Қазақстандық танымал жұлдыздар коронавирустың тарауына байланысты карантинде жатқан адамдарға қолдау көрсету үшін ән айтып, жаһандық ауқымға тараған челленджді қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық танымал жұлдыздар коронавирустың тарауына байланысты карантинде жатқан адамдарға қолдау көрсету үшін ән айтып, жаһандық ауқымға тараған челленджді қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үйде, көтеріңкі көңіл күйде" деген атаумен Қазақстандық әншілер Батырхан Шүкеновтің "Ғашық бола ма осылай?" әнін орындады.
Танымал жұлдыздардың арасында Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанабілов, Нұрболат Абдуллин, Арман Қоңырбаев, Айқын Төлепберген, Марсель, Ғазизхан Шекербек, Нұржан Керменбаев, Қайрат Түнтеков бар. Сонымен қатар, Зируза, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Жігер Ауыпбаев, "Орда" тобының мүшелері ән айтты. Композитор Арман Дүйсенов пен Ренат Гайсин де челленджді қолдады.
"Достар, бізді ортақ мәселеден басқа да дүниелер біріктіреді, ең маңыздысы ашық аспан мен достығымыз! Біз сіздерді сабыр сақтауға және жақындарыңызбен пайдалы уақыт өткізуге шақырамыз", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Айта кетейік, карантин кезінде шетелдік жұлдыздар да үйінен концерт беріп, әлеуметтік желілерде #TogetherAtHome хештегімен халыққа қолдау көрсетіп жатыр. Мысалы британиялық Coldplay рок тобының көшбасшысы Крис Мартин бастаманы алғаш баолып қосылдады. Кейін америкалық әнші және он "Грэмми" сыйлығын иегері Джон Ледженд, ресейлік репер Баста және басқалары.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!