РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
24 декабря 2018 | 12:01

"90-жылдар өмірімнің ең қиын кезеңі болды" - Нигериядан шыққан алматылық Боб Усоро

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елден кету жайлы, оның оң-солын салмақтаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Тағдыр айдап, елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында "Елге жол" атты арнайы жобамызды ұсынамыз. 


Елден кету жайлы, оның оң-солын салмақтаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Тағдыр айдап, елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында "Елге жол" атты арнайы жобамызды ұсынамыз. 

Кезекті кейіпкеріміз нигериялық Боб Усоро - суретші, cәулетші, дизайнер, педагог. Осымен 32 жылдан бері Алматыда тұрады. Бүгінде бес баланың әкесі елімізде жиі көрме ұйымдастырады. Елге қашан келгені, елдегі жағдайы, арман-мұраттары жайлы әңгімелеп берсін. 

24 жасымда Қазақстанға 1986 жылы оқуға келдім. Сол кездегі АСИ, сәулетші мамандығы бойынша білім алдым. Нигерияда сол кезде студенттерді шетелге жіберіп оқыту жүйесі болған. 1985 жылы осы бағдарлама бойынша Астрахан қаласына келгенмін, бірақ бір жылдан кейін түрлі қалаларға жіберу басталды. Қайда оқитынымызды өзіміз шешкеніміз жоқ, "Сен Душанбеге", "Сен Алматыға" деп бөліп-бөліп жібере берді. Мен сөйтіп, Алматыдан бірақ шықтым...

Аспирантурада үш жыл оқыдым. Көшіп келген жылдары аса қиындық көрмедім. Мемлекет сол кезде қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіп отырды. Қарын тоқ, көйлек көк. Шәкіртақы болды. Біз шетелден келгендіктен қосымша шәкіртақы да берді. Керемет сәттер еді. Аспирантурада оқып жүргенде тіпті екі бөлмелі жатақханада тұруға мүмкіндік алдық. 

Орыс қызын алдым. Отбасым үлкен, қазір бес балам бар. Үш бала мен екі қыз. Өзім үйдің тұңғышымын. 


Бобтың үлкен қызы балетпен айналысады

Қиындық 1991 жылдан басталды. Бұл менің оқуды аяқтаған жылым еді. Кеңес заманында бізде бизнеспен айналысу мүмкін болған. Джинс, кроссовка, компьютер сияқты тауардың барлығын әкеліп, сата алатынбыз. Алайда қайта құру кезінде бұл бизнеспен жергілікті халық айналыса бастады да, біз ондай бизнеспен айналысу мүмкіндігінен айырылдық. Сөйтіп, кәсіпсіз қалғандықтан, өмірімнің ең қиын кезеңі осы 90-жылдар болды. Осы кезде мен ағылшын тілін меңгерудің Боб әдісін құрастырдым. Мен әрдайым "Не место красит человека, а человек красит место", "Бәрі де өзіме ғана тәуелді" деген ұғымды айтып жүремін. Осының арқасында ғана осы қиын заманды өткердім. Мұндай өмірлік сабақ алдағы уақытта да қиындықтан өтуге септігін тигізеді. 

Мен үшін 90-жылдары нәпақа табудың жалғыз жолы болды - ағылшын тілінен сабақ өткізіп эксперимент жасай бастадым. Сол кезде көпшілігі ағылшын тілін меңгеруге қызыққан. Алдымда оларды қалайша ағылшын тіліне тез үйретуге болады деген сұрақ тұрды. Бірнеше эксперименттен кейін орыс тілділерге ағылшын тілін меңгеруге қолайлы шағын жүйе ойлап таптым. Бұл бағдарлама "Бобтың 10 күн ішіндегі грамматика жүйесі" деп аталды.


Африкалық әуезді ән орындау сәті

Сонымен қатар, мен сәулетші-суретшімін. Қазақстанда қазір лицензиясы бар сәулетшімін. Сіздердің елде дағдарыс болғанда бұл ісімді қоя тұрамын да, ағылшын тілін үйретумен айналысамын. Себебі бұл жұмыс елдегі азаматтардың сатып алу әлеуетіне тікелей тәуелді. Негізінен шығармашылықпен айналысамын. Үлкен галереям бар. 


Ауыл базары. 1996 жыл.


Боб Усоро жейдеге сурет салып жатыр

Мен өзімді афроэкспрессионист деп атаймын, өзім африкалық болғандықтан және экспрессионист болғандықтан, осындай сөз шықты. Мұны мектеп, бағыт, ал бір жағынан туған елім Нигерияға деген сағыныш деуге болатын шығар. Мен үшін өнердегі басты нәрсе - бостандық пен шындық.

Бала кезімнен суретші болуды армандағандықтан, бұған ең жақын кәсіп ретінде сәулетші мамандығын таңдадым. Бастапқыда ата-анам дәрігер болуымды қалап, тіпті бір жыл биохимияны да оқыған жайым бар. Күндердің күнінде көрші факультеттің дәрісханасына кіріп қалсам, сәулетші мамандығында оқитын студенттер жерге сурет салып жатыр екен. "Бұл менің қолымнан келетін жалғыз іс қой" деп, ертесі күні деканға барып, мамандық ауыстырғым келетінін айттым. Сөйтіп, келесі жылы қайтадан бірінші курсқа сәулетші мамандығында оқи бастадым. 


Ешкім. 2017

Осындай жолмен нәпақа тауып жүріп, жеті жылдың ішінде әбден шаршадым. Ендігі өмірімді шығармашылыққа арнаймын деп шештім.

Бірақ өнермен де ақшаға кенелу қиын. Сондықтан осы суретшілік өнерім арқылы нәпақа табуды ойладым. "Өнерім үстіңде болсын" деген атаумен арнайы көрмелер де ұйымдастырдым. Яғни суреттерімді жейделерге салып, сол жейделерді сата бастадым. Бұл өнер ары қарай дами түсіп, ателье аштым. Әйелім тігінші, сондықтан өнер мен бизнестің басын қосып, алға қарай дами түстік. 


Түп арасындағы қыздар.


Юрмаладағы таңғы жаңалау. Латвия. 


Шаруалар жолы. 


Кездесу орны

Қазақстандықтар туралы не айтуға болады? Өте қонақжай халық, мұнда болуға мүмкіндік жасайтын бірден-бір жағымды фактор осы. Қазақтың ұлттық тағамымен де жақсы таныспын, жиі асылған ет жеймін. 

Қазақстандағы білім деңгейіне келсек, мен кеңес кезінде білім алған адаммын. Кеңестің берген білім беру жүйесі өте тиімді, Тәуелсіз ел болып шыққаннан кейін сіздер дәл сол жоғары деңгейлі білімді мұраға алған елсіздер. Менің ойымша, Қазақстандағы білім жүйесі өте жоғары. Дәл қазір білім қалай беріліп жатқанын білмеймін, бірақ кеңес дәуіріндегі алған білім бізге азық болды. 

Оқи отырыңыз: 

"Қазақтың жанын Шоқан Уәлиханов пен Олжас Сүлейменов арқылы түсіндім"

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 482.09   532.1   5.08 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети