Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 февраля 2020 16:55

Ақбота Керімбекова кімдерді әнші деп мойындамайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақбота Керімбекова © instagram.com/botakerim Ақбота Керімбекова © instagram.com/botakerim

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова эстрададағы жеңіл әндер және өнерін мойындамайтын әншілер туралы ойын айтты. Бұл туралы әнші Жылқышыбаймен "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Белгілі әнші Ақбота Керімбекова эстрададағы жеңіл әндер және өнерін мойындамайтын әншілер туралы ойын айтты. Бұл туралы әнші Жылқышыбаймен "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарлама барысында әнші өнерден кеткісі келген кездер де болғанын айта кетті. 

"Кейде қолды сілтеп өнерден де кеткім келген сәттер болды. Өйткені қазір өнерде де әркімнің командасы бар. Әркімнің әншісі, асабасы деген сияқты. Белгілі бір концерт болса өз әншісін шақырады. Кім ақша төлейді, кім ақша бере алады деген сияқты. Сондай болып кетті қазір. Өнерде ақша, дүние, киім жүрген жерде, меніңше, таза өнердің қадірі кетеді. Мен үшін бүгінгі өнердің қадірі жоқ.

Қазір шынайы өнерлі әншілеріміз тасада қалды. Тасада қалу әншінің өзіне де байланысты ғой. Осы уақытқа дейін сахнадан түспей келе жатқан Мақпал (Жүнісованы айтады - Авт.) әпкеміздің өзінен үлгі алу керек деп ойлаймын", - дейді Ақбота Керімбекова. 

Сонымен қатар, әнші бүгінгі эстрадада мойындайтын өнер адамдарын атады. 

"Үшеу емес, бар. Мен мойындайтын, өзім тыңдайтын әншілерім бар: Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова көп қой енді. Шынайы өнерін мойындайтын Мейрамбек Бесбаев бар", - дейді әнші. 

Әнші өнерін мойындамайтын да әріптестері жоқ емес екен. 

"Өнерде қазір жеңіл әнімен хит болып жүргендері бар. Олардың өнерін бағаламасам да адами қасиетін сыйлайтын әріптестерім бар. Мойындамайтын әншілерім өте көп. Оларға Асхат Тарғын, Абай Бегей, Сиви Махмудиді жатқызуға болады", - деді әнші. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.49   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети