынша, несие алатындар өзінің, отбасының бюджетін дұрыс есептемейді.

"Қарапайым коммуналдық қызметке кететін шығын, азық-түлікке, балабақша, мектеп, жүріс-тұрысқа кететін ақшаның барлығын есепке алу қажет. Барлығының ара қатынасын белгілеу қажет - бір айлық табыс қанша, қарыз қанша. Алайда қазақстандықтар көп жағдайда оны ескермейді", - дейді маман.

Ал үшінші қателік, маманның айтуынша, көбі қарыздың құтылудың оңай жолы тағы бір несие рәсімдеп, қарызды жабу деп түсінеді. Яғни, кредитті тағы бір кредит алып жабады.

"Қарызға батқан адамдар берешегі көбейіп кеткен сәтте ең оңай әдіс тағы бір кішігірім несие алып, жауып тастау деп санайды. Бірақ, ол дұрыс емес. Кейбіреулеріне ең оңай жол болып көрінгенімен, мұнда екінші қарыз алайын деп жатқан банктің қайта қаржыландыру шарттарына мұқият қараған жөн. Әрине, егер екінші банктің қайта қаржыландырудағы пайыздық мөлшерлемесі 13, ал сіздің оған дейін алған банктердегі мөлшерлеме 15 пайыз болса, ұтылмайсыз. Бірақ ол сирек кездесетін жағдай. Әдетте, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілетін қайта қаржыландыру бағдарламалары ғана тиімді деп саналады. Олар  - 3 пайыздық мөлшерлемемен беріледі", - деп түсіндірді Жұмабаева.

Қазақстандықтардың қарыздардан құтылу жолында жасайтын тағы бір қателіктерінің бірі олардың рәсімдеп отырған несие сомасын сол банктің кредиттік калькуляторымен тексеріп санамауында, яғни қаржылық, құжаттық сауаттың болмауы. 

"Ұзақ уақытқа алсам, аздап асықпай өтей аламын деген түсінік қалыптасқан. Ал несиенің өтелу мерзімін ұзарған сайын үстеме ақшаның бірнеше есеге өсіп кететінін елемейді. Оны түсінбейді. Банк қызметкері есептеп берген қарызды сол қаржы институтының кредиттік калькуляторымен тексеріп шықпайды. Бұл ретте заңды білмесе де, меңінше, несие алу алдында заңгерлерден, адвокаттардан кеңес алу керек", - дейді Маржан Жұмабаева.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Сондай-ақ, маман қазақстандықтардың келесі бір қателіктерінің бірі деп банк өкілдеріне барып, жағдайды түсіндіріп, керек анықтамаларды ұсынбауы екенін айтады. 

"Бұл жағдайда коллекторлармен келісуге болады. Коллекторлар борышкермен келісімге бара ма, жоқ па - ол өз құқығы. Бірақ бұл банктегілер несиені коллекторларға берген жағдайда ғана. Қарыз алушы расында жағдайын түсіндірсе - денсаулығына байланысты немесе жұмысынан айырылып қалған жағдайлар болса, осы күнге дейін төлем қабілеті болғанын және де ең бастысы қажетті анықтамаларды көрсетсе, банк міндетті түрде белгілі бір кезеңге жеңілдік береді", - дейді Маржан Жұмабаева.

Заңгердің айтуынша, осыған дейін әрбір банкте "талап қою мерзімінің өтуі" деген түсінік болған. Бұл дегеніміз банктегілердің борышкерден белгілі бір кезең аралығында қарызын өтеп алуға мүмкіндігі болатын.

"Бірақ 2018 жылдан бері қазақстандық банктерде талап қоюдың мерзімі бекітілді. Енді банктер борышкерден қарызды 5 жыл ішінде өтеп алуы тиіс болса, коллекторлық ұйымдар 3 жыл уақыт ішінде қарыздың өтелуін талап ете алады. Менің тәжірибемде, борышкерлер сотта жеңген жағдайлар кездесті. Сол кезде сот банк пен коллектордың өтінішін қанағаттандырмады. Оған талап қою мерзімінің өтіп кетуі себеп болды, - дейді заңгер.

Оқи отырыңыз:

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

Қайтыс болған адамның несиесін кім өтейді - Заңгер түсіндіреді

Кредит алғанда заңсыз қосылған пайыздарды қалай қайтаруға болады

Ұлттық банк "кредитті ұйымдастыру комиссиясын" қайтаруға қатысты пікір білдірді

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная