Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан?

03 Желтоқсан, 11:38
3
Аты қандай, заты қандай: Жетікөл мен Шонжы атаулары қайдан шыққан? - Шонжы ауылы. © ok.ru/znaystranukz
Шонжы ауылы. © ok.ru/znaystranukz

Қызылорда облысындағы Жетікөл ауылы мен Алматы облысындағы Шонжы ауылының атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы ауылдардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

Жетікөл ауылы 

Жетікөл - Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы ауыл, Жетікөл ауылдық округінің орталығы. Іргесі 1957 жылы қаракөл қойын өсіретін Аманкелді атындағы кеңшар бөлімшесінің орталығы ретінде қаланған. 1999 жылы тұрғындар саны 969 адам болса, 2009 жылғы санақ бойынша 794 адам болған.

Ауыл туралы аңыз

ХІІІ ғасырда Сырдария бойында хан өмір сүріпті. Төрт түлігі сай ханның жалғыз қызы болған. Жалғыз қызбен қатар өссін деген ниетпен бала асырап алады. Екеуі қатар өсіп, бозбала мен бойжеткен шаққа жетеді. Жасы егде тартып қалған хан баланы шақырып:

"Жинаған байлық пен малдың иесі өзің боласың", - деп жас жігітті малдың басына жібереді. Біраз уақыттан кейін бозбала мен бойжеткен арасында сезім ұшқыны пайда болады. Кішкентайынан бірге өскен жастардың арасында махаббат алауы тұтанады. Бір-біріне деген ықыласын да білдіреді.

Сөйтіп жүргенде екі ғашықтың сырын ханның үшінші әйелі біліп қояды. Мән-жайдың мәнісін ханға жеткізеді. Бұл хабарды естіген хан болған жайды сабырмен шешеді. Жас жігітті жанына шақырып, өзінің еліне аттандыруға шешім қабылдайды. Бозбаланы Жөлек деген жердегі қыпшақ ағайынына қайтаруға бел байлайды.

Жалғыз қызын жар етіп бере алмайтынын ескертіп, жас батырдың алдына мал салып, еліне қайтарады. Еліне оралған жас жігіт өз ғашығын ұмыта алмайды. Сағыныштан құса болады. Бұл дертке шыдамай ғашық жігіт болған жайды ауыл ақсақалдарына айтып береді. Ақсақалдар ақылдасып, екі жасты табыстыруға шешім қабылдайды.

Хан қызын бермеген жағдайда егін егуге Күркіреуіктен бір құлақ су сұрауға келіседі. Жас батырды ертіп, ауыл ақсақалдары жолға шығады. Жол мұратына жеткендер, қыз мұратына қолқа салып, ханға келеді. Мән-жайды түсіндірген хан жігіттің қайтып келгеніне қатты ашуланады. Айтқанынан қайтпайды.

Келгендер қыз ала алмай, келіскен келісімдерін айтады. Сол уақытта Сырдария өзенінің бөлігі ханның меншігінде болған. Қыпшақ ағайындары егін шаруашылығымен айналысу үшін Сырдария арнасынан бір құлақ су сұрайды. "Егіншілікпен айналысатын болсаңдар Сыр суынан алыңдар" деп хан келісім береді. Кеңесшісінің: "Халықтың суын бергенше, жалғыз қызыңды қимадың ба" деген сөзін құлаққа аспайды.

Сол мезетте ескі арнадан құлақ ашқанда, екі күнде дария суы ауып кетеді. Қожжан бабаның туған нағашысы Асанасқа айтқан "Сен шөлдің ортасында, мен нудың ортасында" деген нақылы содан қалған екен. Сол дариядан келген бір құлақ судан Жетікөл пайда болған деген аңыз бар. 

Шонжы атауы қайдан шыққан?

Шонжы - Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы ауыл, аудан және Шонжы ауылдық округі орталығы. Ауылда 18 мыңнан аса адам тұрады. Ауыл арқылы халықаралық дәрежедегі Алматы-Жаркент-Қорғас автомобиль жолы өтеді.

Тарихшы Дәулет Күнікеевтің деректері бойынша, жалпы Шонжы атауы жоңғар-қазақ шайқасынан кейінгі жоңғар батыры жекпе-жекте қазақ батыры Әлмеректен жеңіліп, сол жер "Шонжы өлген" болып аталған. Яғни, келе-келе "өлгені" түсіп, Шонжы аталып кеткен. 


© voxpopuli.kz

Ал кеңес дәуірінде Шонжы атауы - Чунжа, Чунджа аталып келген. Бүгінде қазақшалап Шонжы деп аталып жүр екен. 

Түріктанушы Сергей Маловтың "Шонжы сөзі "кең, жай, танап" мәніндегі сөз тіркесі" деген пікірін басқа ғалымдар да мақұлдаған. Ал анық мағынасы мен шығу төркіні қытай жазбаларында да белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Петропавл мен Қостанай атаулары қайдан шыққан?

"Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц