14 сентября 2020 | 14:00

ЭКО үшін квота кімге және қалай беріледі?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бүгінде ЭКО арқылы дүние жүзі бойынша 6,5 миллионнан аса бала дүниеге келді. 43 жылдық тарихы бар экстракорпоралдық ұрықтандыру - өздігінен бала көтеруге денсаулығы жарамайтын, бірақ сәби сүйгісі келетін жанның үміті.


Бүгінде ЭКО арқылы дүние жүзі бойынша 6,5 миллионнан аса бала дүниеге келді. 43 жылдық тарихы бар экстракорпоралдық ұрықтандыру - өздігінен бала көтеруге денсаулығы жарамайтын, бірақ сәби сүйгісі келетін жанның үміті.

2020 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін көбейтуді міндеттеді.

"Отбасы-демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес. Үкіметке 2021 жылдан бастап "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасын бастауды тапсырамын. ЭКО бағдарламалары арқылы квота санын жеті мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту керек", - деді Президент жолдауында.

ЭКО, яғни экстракорпоралдық немесе жасанды жолмен ұрықтандыру үшін мемлекет квотасын қалай алуға болады және ол кімге берілетіні туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

№1. ЭКО деген не?

Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) – бедеулік кезінде қолданылатын көмекші репродуктив  технология. Мұндайда бала ананың денесінен сырт ұрықтандырылады. Анасы мен әкесінен қажетті генетикалық материал алынады. Лабораторияда ұрықтандырады, содан кейін эмбрионды арнайы инкубаторға ауыстырады. Егер жақсы дамып жатса, онда бірнеше эмбрионда әйелдің жатырына салады.

№2. ЭКО-ның бағасы қанша?

Мемлекеттік бюджеттен әрбір ЭКО үшін 854 мың теңге бөлінеді. Бірақ оның нәтижелі боларына кепілдік жоқ. Жекеменшік клиникаларда бағасы 1 миллион теңгеден басталады.

№3. ЭКО-ны тегін алуға бола ма?

Иә, болады. Қазақстанда 2010 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға квота бөлінеді. Осы уақытқа дейін жеті мыңға жуық ЭКО жасалған, нәтижесінде 3 000 бала туылды. 2019 жылы 902 квота, 2020 жылы 1105 квота бөлінген. Келесі жылдан бастап 7 000 квота беріледі. Қазақстанда ЭКО жасайтын 26 клиника бар, оның 21-і жекеменшік. 

№4. Квота алу үшін не істеу керек?

Алдымен мекенжай бойынша профильдегі мамандарға диспансерлік есепке тұру керек. Яғни емханадағы терапевтке бару керек. Содан кейін ол қай маманға не үшін бару керегін түсіндіреді. Себебі кезекке қою үшін арнайы анализдерді тапсырып, мамандардың ЭКО жасатуға денсаулығы жарайды деген қорытындысы керек. Әрі қарай Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы ЭКО бағдарламасы арқылы квота алу үшін тізімге қосады.

ЭКО қандай жағдайда жасалады:

бір жыл ішінде емделгенімен бедеулік жойылмаса;

Жатырдың екі түтікшесі де болмаған жағдайда;

аналық без болмаған жағдайда;

түтікшенің бітелуі салдарынан түтікше, түтікше-ішперде бедеулігі;

6-12 ай бойы гормон терапиясы жасалғанымен нәтижесі болмай эндокрин бедеулігі:

осындай және басқа денсаулық жағдайына байланысты ЭКО арқылы жүкті болуға болады т.б.

№5. Тұрмыс құрмаған немесе күйеуі жоқ әйелге ЭКО үшін квота беріле ме?

Иә, денсаулығы жараса, ала алады. Себебі квотаны тек ерлі-зайыпты емес, заңды некеге тұрмаған әйелдер де ала алады.

№6. Жылына қанша рет ЭКО үшін квота алуға болады?

Мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемі аясында бір жылда тек бір рет ЭКО үшін квота беріледі. Жүктілік сәтті болмаған жағдайда қайта кезекке тұру керек.

№7. Квотаны кімге бермеуі мүмкін?

Квота жүктілікке кедергі келтіретін қандай да бір ауыр ауруы бар адамдарға берілмейді.

Сондай-ақ:

соматикалық және психикалық аурулар;

туғанынан жатыр деформациясы, ауруы болса;

жұмыртқада қатерсіз ісік болса;

жатырда қатерсіз ісік болса т.б. болған жағдайда квота берілмейді.

Біз жалпы ақпарат ұсындық. Абзалы, азамат өзі тіркелген емханаға барып, дәрігермен кеңескені жөн. Себебі әр адам - индивид және оған тек арнайы маман көмектесе алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.58   535.1   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети