ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 июня 2021 | 13:58

Министр зейнетке шығу жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәжіліс депутаттары талап етіп отырғандай, ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мүмкін бе?", - деп сұрады журналистер министрден.

"Қазіргі таңда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі министрлікте қарастырылып жатқан жоқ. Бірақ мұнда объективті аспектілер бар, өйткені 1998 жылдан бастап біз жаңа жинақтау жүйесіне көштік. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, зейнетақы реформасының әділ жүйесі бар. Адам сол жинақтау жүйесіне қалай қатысқанына қарай жоғары зейнетақы ала алады.

Зейнеткерлік жасты төмендетуге келетін болсақ, кейбір адамдар зейнетақысының бір бөлігін жинап үлгермеуі мүмкін, мүмкін зейнетақысы өте аз болады. Бұл мәселе қаралып жатқан жоқ. Сонымен қатар, бізде зейнетақы аннуитеті бар, ер адамдар үшін - 55 жас, олар шекті соманы жинақтап, зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге өтініш бере алады", - деді Шәпкенов.

Министр әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы төлеуге қатысты пікірін айтты

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети