ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 июня 2020 | 12:52

Аймағамбетов ҰБТ-да қандай сұрақтар алып тасталғанын айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Биыл мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда калькулятор қолдана алады және тапсырманы орындауға берілетін уақыт ұзарды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл мектеп түлектері ҰБТ тапсырғанда калькулятор қолдана алады және тапсырманы орындауға берілетін уақыт ұзарды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, енді колледж түлектері жоғары оқу орнына ақылы түрде ұқсас мамандыққа түсу үшін, ҰБТ тапсырмайды.

"2019 жылдан бастап ҰБТ-ны бірнеше рет өткізу қаралды. Техникалық-кәсіптік білімі бар колледж түлектері университетке ұқсас мамандықтарға ақылы түрде тапсыратын кезде ҰБТ-дан босатылды. 2020 жылда халықаралық стандарттардағы  SAT, AСT, ІB тестілердің нәтижесін ҰБТ балына ауыстыру шкаласын енгіземіз және одан әрі олар мемлекеттік гранттарға үміткер бола алады", - деді ол.

ҰБТ сертификаты және грант тағайындау куәлігі электрон беріледі

Сондай-ақ министрдің айтуынша, университетке құжаттар электрон тапсырылады. Бұл таңертеңнен бастап кезекке тұру мен қағазбастылықты жоюға көмектеседі.

"Биылдан бастап ҰБТ сертификаты және грант берілгені туралы куәліктің электрон нұсқасы болады. Сондай-ақ, осы жылдан бастап  мектеп түлектері университетке түсу үшін құжатын онлайн және Egov электрон үкімет порталы арқылы тапсырады. Бұрын талапкерлер таңертеңнен бастап, папка, көшірмелерді ұстап, кезекте тұратын. Енді олай болмайды", - деді Аймағамбетов.

ҰБТ-да калькулятор, уақыттың ұзаруы және қатаң бақылау

"Биыл тестілеудің (ҰБТ) уақыты ұзартылды және калькулятор қолдануға рұқсат етіледі. Бірақ калькуляторды кіргізуге болмайды. Ұлттық тестілеу орталығы қарапайым калькуляторларды ҰБТ тапсыратын пунктерге әкеліп қояды. Сол жерде пайдалануға болады. Сондай-ақ биыл түлектер қорытынды аттестаттаудан босаттық және ҰБТ қатаң түрде санитарлық нормаларға сәйкес өтеді.

Тыйым салынған заттарды кіргізген жағдайда қатаң шара қолданылады. Сондай-ақ тестілеудің бейнежазбасы қаралады. Егер жазбада ережебұзушылық анықталса да, қатаң шара қабылданады.

Бұл өте маңызды деп есептеймін. Бір жағынан біз калькулятор береміз, уақытын ұзарттық, тегін сынама тест жүргізіп, жауаптарын бердік, жеңілдеттік. Екінші жағынан, бізге академиялық адалдыққа баса назар аудару керек", - деді министр.

Елімізде Абай атындағы мектептер желісі ашылады

ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді

"ҰБТ бойынша электрон тестілеуге көшу мәселесі тұр. Ең маңызды мәселе - тест сұрақтарының мазмұнын өзгерту. Сұрақтар ақпаратты еске сақтау немесе қандай да бір фактіні, оқиғаны білу емес, сауаттылығын өлшеу, білімін пайдалана білу, сыни ойлай білу және талдауға байланысты болу керек. Қазір ҰБТ-ны өткізу бойынша базаны қайта қаралып жатыр. Сұрақтар тек функционалды сауаттылығына қатысты болу керек деген тапсырма тұр", - деді білім министрі.

Педагогикалық мамандыққа түсу - 70 балл, стипендия 42500 теңге

"Бүгінде педагогикалық мамандықтардың әлеуетін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап, Президенттің тапсырмасына сәйкес, стипендиясын 42500 теңгеге дейін көтеру және педагогикалық мамандықтарға түсудің шекті балын 70-ке дейін ұлғайту көзделіп отыр", - деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен биыл ҰБТ-да не өзгереді:

ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.

ҰБТ 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл - 140.

Жаңашылдықтар:
- Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;
- Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
- SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;
- Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;
- Болашақ педагогтер үшін шектік балл - 70;
- ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;
- ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;
-Тестілеу уақыты - 4 сағат.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer