ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
21 апреля 2020 | 15:46

"Күніне 40 адам өледі". ТМД-да коронавирустан адам шығыны қай елде көп?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстанда дәл қазіргі уақытта 1967 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның ішінде 19 адам қайтыс болған. Бұл - вирус жұқтырғандардың 0,9 пайызы. Шамамен айтқанда, Қазақстанда коронавирус жұқтырған әр 100 адамның біреуі көз жұмған. Ал ТМД-ның басқа елдерінде вирустан адам шығыны қандай? Tengrinews.kz тілшісі есептеп көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда дәл қазіргі уақытта 1967 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Оның ішінде 19 адам қайтыс болған. Бұл - вирус жұқтырғандардың 0,9 пайызы. Шамамен айтқанда, Қазақстанда коронавирус жұқтырған әр 100 адамның біреуі көз жұмған. Ал ТМД-ның басқа елдерінде вирустан адам шығыны қандай? Tengrinews.kz тілшісі есептеп көрді.

Тәуелсіздік мемлекеттер достастығына тоғыз ел мүше. Сол тоғыз елдің ішінде тек Тәжікстанда коронавирус анықталған жоқ. Қалған елдер қазір пандемиямен күресіп жатыр.

Молдовада 70 адам қайтыс болған

Молдовадаа алғашқы науқас 28 ақпанда Италияда ауруханаға түсіп, артынша ұшақпен Молдоваға оралғаны хабарланды. Одан коронавирус 8 наурызда анықталды.

Он күннен соң елде вирустан алғашқы адам өлімі тіркелді. Ал екінші адам 27 наурызда қайтыс болды.

Сәуірден бастап Молдовада вирустан қайтыс болғандар саны күн сайын артып келеді. Молдавада коронавирус анықталғанына бір ай болғанда, яғни, 8 сәуірде жалпы 27 адам қайтыс болған. Ал 19 сәуірде Молдовада он адамның көз жұмғаны хабарланды.


© Reuters 

20 сәуірдегі жағдай бойынша, елде жалпы 2548 адам вирус жұқтырған. Оның 70-і қайтыс болған. Бұл - коронавирус жұқтырғандардың 2,75 пайызы.

Молдова - ТМД-да пайыздық көрсекіште ең көп адам шығыны болған еді. 

Арменияда - 22 адам

Арменияда коронавирус жұқтыру дерегі 1 наурызда тіркелген. 11 наурызда тағы үш адамнан вирус анықталған. Содан бері елде күн сайын вирус жұқтырғандар саны артып жатыр.

26 наурызда елде алғашқы адам өлімі тіркелді. Коронавирустан бөлек бірнеше диагнозы бар 72 жастағы ер адам қайтыс болған.


© Reuters 

Осыдан бір апта бұрын Арменияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 14-ке жеткен. Ал соңғы бір аптаның ішінде елде тағы 8 адам вирустан көз жұмды.

Армения коронавируспен күрес бойынша ақпараттық платформасындағы мәліметке сүйенсек, қазір елде 1339 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі. Оның ішінде 22 адам қайтыс болған. Бұл - коронавирус жұқтырғандардың 1,6 пайызы.

Әзербайжанда - 19 адам

Әзербайжанға коронавирус 28 ақпанда жеткен. Сол кезде елде вирус жұқтырған Ресей азаматы екені белгілі болған. Келесі күні тағы екі адамнан вирус табылған.

12 наурызда елде коронавирустан алғаш рет адам өлімі тіркелді. Ираннан келген 1969 жылғы әйелден қайтыс болған.


© Reuters 

25 наурызда COVID-19-дан екінші адам көз жұмды. Оның өліміне басқа да диагноздары себеп болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Әзірбайжанда 1436 адам коронавирус жұқтырған, оның 19-ы қайтыс болған. Бұл - вирус жұқтырғандардың 1,3 пайызы.

Қырғызстанда - 7 адам

Қырғызстанда коронавирус анықталғаны 18 наурызда хабарланған. Сол кезде елдің денсаулық сақтау министрі үш адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.

Бұл елде коронавирустан адам өлімі алғаш рет 3 сәуірде тіркелген - 61 жастағы ер адам қайтыс болды.


© Reuters 

Ал 6 сәуірде бірден үш адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қырғызстанда вирустан қайтыс болғандар саны көп емес. 20 сәуірде елде екі адам вирустан қайтыс болған, осылайша олардың саны жетіге жетті.

Соңғы мәлімет бойынша, Қызрғызстанда 568 адам коронавирус жұқтырған, оның жетеуі қайтыс болды. Бұл - COVID-19 жұқтырғандардың 1,23 пайызы.

Ресейде - 405 адам 

ТМД елдері арасында коронавирус қатты соққы жасаған - Ресей. Бұл елде вирус 31 қаңтарда анықталған, сол кезде Түмен мен Чита қалаларында вирус жұқтырғандар табылған еді. 

25 наурызда Мәскеуде 73  және 88 жастағы екі науқас қайтыс болған. Бұл - елдегі коронавирустан қайтыс болған алғашқы жағдай. Екі күннен соң Мәскеуде тағы екі адам көз жұмды.

Артынша Орынбор, Псков облысы, Красноярскіде, Башқұртстанда вирус жұқтырғандар қайтыс болды.


© Reuters 

Соңғы күндері Ресейде коронавирустан адам өлімі жиі тіркеліп жатыр. Қазіргі уақытта күніне орта есеппен 30 шақты адам дүниеден өтеді.

20 сәуірдегі жағдай бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 47 121-ге жеткен. Оның 405-і көз жұмған. Бұл - вирус жұқтырғандардың 0,8 пайызы. Пайыздық өлшеммен салыстырсақ, Ресей адам өлімі бойынша ТМД-да бестікке кірмейді. Қазақстан Ресейден сәл ғана озып тұр. 

Беларусьте - 51 адам

Беларусьте коронавирус жұқтыру дерегі 27 ақпанда тіркелген. Сол кезде Иранда оқып жатқан студенттен COVID-19 анықталған.

Елде коронавирустан адам өлімі 31 наурызда тіркелген. Витебскіде 75 жастағы актер Виктор Дашкевич вирустан қайтыс болған.  1 сәуірде Беларусь денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.

Сәуірден бастап Беларусьте коронавирустан адам өлімі көбейе түсті. 5 сәуірде елде бірден төрт адамның көз жұмғаны хабарланды. Келесі күні бес адам қайтыс болды. Сол кезде Беларусьте адам өлімі бойынша 13 жағдай тіркелген.


© Reuters 

Қазір Беларусьте күн сайын коронавирустан 3-4 адам қайтыс болып жатыр.

20 сәуірдегі жағдай бойынша, елде коронавирус жұқтырған 6264 адам тіркелген. Оның 51-і көз жұмған. Бұл - COVID-19 жұқтырғандардың 0,8 пайызы.

Өзбекстан - 5 адам

Өзбекстанда коронавирус жұқтыру дерегі 15 наурызда тіркелді. Сол кезде Өзбекстан азаматы елге Франциядан келгені хабарланған.

Бұл елде коронавирус жұқтырғандар ішінде адам өлімі аз.

Өзбек халқында 27 наурызда коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл елдегі алғашқы жағдай болатын. Келесі күні тағы бір адамның COVID-19 жұқтырып көз жұмғаны хабарланды.


© Reuters 

8 сәуірде Өзбекстанда үшінші адам коронавирустан қайтыс болды. Бірнеше күннен кейін төртінші, ал таяуда бесінші адам көз жұмды.

20 сәуірдегі жағдай бойынша, Өзбекстанда 1627 адам коронавирус жұқтырған. Оның бесеуі қайтыс болған. Бұл - вирус жұқтырғандардың 0,31 пайызы.

Елде вирус жұқтырған әр 325 адамның бірі көз жұмған. Бұл ТМД-дағы ең төменгі көрсеткіш. 

"Бір тәулікте 182 адам". ТМД-ның қай елі коронавирустан көбірек зардап шекті?

"Адыраспан, айыппұл, шектеулер". Көрші елдер коронавируспен қалай күресіп жатыр

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети