Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 апреля 2020 13:04

"Вирус анықталған 210 елдің ішінде оныншы орында". Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асты. 695 мыңнан аса адам COVID-19-дан толық жазылып шықты. Коронавирусты жұқтырған адам саны бойынша үштікте АҚШ, Испания және Италия тұр. Көршілес Ресей елі коронавирус инфекциясы анықталған 210 елдің ішінде оныншы орында. Қайтыс болғандар саны да күн сайын артып келеді. Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі коронавирусқа байланысты жағдайды баяндайды.


Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асты. 695 мыңнан аса адам COVID-19-дан толық жазылып шықты. Коронавирусты жұқтырған адам саны бойынша үштікте АҚШ, Испания және Италия тұр. Көршілес Ресей елі коронавирус инфекциясы анықталған 210 елдің ішінде оныншы орында. Қайтыс болғандар саны да күн сайын артып келеді. Tengrinews.kz тілшісі Ресейдегі коронавирусқа байланысты жағдайды баяндайды.

Елдегі қазіргі жағдай қандай?

Бүгінде Ресейде 52 763 адам COVID-19 жұтырса, оның тек 3873-і жазылып шыққан. Вирус Ресейдің барлық аймағынан анықталған. Бұған дейін коронавирус анықталмаған Алтай республикасында да 16 сәуірде тіркелген.

Ресейде алғаш вирус 31 қаңтарда бірден екі адамнан анықталған: Түмен және Чита қалаларында. Екеуі де Қытай азаматы болған. Науқастар емдеу курсынан өтіп, 11-12 ақпанда ауруханадан шыққан.

Ел бойынша, коронавирус жұқтырғандардың және қайтыс болғандардың саны бойынша Мәскеу бірінші орында тұр. 22 сәуірдегі ақпарат бойынша, Мәскеуде бір тәулікте 28 адам қайтыс болған. Ресей астанасында барлығы 26 350 адам COVID-19 жұқтырып, 204 адам қайтыс болған. Екінші орында Мәскеу облысы: вирусты жұқтырғандар саны 5241 болса, 176 адам көз жұмған. Ал үшінші орында Санкт-Петербург қаласы: 1846 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 241 адам қайтыс болған.

Жалпы Ресей бойынша ақпаратқа сүйенсек, эпидемиядан көбіне үлкен жастағы адамдар қайтыс болған. Мәселен, 25 наурызда Мәскеуде коронавирус жұқтырған 73 және 88 жастағы, 27 наурызда 70 және 56 жастағы әйелдер, 28 наурызда 57 жастағы ер адам, 6 сәуірде 61 жастағы ер адам қайтыс болған. Ал коронавирустан қайтыс болған ең жас науқас 30 жаста болған.

© REUTERS

Қандай шаралар қабылданды?

30 қаңтардан бастап Қытай азаматтарына электрон виза беру тоқтатылып, 31 қаңтарда коронавирус инфекциясының тарауына байланысты ресей-қытай шекарасы жабылған. Ал 20 ақпаннан бастап Ресей аймағына Қытай азаматтарының кіруіне тыйым салынды. Бұл шектеулер тек қытайлықтарға қатысты емес. Мәселен, 18 наурыздан бастап елге азаматтығы жоқ адамдарға кіруге шектеу қойылды. Дәл сол күні Роскомнадзор жалған ақпарат таратқан БАҚ-ты лицензиясынан айыратындарын мәлімдеген.

Мысалы, "Эхо Москвы" радиосы Роскомнадзордың талабы бойынша "Особое мнение" бағдарламасындағы үзіндіні сайттан алып тастауды талап еткен. Себебі 16 наурызда саясаттанушы Валерий Соловей өзінің мәліметтері бойынша, билік коронавирусқа байланысты шынайы ақпаратты жасырып отыр деп айтқан. Соловей Ресейде COVID-19-дан шын мәнінде 1600 адам қайтыс болғанын, ал науқастардың саны 130-180 мың деген дерек келтірген. Радионың бас редакторы Виталий Рувинскийдің айтуынша, Роскомнадзор нақты қай ақпаратқа көңілі толмағанын айтпаған. Сол күні РФ Бас прокуратурасы Валерий Соловей 100 мың рубль айыппұл қарастырылатын әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мәлімдеген.

© REUTERS

Сонымен қатар, 12-14 ақпан аралығында Сочиде экономикалық форум өтуі керек болған. Бұл шара да коронавирус инфекциясының тарау қаупіне байланысты өтпеді.

Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қарастырылған жаза

1 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзған және төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқандарға қарастырылатын жазаны белгіледі. Мәселен, карантинге бағынбағандар 7 жылға дейін, ал жалған мәлімет таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Карантин режимін бұзғандарға қарастырылған жаза түрі:

  • егер екі не одан көп адамның өліміне себеп болған жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін;
  • бір адамның өліміне себеп болған жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу немесе 1-2 миллион рубль көлемінде айыппұл;
  • бір топ адамға вирус жұқтырған жағдайда - 500 мың мен 1 миллион рубль аралығында айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқанда:

  • үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу немесе 300-700 мың рубль аралығында айыппұл;
  • өлімге себеп болған жалған ақпарат таратқанда - 5 жылға дейін қамау немесе 1,5-2 миллион рубль аралығында айыппұл салу.

Еске салайық, дүние жүзі бойынша 2 557 994-ке жетті. Жарты миллионнан аса жазылып шығып, 177 688 адам қайтыс болды. Ал Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асты. Еліміз бойынша қайтыс болғандардың саны - 19. Сонымен қатар, 489 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети