Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 июня 2019 15:14

Димаштың жұртты тәнті еткен костюмдері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнеріне бүкіл әлем тәнті қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығынан бөлек, өзіндік стилімен ерекшеленеді деуге болады. Қазақстандық әнші карьерасында стилін бірнеше рет өзгертіп, тіпті Қытайдың кейбір басылымдары мен жарнама агенттіктерінің мұқабасына түсті. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздың имиджіне шолу жасады.


Өнеріне бүкіл әлем тәнті қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығынан бөлек, өзіндік стилімен ерекшеленеді деуге болады. Қазақстандық әнші карьерасында стилін бірнеше рет өзгертіп, тіпті Қытайдың кейбір басылымдары мен жарнама агенттіктерінің мұқабасына түсті. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздың имиджіне шолу жасады.

Димаш Құдайберген таяуда Минскідегі "Динамо" стадионында өткен II Еуропа ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсеткен болатын. Ол онда Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен итальян тілінде жаңа композицияны орындады. 21 маусымда өткен шоуды 22 мыңнан аса адамды тамашалады, сондай-ақ 196 елде көрсетті. Отандық жұлдыздың іс-шараға киіп келген костюмі келген көрермендердің есінде қалған болуы тиіс.

Cондай-ақ, биыл ақпанда Димаш Құдайберген АҚШ-тағы The World's Best шоуында өнер көрсеткен еді. Ол бұл байқауға қара қызғылт түсті костюм киді.

Қазақстандық әншінің танымал болуына елеулі үлес қосқан Қытайдағы I'm A Singer байқауының әрбір кезеңіндегі костюмдерді ерекше атап өту керек десек артық болмайды. Себебі әнші онда түрлі ою-өрнектермен, тастармен безендірілген, сондай-ақ, жылтыр детальдары бар естен кетпес костюмдермен өнер көрсетті. Әншінің имиджін өзгертуге қытайлық дизайнерлер де біраз әсерін тигізген болар.

Мысалы, 2017 жылы өткен байқаудың 1-кезеңінде әнші француз тіліндегі S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Айта кетейік, сарапшылар отандық жұлдыз ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған болатын.

Ал байқаудың 2-кезеңінде Димаш Құдайберген жеңімпаз атанған еді. Қазақстандық әнші ол кезеңде Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған болатын.


3-кезеңде киген костюмі

Ал байқаудың 4-кезеңінде Димаш Гонконг әншісі әрі актері Джеки Чанның "Осенняя печаль" әнін орындаған еді. Қазақстандық әнші бұл жолы қалпақ киіп шыққан еді.

Дизайнерлердің сөзіне сенсек, Димаш сол кезде сахнаға танымал брендтердің киімімен шыққан.

Байқаудың 5-кезеңінде Димаш өзгеше стиль таңдаған болатын. Ол онда Бруно Марс пен Марк Ронсонның Uptown Funk атты әнін орындаған еді.

7-кезеңде Димаш Құдайберген бастапқыда "Адай" күйін тартып, кейін қазақ әні "Дайдидауды" ҚазҰӨУ ұлттық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен шырқады. 

Қазақстандық әнші бұл кезеңде нағыз қазақи нақыштағы костюмді таңдады.

Қазақстандық орындаушы 2017 жылы Қытайда Asian Music GaLa жүлдесін жеңіп алған кезде сахнаға киіп шыққан костюмі де ерекше болған еді. 

Айта кетейік, Димаш Қытайда өткен байқауға қатыспай тұрып, мүлде басқа стильде киінетін. 

Мысалы, 2015 жылы өткен "Славян базарында" Димаштың шаш үлгісі өзгеше болды. Әнші ол байқауда Adagio композициясын орындаған болатын. 

"Биыл "Славян базары" байқауында екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде өнер көрсеттім. Осы мүмкіндікті маған сыйлап, шексіз ілтипаттарын көрсетуден жалықпайтын фестиваль ұйымдастырушыларына шексіз алғыс айтамын! Мені алыстан қолдап келген барша жанкүйерлерге де мың алғыс! Саxнаға шыққан кезден бастап Сіздердің энергияларыңыз мені ерекше көңіл-күйге бөледі! (...)", - деп жазған әнші Instagram желісіндегі парақшасында.


"Славян базары-2015"

Басылымдардың мұқабаларына түскен Димаш

Димаш осы байқаудан кейін Қазақстанда ғана емес, Қытайда да сәнді киінетін жұлдыздардың біріне айналды. Түрлі басылымдар мен жарнама агенттіктерінің мұқабасында жарияланған Димаштың суреттері күннен-күнге көбейген болатын.

Айта кетейік, 25 жастағы әнші Men's Health, Southern Metropolis Daily, Chic Teen, Starbox сияқты аты әлемге әйгілі журналдардың мұқабасына шықты.

Әнші күнделікті өмірде не киеді?

Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желіде жариялаған суреттерін қарасақ, әншінің көбіне әдеттегі джинс, жеңіл жейде, свитшот киіп жүретінін байқауға болады.

Димаш көбіне спорт киімдерін ұнатады деуге болады.


Суреттер әншінің Instagram желісіндегі парақшасынан алынды.

Оқи отырыңыз:

"Сондай мінсіз". Әлем жұлдыздарының Димаш жайлы айтқан пікірлері

"Рух беріп, жаныңды емдейтін әнші". Димаш Құдайберген 25 жаста

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети