ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 июля 2021 | 14:43

Вакцинаның үшінші дозасын салдыру не үшін қажет? Басты мәлімдемелер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Жаз мезгілі басталғалы вакцинаның үшінші дозасын салдыру жайлы мәлімдемелер айтылып жүр. Егер екпенің үшінші дозасын салу қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденсе, мамандар бұл мәселені қарастыруы мүмкін. Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу туралы күні бүгінге дейін не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жаз мезгілі басталғалы вакцинаның үшінші дозасын салдыру жайлы мәлімдемелер айтылып жүр. Егер екпенің үшінші дозасын салу қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденсе, мамандар бұл мәселені қарастыруы мүмкін. Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу туралы күні бүгінге дейін не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Үшінші компонентті салудың пайдасы неде?

Вакцинаның үшінші дозасын салу туралы мәселені Pfizer және BioNTech компаниялары көтерген. Алдағы күндері компания өкілдері АҚШ пен Еуроодаққа вакцинаның тағы бір дозасы туралы мәлімет ұсынатыны хабарланған.

Ал жақында Pfizer-дің үшінші дозасын салу тамыздан басталуы мүмкін екені белгілі болды. Яғни компания өкілдері үшінші компонентті тамыздан бастап салуға рұқсат алады. Тағы бір компонент адам ағзасындағы антидене санын көбейту үшін қажет. Вакцина өндірушілері антидене сана бес есе көбейетінін айтып отыр. Оған дәлел - 18-55 жастағы адамдардың сынаққа қатысуы. Тәжірибеге қатысып, үшінші дозаны салдырған адамдардың ағзасындағы антидене саны бес есе көбейген.

Екпені жасап шыққан мамандар үшінші дозаны 6-8 айдың көлемінде салу керегін айтады. Бүгінде мамандар препараттың жаңартылған түрімен жұмыс істеп жатыр.


Фото © REUTERS

Euronews мәліметінше, АҚШ тарапы, яғни Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы және тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы коммюнике жариялаған. Ол жерде COVID-19-ға қарсы вакцинаны толық салдырған адамдарға үшінші дозаны салдырудың қажеті жоғы, олар аурудың асқынуы мен өлім жағдайларынан онсыз да қорғалғаны жазылған. Бірақ басқарма өкілдері егер бустерлі доза (алдыңғы екі вакцинаның күшін нығайта түсу үшін қажет - еск.) қажет болса және оның қажеттілігі ғылыми түрде дәлелденсе, үшінші компонентті салу мәселесін қарастыратындарын атап өтті.

Вакцинаның бустерлік түріне де сынақ жасалып үлгерген. Тәжірибені мамырда Moderna компаниясы жүргізген. Сынақ қорытындысы бойынша қатысушыларда иммундық жауап жақсы қалыптасқан. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды. Тәжірибеге қатысушылар бустерлік компонентті коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасынан кейін 6-8 ай аралығында салдырған.

Мамандардың сөзінше, вакцинаның тағы бір компонентін салғаннан кейін антидене көбейіп, иммундық жауап қалыптасқаннан бөлек, Pfizer және BioNTech-тің үшінші дозасы коронавирус штамдарынан қорғауы мүмкін. Бұл туралы компаниялардың есебінде жазылған. Бірақ бұл мәлімет рецензияланбаған және ғылыми басылымдарда әлі жарияланбаған, сондықтан әзірге бұл тек өндірушілердің өзі жасаған мәлімдеме.

Вакцинаның үшінші дозасы кімдерге қажет?

Газета.Ru мәліметінше, вакцинаның үшінші иммунитеті төмен адамдарға, оның ішінде, қандай да бір ағзасын ауыстырғаннан кейін (трансплантация-еск.) иммуносупрессорларды қабылдайтындарға қажет. Бұл америкалық ғалымдардың мәлімдемесі.

Джонс Хопкинс атындағы университет мамандары жүргізген тәжірибеге 20 наурыз бен 10 мамыр аралығында Johnson & Johnson, Moderna немесе Pfizer/BioNTech вакциналарының екі дозасын салдырған 30 адам қатысқан. Қатысушылардың орташа жасы - 57. Олардың бәрі иммуносупрессорларды қабылдаған.

"Зерттеу нәтижесі бойынша, антидене аз және жеткілікті болған қатысушылардың иммундық жауабы күшейді", - деді дәрігер және зерттеу авторы Дорри Сегев.

Қатысушылар вакцинаның үшінші дозасын алғаннан кейін бір аптадан соң анкета толтырып, кері әсері туралы айтқан. Реакция жеңіл болған, бірі қолы ауырсынғанын айтса, енді бірі басы ауырғанын айтқан. Алайда ешкімнің дене қызуы көтеріліп, аллергиялық реакция болмаған.  

Айта кетейік, бүгінде вакцинаның үшінші дозасын салдыра бастаған ел де бар. Ол - Израиль. Елде 60 жастан асқандарға Pfizer-дің үшінші дозасы салынып жатыр. Сонымен қатар, Израильдің премьер-министрі Нафтали Беннетт елде кейінгі бес айда вакцинаның екі компонентін алғандар 1 тамыздан бастап үшінші дозаны салдыра алатынын мәлімдеді.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer