ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 января 2021 | 20:11

2020 жылы кешірім сұрағандар номинациясының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қызық LIVE" жаңажылдық әзіл жобасының аясында "Боп тұрады" номинациясының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қызық LIVE" жаңажылдық әзіл жобасының аясында "Боп тұрады" номинациясының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл аталымда әнші Ернар Айдардың кешірім сұраған видеосы сыйлыққа ие болды. Айта кетейік, былтыр сәуір айында Алматыдағы тойханалардың бірінде 12 адам ұсталып, олар карантин режимін бұзды деп айыпталған болатын. Сол кезде әншінің кешірім сұраған видеосы жарияланған болатын.

Сыйлықты тапсыру рәсімінде Ернар Айдар қатесі өзгелерге сабақ екенін айтты. 

"Қойдың құлағаны емес, түйенің сүрінгені көрінеді" демекші, бір шулатып алдық. Оның бәрін көріп те, естіп те жатырсыздар. Болары болды. Кімнің кім екенін де, кімнің не екенін де естіп жатырсыздар. Бәрін сабыр, уақыт жеңеді екен. Қиын сәтте де, қуанышты сәтте де маған қолдау білдірген барлық қазақстандыққа алғыс айтамын", - деді ол.

Әзіл жобада "Жыл плагиаты", "Үздік той-2020", "Жыл сөзі", "Кешьюдің аптадағы үздік құрамы", "Жыл жекпе-жегі", "Хайп-2020" аталымдары бойынша да үздіктер аталды.

"Қызық Премия" жобасы үшінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Оның авторлары әрі жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жылдың ең көп талқыланған тұлғаларын, эстрада әншілерін, спортшыларды, танымал саясаткерлерді және әлеуметтік желілерде кездейсоқ танылған қазақстандықтарды қонаққа шақырады.

Сонымен қатар, жобаның бұл шығарылымына Қуат Хамитов, Нұрлан Қоянбаев, Мейіржан Төребаев, Ерке Есмахан, "Кешью" тобы, Айқын, Айдана Меденова, Жахан Отарғалиев, Жания Джуринская, Нұрболат Абдуллиндер қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 492.1   529.37   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети