"Коронавирус жоқ" деген Нұрлан Еспанов оңбай сын естіді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/espanov_n Фото: instagram.com/espanov_n

Эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов коронавирусты әлдекімдер қолдан жасады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде жарияланған видеосында айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Эстрада әншісі, композитор Нұрлан Еспанов коронавирусты әлдекімдер қолдан жасады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram желісінде жарияланған видеосында айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еспанов өзі таяуда ғана болған шетелде маска киіп жүрген бір адам көрмегенін айтты.

"Мәулен екеуміз қалаға шықтық. Қалада әдеттегідей кептеліс. Кеше мен өзім шетелде болып келдім ғой. Көрдім. Бір маска киіп жүрген адам жоқ. Ол негізі өтірік негізі. Тым олай эмоцияға беріліп, қаладан шығып, ойбай-ау қашып, азық-түліктің бәрін алудың қажеті жоқ", - дейді ол көлікте түсірген видеосында.

Сондай-ақ, әнші "ұнға коронавирус тимейді ғой" дейді.

"Азық-түлікке тимейді ғой коронавирус. Тірі нәрсеге тиетін дүние ғой. Былайша негізі коронавирус деген нәрсе жоқ. Қазір ғана Ыстамбұлдан әріптестерім хабарласты, Мысырда бейнебаян түсіріп жүрген балалар хабарласты, ол жақта да ештеңе жоқ. Уайымдамаңыздар, аман болайық, бұл күн де өтеді де кетеді", - деген ол коронавирусты "қолдан жасалған дүние" деп атады.

Алайда оның видеосын Facebook желісінде қолданушылар бөлісіп, әншіні сынап, сөзі үшін жауап беруі керегін айтып жатыр. 

"Әй, шырағым! Мына жала сөзің үшін бір жерге тоғылатыныңды білемісің? "Бұл қолдан жасалып жатқан дүние ғой" дегеніңе жауап беруге тура келер".

"Нурик анда санда шетел жаналыктарын корсей, не болып жатканын алемде".

"Тойдан қағылдық, бизнес туралап, кун көріс қиындап кетті десей Нуреке".

"Отыз самса туралы ертегіңді айтып жүре берсей. Өтірікші шашың жалбырап жүре бер"

"Дəурендері өтіп бара жатыр. Енді трендте медицина, ғылым мен білім".

"Осы сөзің үшін жауап беріп жүрме", - деп әншіден жауап алуды талап етіп жатыр Желі қолданушылары.

Ал бұған дейін қазақстандық шоу-бизнес өкілдері коронавирустың тарауына байланысты карантинде жатқан адамдарға қолдау көрсету үшін ән айтып, жаһандық ауқымға тараған челленджді қолдаған еді. 

Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 56 коронавирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 22, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 519.11  course up  602.7  course up  6.62  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 15
Актау 20
Актобе 16
Атырау 17
Б
Балхаш 18
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 14
Кокшетау 12
Костанай 20
Кызылорда 18
П
Павлодар 12
Петропавловск 21
С
Семей 22
Т
Талдыкорган 24
Тараз 26
Туркестан 16
У
Уральск 17
Усть-Каменогорск 29
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer