Зейнетақы жинағы есебінен неге ЭКО жасатуға болмайды? Бұл туралы Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директордың орынбасары Гүлнар Сарсенбаева түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зейнетақы жинағы есебінен неге ЭКО жасатуға болмайды? Бұл туралы Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директордың орынбасары Гүлнар Сарсенбаева түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Гүлнар Сарсенбаеваның сөзінше, расында, ЭКО жасатуды осы тізімге енгізу бойынша көптеген сұрақ келіп түскен.
"Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды. Қазақстанда жыл сайын МӘМС аясында 1000-ға жуық квота бөлінді. Биылдан бастап квота 7 есеге, яғни 7000 квотаға дейін ұлғайтылды. Сондықтан МӘМС аясында бұл қызметтер критерийлерге сәйкес мұқтаж отбасыларға ұсынылатын болады. Егер болашақта шынымен аса қажет болса, біз бұл мәселені қарастырамыз және осы ережелерге енгізуіміз мүмкін", - деді Гүлнар Сарсенбаева.
Сарсенбаеваның сөзінше, қажет болған жағдайда ЭКО жасатуға қаражат бөлінеді.
ЭКО үшін квота кімге және қалай беріледі?
Еске салайық, 2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін көбейтуді міндеттеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!