Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 августа 2021 17:04

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу қарастырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дәрігер маман қазақстандықтарға коронавирустың үшінші компонентін салдыруға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Дәрігер маман қазақстандықтарға коронавирустың үшінші компонентін салдыруға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаеваның сөзінше, бүгінде үшінші компонентті салдыруға қатысты мәселе қарастырылып жатыр. 

"Дәрігерлер, оның ішінде, иммунолог, вирусологтардың көзқарасы бойынша, иә, расында ревакцинация - үшінші компонентті салдыру қажет болуы мүмкін. Жас категориясына қарай әртүрлі кезең керек болады. Ревакцинацияның қажет не қажет емес екені ағзадағы антидене санына қарай анықталады. Сондықтан антидене саны 1-ден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін. Бүгінде ревакцинацияға қатысты мәселе қарастырылып, талқыланып жатыр. Алдағы таңда оның жауабын аламыз", - деді Атығаева ОКҚ брифингінде. 

Вакцинаның үшінші дозасын салдыру не үшін қажет? Басты мәлімдемелер

Еске салайық, вакцинаның үшінші дозасын салу туралы мәселені Pfizer және BioNTech компаниялары көтерген болатын. Бүгінде вакцинаның үшінші дозасын салдыра бастаған ел де бар. Ол - Израиль. Елде 60 жастан асқандарға Pfizer-дің үшінші дозасы салынып жатыр. Сонымен қатар, Израильдің премьер-министрі Нафтали Беннетт елде кейінгі бес айда вакцинаның екі компонентін алғандар 1 тамыздан бастап үшінші дозаны салдыра алатынын мәлімдеді.  

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети