ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 августа 2020 | 14:26

Абайдың домбыралары қайда сақтаулы?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: © Мейрамгүл Қайранбаева Фото: © Мейрамгүл Қайранбаева

Бүгін Қазақстанда Абай күні атап өтіліп жатыр. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбаев музыка саласының дамуына өз үлесін қосқан. Tengrinews.kz тілшісі ұлы ақынның музыкалық жәдігерлері қайда сақталғанын, үш ішекті домбыра несімен ерекшеленетінін біліп көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда Абай күні атап өтіліп жатыр. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбаев музыка саласының дамуына өз үлесін қосқан. Tengrinews.kz тілшісі ұлы ақынның музыкалық жәдігерлері қайда сақталғанын, үш ішекті домбыра несімен ерекшеленетінін біліп көрді.

Фото: © psu.kz

Абайдың екі ішекті домбырасы

Бұл домбыра Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің музейінде сақтаулы. Оның ұзындығы 96 сантиметр, дека - 17,5х39 сантиметр. Домбыра қарағайдан жасалған.


Фото: © Мейрамгүл Қайранбаева

Тұмар домбыра

"Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайранбаеваның айтуынша, Абай Құнанбаевтың үш ішекті домбырасы Семейдегі Абай музейінде сақтаулы.

"1883 жылы Семейде өлкетану музейі ашылды. Абайдың орыс досы Нифонт Долгополов қазақ ақынының ауылына барып, онда 2 ай тұрған. Ол қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты заттарды жинап жүріп, Абай ауылына келген... Кейін осы өлкетану музейіне тапсырылған заттардың арасында үш ішекті тұмар домбыра да болған. Бұл музыкалық аспап Абайдың Жидебайдағы музей-үйінде көп уақыт тұрды. Осыдан 2-3 жыл бұрын домбыраға реставрация жасалды. Қазір ол Семейдегі Абай музейінде сақтаулы тұр", - дейді ол.

Оның айтуынша, Абайдың үш ішекті тұмар домбырасының ұзындығы - 80 сантиметр, ені - 12,5 сантиметр, мойнының ұзындығы - 33,5 сантиметр, шанағының ұзындығы - 33 сантиметр.

Фото: © Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Үш ішекті домбыра

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің мәліметінше, Абай Құнанбаев бірнеше саз аспабын жасатқан. Ол өзінің ұрпақтары мен айналасындағы әнші-күйші, ақындарға арнап бірнеше домбыра жасатып сыйға беріпті. 

"Ақынның жеке домбырасы - үш ішекті, 8 пернелі, қалақша пішінді музыкалық аспап. Дыбыс ойығының саны - он, қоңыр түсті. Музейде сақтаулы тұрған домбыраны Абай мен оның ұлы Ақылбай қолданған. Кейін жәдігер мұра ретінде Ақылбайдың ұлы Исраилға қалды. Ұлы ақынның немересі Исраил бұл домбырамен облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып жүрді. 1959 жылы Исраил дүние салып, кейіннен қыздары жәдігерді Семейдегі Абай Құнанбайұлының әдеби-мемориалдық музейіне тапсырған. Ал 1981 жылы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорына алынды, қазіргі таңда аспап музейде сақтаулы тұр. Абай домбырасының осы түпнұсқасынан басқа 4 көшірмесі жасалған", - дейді музей қызметкерлері.

Олардың айтуынша, бұл аспапты жасаған ұстаның есімі және қай жылдары жасалғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Тек ұлы ақынның өзі шығарған "Май түні", "Майда қоңыр", "Торы жорға", "Абайдың желдірмесі" күйлері осы үш ішекті домбыраға арналған екен.

Үш ішекті домбыраның әуені қандай?

Күйші, өнер зерттеуші Рүстем Нүркенов үш ішекті домбыраның ерекшелігіне тоқталды.

"Бұл домбырада үш ішек бар. Басты айырмашылық осы. Үш ішекті домбыраның әуені мүлдем өзгеше. Өйткені, үшінші ішек қосылғаннан кейін жаңа әуен пайда болады. Бұл әуен ертедегі Алтай сарындарына өте-мөте жақын. Қазіргі "Адай", "Балбырауын" күйлерін үш ішекті домбырада орындаған сәл қиындау. Бірақ үш ішекті домбырада Абай мектебінің жалпы Алтай (шығыс) күйшілік мектебінің күйлерін орындау тіптен керемет", - дейді ол.

Осы орайда күйшінің сөзін танымал әнші Ерлан Рысқали толықтырды. Ол Семейдегі Абайдың үш ішекті домбарасын ұстап көргенін, мұндай музыкалық аспапта ойнай алатынын жеткізді.

"Абайдың Жидебайдағы музейіне барғанда оның үш ішекті домбырасын ұстап тарттым. Қазір үш ішекті домбырада күй де шертемін, ән де айтамын. Үйімде бұл домбыра тұр. Енді оның ерекшелегіне тоқталайын. Домбырада екі бұрау бар: оң бұрау және теріс бұрау. Ал мына үш ішекті домбыраның бір ерекшелігі - осы қос бұраудың бір бойда болуы... Музыка тілінде түсіндірсем, астыңғы ішек және бірінші ішек, ал үстіңгі ішек екі жиілікте болады. Осы кезде унисон дыбыс пайда болады. Бұл әуен адамды көне ескі сарындарға, ескі заманға жетелейді", - дейді әнші. 

Сондай-ақ, ол үш ішекті домбыраның әуенін тыңдағандар XXI ғасырдың музыка әлеміне "саяхат жасағандай" әсер алатынын атап өтті.

"Бұл ерекше үн қазақтың үш ішекті домбырасында сақталған. Мысалы, қос ішекті домбыраның үнін естіген адам әрі кетсе 17-16 ғасырға дейін қиялмен "саяхат жасай алса", үш ішекті домбыраның үнін естіген адам 16 ғасырдан арғы уақытқа "бара алады", - дейді Ерлан Рысқали.

Үш ішекті домбырада кімдер ойнаған?

Ерлан Рысқалидің айтуынша, Абай да үш ішекті домбырада ойнаған.

"Оның төңірегіндегі Шәкәрім сияқты әнші, композитор, ақындар да үш ішекті домбыраны игерген. Олар осы домбыраны пайдаланып тұтынған. Бұл үш ішекті домбыраның бізге тікелей жетуі Абай, Шәкәрімнен кейінгі буынның және Шәкір Әбенов есімді атамыздың еңбегінің арқасы. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бата берген ақсақал еді. Шәкір ақсақалдың алдын көріп, сол кісіден үш ішекті домбыраның қыр-сырын үйренген марқұм Жарқын Шәкәрімов деген күйші, ғалым, зерттеуші ағамыз болды. Ол үш ішекті домбыраны кәсіби, өте биік деңгейге көтеріп, насихатын орнына қойған тұлға", - дейді әнші.

Сонымен қатар күйші, өнер зерттеуші Рүстем Нүркенов үш ішекті домбыраны зерттеуді алғаш бастаған ғалым Болат Сарыбаев екенін атап өтті.

"Үш ішекті домбыраны бізге жеткізген 2 адамды айтуға болады. Бұл - Мұсахан Әзілханов. Ол Абай ауылында өмір сүрген, 1970 жылдары қайтыс болды. Екінші, абыз ақсақал - Шәкір Әбенов. Осы екі азамат үш ішекті домбырада ойнаған. Олардың аудио жазбасы музейде сақтаулы. Бұл домбыраны зерттеуді алғаш бастаған ғалым Болат Сарыбаев. Оның зерттеуінше, үш ішекті домбыра Бөкей Ордасы, оңтүстік, оңтүстік-шығыс Қазақстан және шығыс Қазақстанда яғни бұрынғы Семей облысында көп кездескен. Мұны ол "Қазақтың музыкалық аспаптары" деген еңбегінде жазды", - деп түйіндеді сөзін ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer