ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
11 января 2022 | 16:00

Дельтакрон жаңа штамм ба? Ғалымдардың жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Коронавирустың жаңа штамы пайда болды. Оған "дельтакрон" деген атау берілді. Алайда оны "жаңа штамм" деп айтуға әлі ерте сияқты. Себебі вирустың жаңа нұсқасына қатысты мамандардың ойы екіге бөлініп отыр. Бірі бұл вирустың жаңа штамы десе, енді бірі бөлек штамм деп қарастыруға болмайтынын айтады. Дельтакрон туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың жаңа штамы пайда болды. Оған "дельтакрон" деген атау берілді. Алайда оны "жаңа штамм" деп айтуға әлі ерте сияқты. Себебі вирустың жаңа нұсқасына қатысты мамандардың ойы екіге бөлініп отыр. Бірі бұл вирустың жаңа штамы десе, енді бірі бөлек штамм деп қарастыруға болмайтынын айтады. Дельтакрон туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Дельтакрон қайдан пайда болды? 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове дельтакрон штамы секвенирлеу кезінде сынаманың ластануы нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін және екі нұсқаның қосындысы емес екенін айтты. Ол дельтакрон штамы дельта және омикрон нұсқаларына қатысы жоғын айтады.

"Бұл сөздер вирус/нұсқа тіркесімін білдіреді, бірақ бұл дельта және омикрон штамдарының қосындысы емес. Дельтакрон - секвенирлеу кезінде сынаманың ластануы нәтижесінде пайда болуы мүмкін", - дейді ван Керкховен.
 

Дельтакрон Кипрде анықталған болатын. Сол кезде БАҚ-та дельтакрон "дельта" мен "омикрон" гибриді деген ақпарат тараған. Себебі мұндай мәлімдемені Кипрдегі зертхана басшысы Леонтиос Кострикис жасаған болатын. ДДСҰ басшысының "гибрид" деген сөзге түсінік беруі де содан. 

Lenta.ru мәліметінше, инфекцияның жаңа түрін Кипр университетінің Биотехнология және молекулярлық вирусология зертханасының мамандары анықтаған және оған "дельтакрон" деген атау берген. Зертхана басшысы Леонтиос Кострикис дельтакрон штамында коронавирустың дельта нұсқасының генетикалық негізіне ұқсас келеді және ондағы кейбір мутациялар омикрон-штамға ұқсайтынын айтады.  

"Біз бұған дейін омикрон штамын жұқтырған кезде ғана анықталған мутацияларды байқадық", - деді маман. 

Леонтиос Кострикистің айтуынша, омикронда 30 мутация бар, оның 10-ы Кипрде табылған нұсқамен сәйкес келген. Мамандар Кипрдегі зертханада 25 үлгідегі дельтакрон штамын анықтаған, оның 11-і ауруханаға коронавирус жұқтырып түскен адамдардан, қалғаны жергілікті тұрғындардан табылған. 

Мамандар не дейді? 

Ресейдің бұрынғы бас санитария дәрігері, эпидемиолог дәрігер Геннадий Онищенко Life.ru басылымына берген сұхбатында вирустардың түрлері өзара байланыса алмайтынын айтқан. 

"Олар өзара емес, "адамдармен күрестен кейін" пайда болды", - дейді дәрігер. 

Яғни Онищенконың сөзінше, "омикрон" мутациясының қалдықтары тасымалдаушыда сақталып қалғандықтан дельтакрон гибрид деген сөз шыққан болуы мүмкін. Ал дельтакрон қаншалық қауіпті екенін ДДСҰ мамандары зерттегеннен кейін ғана айтуға болады, дейді маман.     

Ал Роспотребнадзор Орталық ғылыми зерттеу институты эпидемиологиясының жүйелендіру технологиялары негізінде диагностиканың жаңа әдістерін әзірлеудің ғылыми тобының жетекшісі Камиль Хафизов дельтакронды бөлек штамм деп есептеуге әлі ерте екенін айтады. Бұл туралы ол РИА Новостиге берген сұхбатында айтты. Хафизовтың ойы Мария ван Керкховемен бір жерден шыққан. Яғни ресейлік маманның сөзінше, дельтакрон зертханадағы үлгілердің ластануынан пайда болуы мүмкін. 

"GISAID халықаралық базасына 2022 жылдың 7 қаңтарында расында коронавирустың "жаңа" түрінің 25 түрі келгені рас. Жаңа сөзін тырнақша ішіне алу себебім зерттеу барысында олар зертханалық бірігу барысында, яғни бір үлгі мен екінші үлгінің ластану салдарынан пайда болған", - деп түсіндірді маман журналистерге.  

Хафизовтың сөзінше, егер зертханада жұмыс тәртібі сақталмаса вирус нұсқаларының қоспасы пайда болады. Одан кейін зерттеуді тәжірибесі аз мамандар жасаса геном нәтижесінде екі түрлі штамның белгілері байқалады.

Ресейдегі Орал федерал университетінің ғылыми қызметкері Михаил Болковтың айтуынша, вирустың жаңа түрі аса қауіпті емес. Маман дельтакронды жұқтырғандар ауруды қалай өткеретінін айтып берген.  

"Кипр университетінің профессоры штамның анықталуы қате емес екенін, себебі бұл нұсқаның басқа түрлерден өзіндік ерекшелігі барын айтты. Бұл штамды жұқтырған науқастар ауруханаға көптеп жатқызылып жатыр. Олар ауруды ауыр көтереді, себебі дельтакрон деген - ішіне омикрон орнатылған дельта штамы. Штамм коинфекциямен түскен науқастардан анықталған. Яғни науқастарда дельта да, омикрон да анықталған", - деді ғалым "Известия" басылымына берген сұхбатында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer