ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 августа 2019 | 10:08

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Алматы облысындағы Шелек ауылы мен Түркістан облысында орналасқан Қыземшек кентінің атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі осындай ерекше атаулардың қайдан шыққанын түсіндіреді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Шелек ауылы мен Түркістан облысында орналасқан Қыземшек кентінің атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі осындай ерекше атаулардың қайдан шыққанын түсіндіреді.

Шелек атауы нені білдіреді?

Шелек ауылы Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданына қарайды. Шілік өзенінің сол жағалауында орналасқан. Алматы қаласынан 112,3 шақырым қашықтықта жатыр.

Шелек ауыл болып саналғанымен, мұнда тұратын халық саны мол. Ол Қазақстандағы ең үлкен ауылдардың бірі. Себебі Шелекте 2018 жылғы дерек бойынша 34 370 адам тұрады. Ауылда қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде тәлім беретін мектептер, сондай-ақ, екі колледж бар.

Ауылға Шелек деген атаудың берілуіне қатысты түрлі нұсқалар бар екен. Ел аузындағы аңыз бойынша, ауыл Шелек батырдың атымен аталады. Жергілікті тұрғындар ауылда жел болса, оны Шелек батырдың мінезімен салыстырады екен.

Тағы бір нұсқа бойынша, ауылдың атауы Шілік өзеніне байланысты қойылуы мүмкін. Филология ғылымдарының докторы Телқожа Жанұзақовтың деректеріне сүйенсек, ауылдың атауы көне түріктің "шел", яғни, "бұлақ, қайнар" сөздерінен шыққан. Ал оған "-ек" жалғауы жалғанса, "бұлақтан бастау алған өзен" дегенді білдіреді екен.

Қыземшек атауы қайдан шыққан?

Қыземшек - Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан кент. Шағын ғана кентте төрт мыңға жуық адам тұрады. Ол Созақ ауданының орталығы - Шолаққорған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 201 шақырым жерде жатыр.

Өлкетанушы Мақсат Қарғабайдың айтуынша, Қыземшек елді мекені жайлы аңыздар бар.

"Бұрын жаугершілік заманда шаруасы дамыған, өрісі кең,  бір кісінің жалғыз қызы болады. Сол қыз ерлермен бірге елге төнген қауіпке қарсы тұрып, жаумен шайқасады. Сол шайқаста жауды жеңе алмай, екі жақ тең түседі. Содан екі жақтан бір-бір батыр жекпе-жекке шығып күш сынаспақ болады. Жау жағы өзінің қыз екенін біліп қалмау үшін әлгі батыр қыз жекпе-жекке шығар алдында төсін қылышпен кесіп тастаған екен", - дейді Мақсат Қарғабай.

Өлкетанушының айтуынша, Қыземшек пен оның іргесінде орналасқан Қотантас деген жердің атауына қатысты тағы бір аңыз бар. Махаббат жолында мәңгі бір болуға серттескен екі ғашық, қол ұстасып ата-аналарының рұқсатынсыз бастары ауған жаққа елден қашыпты. Соңынан ерген қуғыншылар арқаның құмының ішінде екеуін ұстап жаза ретінде қыздың төсін, жігіттің мүшесін кесіп тастаған екен дейді. Сол себепті бұл өңір Қыземшек, Қотантас аталған екен.

"Екі аңыздың бірі ерлік жолында өнеге болса, екіншісі перзент ретінде өмірден алынған сабақ іспетті. Шынында бұл атаудан үркіп қашатын дәнеңе жоқ. Ал енді "емшек" сөзі тым тереңде жатыр. Ананың сүті - дүниедегі ең ұлы азық. Оған жететін азық жоқ. Болуы да мүмкін емес. "Емнің емі емшек сүтінде" дейтін бар. Шегі жоқ ем ана сүтінде деген мағына береді. Талай ақын, жазушылар, халық даналығы емшек туралы жырға қосқан, мақал-мәтелге айналдырған. Сонда бәрінің айтары біреу. Ол емшек - тіршіліктің бастауы, өмірдің ұлы өзегі", - дейді Мақсат Қарғабай.

Бір қызығы, Қыземшектің қасында бір-біріне жақын орналасқан қос төбе бар екен. Ол да Қыземшектің өз символына айналыпты.

Айта кетейік, бұған дейін атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық мақалаларымыздың алғашқысы Мойынқұм мен Шуға арналған еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer