ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 февраля 2020 | 10:56

Аты қандай, заты қандай: Қосшы мен Бадам атаулары қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысындағы Бадам аулы мен Ақмола облысында орналасқан Қосшы аулының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі осындай ерекше атаулардың қайдан шыққанын түсіндіреді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысындағы Бадам аулы мен Ақмола облысында орналасқан Қосшы аулының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі осындай ерекше атаулардың қайдан шыққанын түсіндіреді.

Бадам атауы қайдан шыққан?

Бадам - Ордабасы ауданындағы ауыл. Шымкенттен 30 шақырым жерде жатыр. 

1976-1987 жылдары Киров атындағы қой өсіретін ұжымшардың, 1987-1996 жылдары кеңшардың орталығы болып келді. 2009 жылғы санақ бойынша, Бадамда 6,7 мың адам тұрады.

Ауылда керамика зауыты, өндіріс кооперативтері, шаруашылықтар бар. Бадамда және округке қарасты ауылдарда екі орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапхана секілді мекемелер салынған.

Шағын ауылда Ұлы Отан соғысына қатысқан Александр Величко дүниеге келген.
"Ана тілі" газетінің мәліметіне сүйенсек, Бадам ауылының атауы жергілікті Бадам өзені ауыл жағасына орналасуына байланысты қойылған. Ерте кездері қазіргі Бадам ауылында Бойыт деген аса бай кісі тұрған. Ол кісі сол кездің өзінде ықпалды болған екен. Содан болса керек, Бадамды Бойыттың ауылы деп атап кеткен. Бойыт сөзі ел ішінде тілге жеңілірек болу үшін Бадам сөзіне айналып кеткен деседі аңызда.

Сонымен қатар, ауыл атауы Оңтүстік Қазақстанда қолдан өсірілетін бадам жаңғағынан шыққан деген нұсқа да бар. Бадам - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта. Қазақстанда бес түрі кездеседі, олардың ішінде шаруашылықта маңызы бары Оңтүстік Қазақстанда қолдан өсіріледі. Бадамның биіктігі 6-10 метр, пішіні - пирамида тәрізді немесе дөңгелек.

Бадам жаңғағы © wikipedia.org

Бадамның Қазақстанда көп тараған түрі: "Десертный", "Ялтинский", "Угамский", "Никитский", "Урожайный". Дәні тамақ өнеркәсібінде, дәрі жасау үшін пайдаланылады.

75-80 мыңдай тұрғыны бар ауыл

Қосшы - Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Қосшы ауылдық округінің орталығы. 2009 жылғы санақ бойынша, ауылда барлығы 4,5 мыңнан аса адам тұрады. Алайда ауыл тұрғыны Дүйсенбай Өміржановтың айтуынша, ауылда негізінен 75-80 мыңдай адам тұрады. Оның шамамен 10 мыңы ғана тіркеуден өткен. 

Дүйсенбай Өміржанов Қосшы аулына 1986 жылы келген. Оның айтуынша, ауылға алғаш келген жылдары Қосшы тұрғындарының бес пайызы ғана қазақтар болған.

"Қалғаны кілең немістер, поляктар, белорустар болатын. Кейіннен өзге ұлт өкілдерінің көбі көшіп кетті. Ауылда шамалы ғана өзге ұлт өкілі қалды. Қазір ауыл тұрғындарының көбі қазақтар", - дейді ауыл тұрғыны. 

© Тұрар Қазанғапов

Дүйсенбай Өміржанов Қосшы атауының шығуы жайлы айтып берді. 

"Қосшы аулы бұрын артель болған. Кейіннен 1926 жылы жан жақтағы артельдер (артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру) қосылған. Сөйтіп артельдер бірігіп, қосылғаннан кейін Қосшы атауы шыққан екен. Ауыл колхоз ретінде сол 1926 жылы ашылған", - дейді Дүйсенбай Өміржанов.

Ауыл тұрғынының айтуынша, ауыл бастапқыда тек бір көшеден тұрған. Ауылда 25 үйдей ғана болған. 

"Бұл колхоз бұрынғы Октябрь қазіргі Қабанбай батыр атындағы орталықтың бөлімшесі ретінде болған. Кейіннен 1964 жылы бөлек совхоз ретінде Қосшы совхозы болған. 1967 жылы мында техникум ашылды. 1967 жылдан 1991 жылға дейін совхоз техникум болды", - дейді Дүйсенбай Өміржанов.


© Тұрар Қазанғапов

Дүйсенбай Өміржановтың айтуынша, ауыл-аймақтан бірнеше танымал тұлғалар да шыққан. Қосшы Тайтөбе аулының арасы төрт шақырымдай. 15 шақырым жердегі Майбалық ауылынан Талғат Бигельдинов, Рахымжан Қошқарбаев шыққан. 

"Мұндағы адамдар түнде ауылға қонуға келеді, күндіз астанаға жұмысқа барады. Халық арасында "ұйқы ауданы" дейді ғой. Қазір ауыл бұрынғыдай емес, үлкейіп кетті. Нақты 75-80 мыңдай халық бар", - дейді ауыл тұрғыны. 

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

Қордай мен Масанчи деген кім?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer