ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 августа 2019 | 16:59

Аты қандай, заты қандай: Арыс пен Шемонаиха атаулары қайдан шыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz порталы еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы биыл жазда жарылыс болған Арыс пен Шемонаиха деп аталатын ерекше қаланың атауларына тоқталамыз.


Иконка комментария блок соц сети

Тengrinews.kz порталы еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы биыл жазда жарылыс болған Арыс пен Шемонаиха деп аталатын ерекше қаланың атауларына тоқталамыз.

Бойжеткен жанын қиған өзен

Биыл жазда ақпарат айдынында ең көп аталған қалалардың бірі - Арыс. Түркістан облысының қаласында биыл 24 маусымда әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, төрт адам қаза тапқан, тағы 90-ға жуық адам зардап шеккен еді. Сол сәтте қала толық эвакуацияланып, тұрғындар төрт күннен соң үйлеріне оралған болатын.

Арыстың негізі 1900 жылы станция ретінде қаланған. Оған 1928 жылы аудан, 1956 жылы қала мәртебесі берілген. Қала Арыс өзенінің жанынан құрылған, Шымкенттен 84 шақырым жерде жатыр. Қалада 45 мыңға жуық тұрғын бар.


© Тұрар Қазанғапов

Аты айтып тұрғандай, Арыс қаласының атауы өзеннің құрметіне қойылған. Ал бұл өзеннің неге Арыс аталуына қатысты аңыз бар. Бұл аңыз жайлы өлкетанушы Қазыбек Тәжиев ҚазАқпарат агенттігіне айтып берген.

Оның сөзінше, ертеректе жасы жеткен байдың әйелі қайтыс болыпты. Сондықтан заң бойынша ол көз жұмған әйелінің тұқымынан тағы бір қызды алуына болады екен. Байдың көңілі бір зергердің бойжетіп қалған Рыс есімді қызына ауған. Сөйтіп, бай өз адамдарын құда түсуге жіберген. Рыс кәрі байға күйеуге шығудан бас тарқанымен, ол әкесіне мол байлық жіберіп, айтқанынан қайтпапты. Содан бойжеткен қыз еркіндігінен айырылғанын түсініп, өз-өзіне қол жұмсауға оқталады. Сондықтан Рыс биік жарға шығып, суға секіріп кеткен екен. Сол қазадан соң қыздың ата-анасы мен ел-жұрт суды "Рыс аққан өзен" деп атап кеткен. Кейін ол "Арыс" деп қысқарыпты.

Патшаға қарсы шыққан адамның ауылы

Шығыс Қазақстан облысында атауы ерекше Шемонаиха деген қала бар. Ертістің оң сағасы - Оба өзенінің жағасында орналасқан. Өскеменнен 130 шақырым жерде жатыр.

Шемонаиха XVII ғасырда құрылған. Алғаш рет 1766 жылғы құжаттардан кездеседі. Сондықтан, ол Алтай баурайындағы ең көне ауылдардың бірі болған. Ал қала мәртебесін 1961 жылы алған. Былтырғы дерек бойынша, Шемонаиха қаласында 18 мыңнан аса адам тұрады.


© shemonaiha.vko.gov.kz

Бұл ауылдың атауы бұл аймаққа қоныс аударған ең алғашқы адамның есімімен қойылған. Шемонаиха деген азамат кезінде "мемлекеттік қылмыскер" болып саналған. Себебі ол патша өкіметінің бассыздығымен күресіп, кейін Алтай өзенінің бойында патша адамдарынан қашып жүрген. Кейін ол сол маңнан қоныс теуіп, ауыл Шемонаиха деп аталып кеткен.

Сондықтан, Шемонаиха тұрғындарында "қашқындарға көмектесу" дәстүрі пайда болған. Әр үйдің қожайыны түнде арнайы сөреге нан, сүт пен басқа да тағамдар қайып кетеді екен. Ол патша өкіметіне қарсы шығып, Алтай маңында қашып жүрген адамдарға арналған.

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети