Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 марта 2018 13:14

Стивен Хокинг. Ғарышқа қадам басқан ғалым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стивен Хокинг © REUTERS Стивен Хокинг © REUTERS

Заманымыздың ең атақты ағылшын физик-теоретигі Стивен Уилиам Хокинг 77 жасында қайтыс болды. Ғалым әлемнің ең басты жұмбақтарын шешуде көптеген жаңалық ашқан. Tengrinews.kz тілшісі атақты ғалымның өмірі мен ашқан жаңалықтарына тоқталуды жөн көрді.


Заманымыздың ең атақты ағылшын физик-теоретигі Стивен Уилиам Хокинг 77 жасында қайтыс болды. Ғалым әлемнің ең басты жұмбақтарын шешуде көптеген жаңалық ашқан. Tengrinews.kz тілшісі атақты ғалымның өмірі мен ашқан жаңалықтарына тоқталуды жөн көрді.

1942 жылы Ұлыбританияның Оксфорд қаласында дүниеге келген. 1962 жылы ол Оксфорд университетінен математика мен физика бойынша бакалавр дәрежесін алып шықты, ал төрт жылдан кейін Кембридж университетінің Тринити-холл колледжінде философия докторы дәрежесін алды. 


Стивен Хокинг. © hawking.org.uk

1988 жылы оның физик-теоретик Роджер Пенроузермен бірге жасаған зерттеуі Вольф Қоры сыйлығын алған. Профессор Хокингтің Лондон корольдігі қоғамының, Папа ғылымдар академиясының және АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі деген атақтары бар. Ал 1988 жылы шығарған "Уақыттың қысқа тарихы: Үлкен Жарылыстан қара жыраға дейін" (A Brief History of Time: From the Big Bang to Black Holes) атты зерттеу еңбегі әлемдік бестселлерге айналған.

Меңдеген дерт

1963 жылы Хокингке бүйір амиотроф склерозы деген диагноз қойылады. Бұл емделмейтін жүйке-бұлшықет ауруы. Дәрігерлер сол кездің өзінде-ақ ғалымға екі жыл ғана өмір сүре алатынын айтқан. Алайда меңдеген дертіне қарамастан, ол жұмысын жалғастыра береді. Бұл кезде Хокинг Кембридж университетінің Гонвилль және Киз колледждерінде ғылыми зерттеулерін жүргізіп жатқан. 60-жылдардың осңында Хокинг мүгедектер арбасына таңылады.


© hawking.org.uk

Ауруы асқына түсіп, ол тек беттегі мимикалық бұлшықеттерін қозғалта алатын болған. Бетіне жақын орналастырылған құрылғы арқылы ғалым компьютер қолдана алады, кітап жазады, хаттарға жауап беріп, "Ақылды үй" жүйесін басқара алған. Денесі түгелдей сал болып қалғанның өзінде Хокинг ғылыммен белсенді айналысып, баяндамалар жасап, әлеммен дауысты тануға мүмкіндік беретін компьютерлік синтезатор арқылы байланысқа түседі.

Ең басты ғылыми жаңалығы

Хокингтің ғалымдар жоғары бағалайтын жаңалықтарының бірі квант ғарыштанудағы сүбелі үлесі. Ол осы еңбегінде Жаратылыстың Үлкен жарылыстан пайда болғанын және осы жарылыстан туындаған космологиялық сингулярдың шығу проблемасымен айналысқан. Оның тағы бір үлкен жетістігі қара жыра түсінігін барынша аша түскендігінде. Нақтырақ айтсақ, ол шағын қара жыралардың энергиясы сарқылып, жоққа айналатынын ашқан. Бұл құбылыс "Хокингтің сәулеленуі" деп аталып кеткен.


Ғалым 2007 жылы салмақсыздықта ұшып көрген. © insidehook.com

Ғалымның ғылымға қосқан үлесі зор, сондықтан 2015 жылы оның атындағы медаль тағайындалып, бұл жүлде жыл сайын беріліп отырады. Хокингтің жетістіктері ішінде сүбелісі деп мыналарды атауға болады: Ғалым IT-миллиардер Юрий Мильнердің өзге әлемдегі тіршілік көзін іздеу бойынша Breakthrough Listen жобасын қолдады. Осыдан кейін олар нанороботты Альфа Центавра жұлдыз жүйесіне жіберуге бағытталған Breakthrough Starshot жобасы қолға алынғанын жариялады. "Ол Марсқа бір сағатта жетеді. Плутонға дейін бірнеше күнде, ал Альфа Центавраға 20 жылда ұшып бармақ", - деген еді ғалым. 

Ақырзаманға болжам

Стивен Хокинг ақыр заман алдағы мыңжылдықта нақты болады деп болжаған. Атақты физик Жер бетіндегі тіршілік ядролық соғыс, жасанды сана немесе генетикалық құрылымды вирус есебінен жойылып кететіндігіне сенімді. Хокинг әдетінше адамдарды ғаламшардан қашуға шақырып, ғарышпен қашықтап ұшу үшін озық технологиялар жасау керектігін айтқан. 

Сонымен қатар, зерттеуші соңғы 50 жылда ғылымның алға жылжып, ал адамзат Ғаламды түсінуге жақындағанын мәлімдеген. Хокинг бірқатар теорияның пайда болғанына қуанышын білдіріп, соңында ғалымдардың жақын арада "Үлкен жарылыстың қандай болғанын көре алу үшін" гравитациялық толқындарды қолдана алатындығына сенім білдірген.


© hawking.org.uk

Ал кейін Бейжіңде өткен Tencent WE саммитіне қатысушылармен видеобайланыс кезінде ғалым 2600 жылы адамзат жойылып, Жер беті қуат энергиясын тоқтаусыз пайдаланудан от басқан ғаламға айналатынын мәлімдеген болатын. "Біздің өркениетке адам санының шамадан тыс артуы қауіп төнідіріп отыр. Адамдар батыл түрде алға жылжып, жаңа ғаламшарларды игеру керек", - дейді Хокинг. 

Энергияның сарқылмас қоры қайда?

2016 жылы Хокинг адамзат үшін болашақта микроскопиялық қара жыра энергияның таусылмас көзіне айналатынын мәлімдеген. Ғалым гравитациялық нысанды пайдалану кезінде адамзаттың проблемаларға тап болуы мүмкін екенін де ескерткен. "Күн массасының қара жырасы Хокинг сәулелерін шығаруы мүмкін. Бірақ оны азайтса, қара ойық қуаты шамамен он миллион мегаватт болатын рентген және гамма сәулелерін бөледі. Бұл Жердегі электр құрылғыларын қуаттауға толықтай жеткілікті", - деген еді физик.

Ғалымның айтуынша, ұсақ қара жыралар ғаламшарымызға қауіп төндіруі мүмкін. Хокинг сондықтан да көлемді жыраларды Жерден алыс, мысалы Жер төңірегіндегі орбитада ұстау керек деп есептейді. Физик мұндай тесіктерді қолдан жасау болашақта мүмкін болатынын жеткізді.


2014 жылы "Стивен Хокингтің ғаламы" фильмі Оскар жүлдесін жеңіп алды. © Фильм кадры

Ғалымның қателігі

Хокинг 1997 жылы таныс ғалымымен қара жыраға қатысты теориясын дәлелдемек болып, соңында бәстесіп тынады. Алайда ол 2004 жылы өз қателігін мойындайды. Ғалым қара жыраның қара емес екенін мәлімдеген, осылайша, айтуынша, қара жыра энергия шығарады. Алайда бұл квант механикасына қарсы келіп, оны Хокинг "ақпараттық парадокс" деп атаған. Бірақ америкалық физик-теоретик Джон Прескилл бұл тұжырыммен келіспей, мәліметтің қара жыраға барып, жоғалатынын тұжырымдаған. Осылайша, ол Хокингтің парадоксын жоққа шығарған. 2004 жылы өз қателігін мойындаған конференцияда Хокинг қара жырада бірнеше "ауытқу" болатынын, сондықтан оның ұшты-күйлі жоғалмайтынын мәлімдеген.

Адамзат аман қалатын мүмкіндік

Хокинг зерттеулерінің бірінде адамзат басқа ғаламшарға көшсе ғана аман қалатынын мәлімдеген. Бұл мәлімдемесін ғалым Норвегияда өтетін Starmus ғылым және өнер фестивалінің дайындығына арналған баспасөз мәслихатында жасады. "Бізге өмір сүру үшін балама ғаламшар іздеуге көшуіміз керектігін сеніммен айта аламын", - деп мәлімдеген ғалым. Сол мәслихатта Хокинг әріптестерін адамзатты галактиканың басқа жеріне көшіп баруға кедергі болып отырған техникалық шектеулерді жоюмен белсенді түрде айналыса бастауға шақырған болатын.

Атақты ғалым қазақстандық балақай

Ұлы ғалымның Қазақстанға қандай қатысы бар дерсіз? Бар екен. Өткен жылдың қазан айында Таразда тұратын 15 жастағы данышпан бала Исаак Мустопуло атақты ұлыбританиялық физик-теоретик Стивен Хокингпен кездескен болатын. 

Исаак Британ кеңесі және технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі (NATD) ұйымдастырған STEM Ұлттық инновациялар конкурсында "Теория гармонии" атты видеоролик үшін арнайы жүлдеге ие болған. Өз видеосында ол ғарыш аппараттары үшін электр қуатын өндіру жолын сипаттап берген болатын. Исаак әспеттеп жүрген профессор Стивен Хокингпен кездескісі келетінін айтқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети