ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 июня 2018 | 16:10

Филипп Киркоров пен Қайрат Нұртасты тойға шақыру құны қанша?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Instagram.com/kair_n © Instagram.com/kair_n

Өнер жұлдыздарының концерттерден және тойлардан алатын гонорарлары ешкімге де құпия емес. Дағдарыс, қымбатшылық деп жатса да, шоу-бизнес өкілдеріне деген сұраныс жоғары болып қала береді. Расында да, шоу-бизнестегі жұлдыздар негізгі табыс көзі той бизнесінде екенін жасырмайды. Олар тіпті бір күнде қанша тойға барып өнер көрсететін айтып жатады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Өнер жұлдыздарының концерттерден және тойлардан алатын гонорарлары ешкімге де құпия емес. Дағдарыс, қымбатшылық деп жатса да, шоу-бизнес өкілдеріне деген сұраныс жоғары болып қала береді. Расында да, шоу-бизнестегі жұлдыздар негізгі табыс көзі той бизнесінде екенін жасырмайды. Олар тіпті бір күнде қанша тойға барып өнер көрсететін айтып жатады. 

Мысалы, отандық жұлдыз Қайрат Нұртас еліміздегі ең қымбат әншілердің тізімінде көш бастап тұр. Қазақстандық әртіс тойда өнер көрсету үшін 7 000 доллар, ал корпоратив кештерде өнер көрсету үшін 10 000 доллар сұрайды екен. Теңгемен санағанда, Қайрат Нұртас 2 345 000 - 3 335 000 теңге көлемінде ақша алады. Бұл бағаға қазақстандық әнші 6-7 ән орындап береді.

Айта кетейік, VIP тойларға жиі шақырту алатын отандық жұлдыздың қояр талаптары жоғары. Қайрат Нұртастың тек бизнес-класпен ұшып, люкс нөмірлерді қалайтыны сұхбаттарында талай айтылған. 

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да осыған дейін берген сұхбаттарының бірінде әншінің гонорары өте жоғары екенін айтқан болатын. Айтуынша, қазақстандық әртісті шақырғандар кейде 7 мың доллардың үстінен тағы қосып бергісі келіп жатады.

Ал ресейлік танымал әнші Филипп Киркоровтың гонорары 100 мың еуро шамасында екен. Ресейлік жұлдыздың қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатын мамандардың айтуынша, Филипп Киркоров 40 минут өнер көрсеткеніне 100 мың еуро алады.


© Instagram.com/kair_n

Сондай-ақ, ресейлік БАҚ-тардағы мәліметтерге сүйенсек, ресейлік әнші 2009 жылы 70 мың еуро сұраған екен.  Ал қазір бұл гонорар 30 мың еуроға көбейіп отыр. 

Осылайша, ресейлік әнші Филипп Киркоров бір айда 30 концерт өткізсе, айына 226 272 326 теңге табыс табады.

Мұнымен қоса, концерт ұйымдастырумен айналысатын мамандардың айтуынша, бірінші кезекте әншімен ресми түрде келісімшарт жасасып, гонорардың 50 пайызын төлеу қажет. Ал екінші бөлігі іс-шараға 14 күн қалғанда төленуі тиіс.

Қазақстандық боксшы, орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкинді де салтанатты іс-шараларда байқауға болады. Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы биыл қаңтар айында Шымкентте дүркіреп өткен тойға арнайы қонақ болып келген еді. Әлеуметтік желілерде қазақстандық әлем чемпионының тойда жүрген суреттері таралған еді. 

Алайда Головкиннің мұндай шараларға қонақ болып баруы қанша тұратыны және жалпы боксшының ақша үшін тойларға қонақ болатыны жайлы мәлімет жоқ. Боксшының өкілдері де бұл туралы тіс жарып айтпайды. 

Сондай-ақ, таяуда Головкин әйелі Алинамен бірге Лос-Анджелесте өткен жеке кешке арнайы қонақ ретінде барған болатын.


Геннадий Головкин әйелімен. © hauteliving.com

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer