Күні кеше премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев эстрададағы фонограмма мәселесін көтерді. Бүгінде әншілердің фонограмманы қолдануы - жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Кейбір әнші Қазақстан техника жағынан 100 пайыз жанды дауысты қолдануға әлі дайын емес десе, кез келген шарада тек тірі дауыспен өнер көрсететін әншілер жоқ емес. Өнер адамдарының фонограммаға көзқарасы, билік өкілдерінің ойы туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.
Билік өкілдері не дейді?
Былтыр қазанда Мәдениет және спорт министрлігі фонограммамен ән айтуға қатысты заң жобасын ұсынған еді. Министрлік енді әншілер жеке концерті фонограммамен өтетінін алдын ала ескертуі керегін атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігі әншілер бұл туралы афишада хабарлағаны дұрыс екенін мәлімдеген еді.
Бұл мәселені министр Ақтоты Райымқұлова да бұған дейін бірнеше рет қозғаған. Министрдің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің ізімен өзге елдегі жарыстарда жүлделі орын алып жүрген жастарымыз ән айтудың өзектілігін көрсетіп отыр.
"Фонограмманың түрі көп. Біздің министрліктің көзқарасы: өнер таза болуы керек және эстрада да жанды дауыспен айтылуы керек", - деген еді Ақтоты Райымқұлова.
Ал күні кеше премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ұлттық аспаптар үшін фонограмма қолданатындарға наразы екенін жеткізді.
"Әр әннің мағынасы болуы керек. Ал бізде қалай? Мазмұнын тыңдаңызшы. Фонограмма туралы да айттық. Соңғы кездері қобыз бен домбыраны фонограмма арқылы тартатын болды. Бұл музыка аспаптарын қорлау ғой. Қобыздың да, домбыраның да ерекше үні бар. Сол үшін де өзге халықтар бұл аспаптарды ұнатады. Оның бәрі ұрпақ тәрбиесіне де әсер етеді", - деген еді Бердібек Сапарбаев.
Арзан той әндері сахнаға шығарылмауы керек - Сәкен Майғазиев
Фонограммамен ұсталған әншілер
Бұған дейін ән айтып жатқан кезде дыбыс өшіп не дауыс жетпей қалып ұятқа қалған әншілер желіде қызу талқыға түскен. Солардың бірі былтыр 19 маусымда Шымкент қаласы күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концертте әнші Қайрат Нұртас өнер көрсеткен еді. Видео желіде тарап, қызу талқыға түскен еді.
Желі қолданушылары бұл видеодан кейін әншіні сынай бастаған. Кейбірі "дұрыс ән айтпаса да, гонорары 15 мың доллар" екенін, ал кейбірі даусының қарлығып қалғанын айтқан.
Әншінің арт директоры Мира Келімбетова Tengrinews.kz тілшісіне Қайрат Нұртастың сахнада жүрген 12 жылында вокал конкурстарына талай қатысқанын, жанды дауыста талай жеке концерт өткізгенін айтқан еді.
"Шынымды айтсам, мұндайға қатысты пікір білдіргім де келмейді. (...) Бір қаскөйлер оның атын қаралағысы келеді, бірақ оған бола көңілімізді түсірмейміз. Құдай көріп тұр. Қайрат осыған дейін жанды дауыста ән салған да, салып жүр де, салады да. Біреулер хайпты ақшаға, ал біз тегін жасаймыз", - деп пікір білдірген еді әншінің өкілі.
Қайрат Нұртастың атышулы видеосы: Дыбыс режиссері қандай қате кеткенін түсіндірді
Желі қолданушылары танымал әнші Төреғали Төреәлінің Star of Asia 2019 концертінде көрсеткен өнерін де сынап тастаған. "Төреғалидің тамағы ауырып қалыпты ғой", "Ой, дауыс қайда?" деп пікір қалдырған.
Ал әншінің айтуынша, әр кезде әртүрлі жағдай болады.
"Бір кезде көңіл-күйің болмай тұрады, бір кезде шынымен даусың шықпай қалады. Оған енді халық түсіністікпен қарайды ғой. Ондай сәттер болған кезде кімге ақталып отырасың? "Жоқ, негізі мен айта аламын" деген сияқты", - дейді әнші "Ревю" бағдарламасында.
Ал бұл әнші Ерке Есмаханның Төреғали Төреәлімен орындаған "Алло" атты әні. Видеода Ерке Есмаханның тыңдармандарына ықыласын білдіремін деп әннің жалғасып жатқанын ұмытып қалғанын аңғаруға болады.
Фонограммаға қарсы әншілер
Өнер адамдары осыған дейін фонограмма туралы түрлі пікір білдірген. Әнші Толқын Забирова "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында вокалмен айналысу көп еңбекті талап ететінін айтқан.
"Барлығын кәсіби вокалистер үйретеді. Егер де оған барып, үйренемін десеңіздер әрине есік әрқашан да ашық, үйренетін жерлер бар. Бірақ көбісі оны инемен құдық қазғандай еңбек екенін біле тұра, жалқауланып, бүгінгі қазақ эстрадасы сондай сауатсыз әншілер көбейіп кетті", - деген еді әнші.
Ал әнші Айқын Төлепбергеннің айтуынша, ол тек жанды дауыста ән салады. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген.
"Мұрын бітеліп, тамақ ісіп, қызу көтеріліп астанаға ұштық. "Фонограмма қоя сал" дейтіндерге айтарым: менің концертімде болған адамдар біледі, дауысым шықпай тұрса да әрқашан өз ісімді адал және айқын атқарғанмын. Тек жанды дауыс", - дейді әнші.
© instagram.com/aikyn
Роза Рымбаева да фонограммамен ән айтуға қарсы жұлдыздардың қатарында. Әнші кей өнерпаздардың жанды дауысқа келгенде түрлі сылтау айтатынын түсінбейтінін жеткізген.
"Неге маған барлығы кедергі болмайды? Мен ауылда да, стадионда да, қалада да, далада да жанды дауыспен ән айтамын. Білмеймін, неге екені, бірақ маған ештеңе кедергі болмайды", - дейді әнші НТК арнасына берген сұхбатында.
Бірде "Собеседник" басылымына берген сұхбатында әнші концерт кезінде болған келеңсіз жайт туралы айтып берген. Айтуынша, денсаулығы сыр беріп, мұрны бітеліп қалған ол сырқаттанып тұрғанына қарамастан, фонограммамен ән айтудан бас тартқан екен.
"Сахнадан шеттету керек"
Әнші Ғалымжан Молданазар жанды дауыста ән айтқысы келмейтін әншілерді сахнадан шеттету керек деген пікірде екен. Бұл туралы ол "Ревюде" айтқан.
"Менің жалпы түсінігім бойынша, егер сен әнші болсаң әнді тірідей орындауың керек. Егер тірідей орындамасаң сахнаға шығып керегі жоқ", - дейді әнші.
Ғалымжан Молданазар © instagram.com/moldanazar
Айта кетейік, фонограммамен ән айтуға тыйым салынған елдер де жоқ емес. Мәселен, АҚШ-та фонограмманы заңсыз қолдану, концерттік іс-шараларды рұқсатсыз өткізу алаяқтық болып есептеледі және заңмен қудаланады. Қытайда фонограмманы қолданған әншіге айыппұл салынса, Түрікменстанда фонограммамен ән айтуға 2005 жылдың тамызынан бері шектеу қойылған.
Ал өзбек елінде 2015 жылдың шілде айының аяғынан бері фонограмманы қолдануға тыйым салынған. Ұлыбритания, Малайзия, Индонезия мемлекеттерінде әншінің деңгейі лицензиялау арқылы шешіледі.
Для удобства наших пользователей настроили автоматическое определение местоположения авторов комментариев
Я ирженер и получаю доход от своей работы, а певцы должны получать доход своим певческим голосом, а не под фонограмму. Это мошеничество же в прямом смысле слова. Выйти просто походить, и получать за это миллионы тенге, это что конкурс красоты что ли или что? Мы зрители ходим чтобы послушать музыку и пение вживую, а не под фонограмму. Мажилисмены, запретите ЗАКОННО петь под фанеру.
Уральский парень, а приглашающая сторона это не видит ? или это как присутствие генерала на событии ?!
куда вам до Димаша
Мошенничество.
Асан, за исполнение под фонограмму надо платить ксерокопиями денег.
Жұртты алдап жүргендерді өнер адамдары деймізбе сонда? Алаяқ дегендер қандай болады?
Эти звёздочки живут за счёт той, юбилеев и все. Не то что Родину представлять куда то, даже в день города стыдно. Кроме настоящих исполнителей таких каких Димаш Кудайбергена
фанерщики,99% под фанеру,научились у чинуш врать,пока не поймают.различие-певцов не ловят,пока не ловят
Да уж,позорники.Понты-на миллион,а спеть без фанеры слабо? Нуртас,Торегали, Айдана Меденова,кто еще?Голоса та нет.А под фанеру соловьями заливаются.
Катрин, как старушка Алла в последнее время,стыдно за вас,хотя бы попадали в мелодию....
Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан сияқты әншілерсымақтар сахнадан кетсін, олар ешқашан жанды дауыста айтқан емес, айтпайды да, соған қарамастан жоғарыда аталған әншілердің гонорары жанды дауыста ән шырқайтын Роза, Мақпал, Нағима апайлардың гонорарынан әлдеқайда көп. Жалғыз осы аталған әншілер ғана емес, жалпы қазақ сахнасында жанды дауыспен айта алмайтын әншісымақтар жетерлік, олардың әркеттері көзбояушылыққа жатады, қарапайым халық солардың концерттеріне қыруар ақша жұмсайды, бұл не мазақ... Фонограммаға заңмен тыйым салынуы қажет, осыны талап етемін.
Наш не грамотность это. Уят министерство культуры курту кереккой сахнадан бундай аферистерди Министерство димин ау оларда акша алып кекирип бари риза Халык болып сахнага шыгармау керек бул алаяктарды жумыртка ляктырып Акымак етип журда елди
Сосында Казакстаннан шыга алмайт мыктылар алемди мойындатып конкурстарга катысат Димаш Жанар т.б Тойский андер жазып тойда акша жинап, клыннан келсе деп жур. Жалпы бул биздин не грамотность болу керек Осындайларга маз болып 2-3олен айтса акша шашып
Вот эти так называемые певцы кое как записывают свои так называемые песни и крутят фонограмму везде. А обыватель ауылбайский не поймет что это пустая фанера. Всех этих так называемых звезд надо лишить аудиторию бойкотировав концерты. Вот тогда они будут работать простыми рабочими ведь кушать то надо. На другое они неспособны. Живой природный голос это только Димаш.
Уятсыздар
адал акша емес ко жазасын беред Алла
фонограмамен айтқандарды алаяқ деп танукерек , заңмен қудалау керек
А еще, оказывается, Димаш на последнем месте! Куда ему тягаться с фанерой!
Это называется, обман потребителя! Статья есть!
Dar, безсомненно !
Айкын дегенді сахнадан мүлдем шеттету керек, дауыста жоқ талант та жоқ.
Зайдите в любое караоке, в каждом из них обязательно найдется тот, кто вживую поет круче чем они.
Кайрат Нуртас, Торегали сахнадан кетсин мулде, ондай аншилер бизге керек емес. Бул не басынгандарын. Димаш Кудайберген сиякты жанды дауыста олен айту сендерге буйырмаган. сондыктан ойланындар отирик аншилер, алаяктар!!!
Нуртас красавчик петь не умеет...
Если на той приглашают надо условия ставить что петь вживую.Как говорится отработать по полной.
На фото стоят как раз три фонограмщики с довольным видом...
Қазақ эстрадасы "жұлдызсымақтардан" тазарады десеңші.
Позорники не умеют петь,не пойте
Әнші сымақтарға фонограмма арқылы айтса алаяқ бабымен іс қозғайтын уақыт келді. Шеттерінен мақтаныш өтірік өлеңдерімен. Ойлары баю. Студия жасап жеңіл ақша табу. Нағыз әншілер санаулы Роза Мақпал.
Ерке Есмаханның дауысы бар ғой, ал Нұртастың дауысы онша емес оны мойындау керек және репертуарының 60-70 пайызы плагиат
На этих мошенников надо в суд подать! Народ покупает билеты на концерт и слушает не живой голос фонограмму...
уятай !!!
Əне қаншама қандастарымыз қазақша сайрап кетті!!! Авторға рахмет
дұрыс. тыйм салу керек. Алаяқтық қой бұл.
Өнер деп қын кешіп жүрген әншілер жоқтың қасы. Бұлардың бәрі бір мақсатты көздейді - тек тойдан қырып ақша табу. Болды... Шындық сол.
Современная тенденция: главное у певца должен быть товарный вид. Остальное - дело техники.
Қайреке, Точно. Поет то техника...)))
Зато у них подписчиков в инстаграмме больше чем у Димаша, вчера об этом здесь писали, акцентируя последнее место по подписчикам у Димаша, к сожалению в такой стране "эстетов" живём, и редакции привет за такую демонстрацию рейтингов!
жулдыздар деп отирик жазбандар. ауызым бармайды айтуга
у первого товарища, голос как у моего соседа после получки... и у него типа еще и 4 млн подписчиков.
Казыр Дауысы бар емес, ауызы бардын бары анши
Если уважаете себя не слушайте их фонограмму! Наш народ себя особо не уважает поэтому и власть и певцы нас не будут уважать.
Айкын красава!
Самый крутой фанерщик - кайрат нуртас ,и он член партии НУРОТАН.
90% из этих певцов вообще петь не умеют, только за счет фонограммы и зарабатывают, они считают это не проблема, раз пипл хавает, то значит все ок.
Аспандағы жұлдыздар ағып кетті))))
халыкты алдап,олен айтып акшасын куреп алып жургендер коп.казыр не коп артистар,телевизоры ашсан маны жок олендер,тындагын келмейды.ылги жастар.оздерынде уят жок.
Алла сақтасын
бізде фанераға тыйым салса таза 97,7%пайыз жұлдызсымақтар ғана қалады
Уж кто кто но у Кайрата Нуртаса голос отличный, не надо наговаривать, видно же у человека горло болит осипший голос, певцы тоже люди и они тоже иногда болеют!
Ерке Есмахан жанды дауыспен да дауысы бар,біреуге маза бермей жүрген ғо,қызғаншақтар