ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 августа 2019 | 15:16

Аты қандай, заты қандай: Ауылға неге Жалаңаш деген атау берілген?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Tengrinews.kz порталында "Аты қандай, заты қандай?" жобасы жалғасын табады. Мұнда атауы ерекше елді мекендер жайлы баяндаймыз. Бұл жолы Арал қаласы мен оның маңындағы шағын ауылдардың атауына тоқталдық.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz порталында "Аты қандай, заты қандай?" жобасы жалғасын табады. Мұнда атауы ерекше елді мекендер жайлы баяндаймыз. Бұл жолы Арал қаласы мен оның маңындағы шағын ауылдардың атауына тоқталдық.

Аралы көп теңіз

Арал - Қызылорда облысындағы қала. 1817 жылы қазіргі Арал қаласының маңында Алты құдық ауылы болған екен. 1870 жылдары сол маң Арал ауылы аталған. Ресми түрде негізі 1905 жылы қаланған. Ал қала статусын 1938 жылы алған.

Былтырғы дерек бойынша, Аралда 33 мың адам тұрады.

Арал қаласының атауы қайдан шыққанын бәрі білетін болар. Бұл елді мекен Арал теңізінің құрметіне аталған.


© livejournal.com

Бұл теңіз туралы деректер біздің заманымызға дейінгі кезеңдерде де кездеседі. Мысалы, антика дәуіріндегі әдебиеттерде ол Окс көлі деп аталған. Ал тарихшы Герадот оны "Каспийдің сақ шығанағы" деген екен. Араб географы Истрахи болса, өз кітабында теңізді "Хорезм көлі" деп жазған. Орыс деректерінде Арал теңізін "Көк теңіз" деген атаумен кездестіруге болады.

Теңіздің неге Арал деп аталуына келер болсақ, оның ресми нұсқасы жоқ. Тараған нұсқа бойынша, теңізде арал өте көп болған. Сондықтан тұрғындар оны аралды теңіз деп атап кеткен. Артынша Арал атауы ғана қалған.

Тастүбек

Тастүбек - Арал ауданындағы ауыл. Арал қаласынан 82 шақырым жерде жатыр. Көктырнақ түбегінде орналасқан. Бұрын бұл жерде балық колхозы болған екен.

Шағын ғана ауылда 100-ге жуық адам тұрады.

Арал теңізінің маңында бекіре мекен еткен үлкен тастар көп болған екен. Сондықтан халық бұл жерді "Тастүбек" деп атап кеткен. Ондай үлкен тастар ауылда қазір де сақтаулы.

Шижаға

Ал Аралдан 18 шақырым жерде Шижаға ауылы бар. Бұл елді мекен Шаған ақынның бейітінен бастау алады екен. Ауылда 2 мыңнан аса тұрғын бар.

Деректерге сүйенсек, Шижаға 1957 жылдан 1956 жылға дейін асыл тұқымды қой өсіретін кеңшардың орталығы саналған екен. Ал бұрынғы атауы - Октябрь.

Ауылдың неге Шижаға деп аталғанын білу қиын емес. Бұрын бұл маңның жан-жағын жағалай ши өсімдігі өскен екен. Содан бері тұрғындар бұл жерде Шижаға атап кеткен.


© kzvesti.kz

Хан

Арал ауданына кіретін тағы бір ауыл - Хан. Ол Аралдың оңтүстігінде 126 шақырым жерде орналасқан. Шағын елді мекен Сырдария өзенінің бойынан қоныс тепкен. Ауыл өте шағын ғана, онда 90-100 адам ғана тұрып жатыр.

Ауылға Хан деген атауадың берілуі бойынша ауызекі тараған дерек бар. Кезінде Кенесары, Әбілхайыр хандар Сырдария өзенінің бойындағы өткелден өткен екен. Содан бері оны халық "Хан өткелі" деп атап кеткен. Бертін келе сол маңайға көшіп келген халық Хан ауылы деп атаған.

Жалаңаш

Аралдан 59 шақырым жерде Жалаңаш деген ауыл бар. Жалпы, Қызылорда облысынан бөлек, Жалаңаш деген ауылды Алматы, Қарағанды және ШҚО-да кезіктіруге болады.

Жалаңаш ауылы Кіші Аралдың солтүстігіндегі Үлкен Сарышығанақ көлінің маңында орналасқан. Ол да кезінде балық колхозы болған. Бұл жерді "Жамбыл" не "Бірлестік" деп те атайды. Себебі кезінде Жамбыл мен Бірлестік колхоздары бірігіп, кейін ол Жалаңашқа айналған. Ауылда 700-ге жуық адам тұрады.

Елді мекеннің маңында ешқандай ағаш жоқ, өсімдік өспейді. Сондықтан тұрғындар "жалаңаш жел өтіндегі мекен" деп, бұл жерді Жалаңаш атап кеткен.

Оқи отырыңыздар: 

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Арыс пен Шемонаиха атаулары қайдан шыққан?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course up  5.07  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer