ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 октября 2020 | 15:36

Қырғызстандағы митинг: елдегі қазіргі жағдай қандай?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Reuters © Reuters

Қырғызстанда 5 қазанда басталған наразылық шарасы әлі де жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, халықтың митингіге шығуына кезекті парламенттік сайлаудың нәтижесі себеп болған еді. 5 қазан шамамен күндізгі 11-де басталған митинг тұрғындардың парламент пен президент әкімшілігі отыратын Ақ үйге басып кіріп, оны өртеуімен аяқталды. Қырғызстандағы қазіргі жағдай қандай? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда 5 қазанда басталған наразылық шарасы әлі де жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, халықтың митингіге шығуына кезекті парламенттік сайлаудың нәтижесі себеп болған еді. 5 қазан шамамен күндізгі 11-де басталған митинг тұрғындардың парламент пен президент әкімшілігі отыратын Ақ үйге басып кіріп, оны өртеуімен аяқталды. Қырғызстандағы қазіргі жағдай қандай? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Қырғызстанда депутаттар президентке қатысты импичмент процесін бастады

8 қазанда Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент процесін бастады. Бұл туралы "Ата-Мекен" оппозициялық партия депутаты Қаныбек Иманалиев РИА Новости басылымына айтқан. Оның айтуынша, депутаттардың бір бөлігі импичментті қолдап, қол қойған.

Заң бойынша президентке қарсы айыптауға шешім шығару үшін депутаттардың көп бөлігі (жалпы санының үштен бірінен кем емес) дауыс беруі керек. Сондай-ақ парламент құрған арнайы комиссияның шешімі керек. Импичментке шығарғаннан кейін үш айдан аспай тұрып, шешім қабылдануы тиіс. Егер үлгермесе, айып кейін қайтарылған болып есептеледі.

"Ақ үйдің тас-талқаны шықты". Бішкектегі жаппай тәртіпсіздік қалай өрбіді?

Жээнбековтің жоғалып кеткені рас па?

Кеше Қырғызстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген ішкі істер министрі Қашқар Жүнісәлиевтің қайда екенін білмейтінін мәлімдеді. 

"Бізге оның орналасқан жері белгісіз. Оны іздеп жатқанымыз жоқ, қазір басқа жұмыс көп. Ең бастысы - тәртіп орнату", - деп жазған РИА Новости Асановтың сөзін.

Сооранбай Жээнбеков © Reuters

Артынша Жээнбековтің ешқайда кетпегені, оның парламенттің жаңа спикері Мықтыбек Абдылдаевпен импичмент мәселесін талқылағаны белгілі болды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева хабарлады. 

"Келіссөздер барысында парламент қабырғасында талқыланып жатқан импичмент мәселесі де қозғалды. Президент қазір жағдайды құқықтық алаңға қайтару, кадрлық тағайындаулар жүргізу, конституциялық өкілеттіктер шеңберінде өз миссиясын орындау маңызды мәселе екенін атап өтті. Бұдан кейін Сооронбай Жээнбеков осы және басқа да қалған мәселелерді, соның ішінде өзіне қатысты мәселелерді талқылауға дайын", - деді Толгонай Стамалиева.

Ал бүгін Сооранбай Жээнбеков Қырғызстан халқына үндеу жасап, ел президенті қызметінен кету шарттарын айтты. 

"Биліктің атқару органдары басшыларын заңдастыру және елді заң жолына қою расталған соң мен Қырғыз Республикасы президенті қызметінен кетуге дайынмын", - деді Сооронбай Жээнбеков.

Сонымен қатар, бүгін Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды. 


Кубатбек Боронов

"Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді. Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанға дейін бұрын атқарған қызметтеріндегі міндеттерін орындауды жалғастырады", - деп атап өтті президенттің баспасөз қызметіндегілер.

24.kg хабарлауынша, бүгін Бішкекте Үкімет үйінің алдында өзін премьер-министр етіп тағайындаған Садыр Жапаровтың жақтастары жиналған. Митингіге қатысушылар саны көбейіп жатыр, Ескі алаң мен жақын маңдағы скверлерге мыңнан аса адам жиналған.  

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанның премьер-министрі лауазымына негізгі екі кандидат бар: біріншісі - Садыр Жапаров болса, екіншісі - "Республика" партиясының басшысы Өмірбек Бабанов. Екінші кандидатты бірден төрт партия ұсынған. 24.kg порталында жүргізілген сауалнама бойынша, Өмірбек Бабановтың дауыс берушілердің 31 пайызы қолдаса, Жапаровқа 49 пайыз адам дауыс берген. Қалғаны "Екеуіне де қарсымын" деп белгілеген. 

Жээнбековтің жақтастары жиналды

Қырғызстанның Ош қаласында қазіргі президент Сооранбай Жээнбековтің жақтастары жиналған. Шамамен 500-ге жуық адам келген. Митингіге келгендер "Сооранбай Жээнбеков - заңды президент", "Сооранбай Жээнбеков - біздің президент" деген плакаттар ұстап алған. 


Видео: 24.kg 

Ал экс-президент Алмазбек Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі "Форум" ғимаратының жанында жиналған. Шамамен 1000-нан аса адам келген. Алмазбек Атамбаев үндеу жасауы мүмкін. Одан бөлек, митингіге бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исақов пен Өмірбек Бабанов та келген. 

© 24.kg

Бішкектегі митинг: шетел басылымдары Қырғызстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатыр?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer