ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 ноября 2019 | 15:22

Аты қандай, заты қандай: Леңгір мен Қазығұрт атаулары қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© otyrar.kz © otyrar.kz

Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Түркістан облысындағы екі аудан - Леңгір мен Қазығұрт атауларының қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Түркістан облысындағы екі аудан - Леңгір мен Қазығұрт атауларының қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.

Otyrar.kz мәліметінше, Леңгір - бүгінде Түркістан облысы Төле би ауданының орталығы. Қазіргі Төле би ауданы алғашында, яғни 1931 жылы Бадам ауданы аталып, арада екі ай өткен соң 1932 жылы Ленгер атауына алмастырылған. 1936 жылы ол Георгиевка ауданы деп өзгертіліп, кейіннен Леңгір атауы қайта берілген.

Неге Леңгір деп аталып кеткен?

Елдің басым көпшілігі Леңгір атауын осындағы көмір шахтасын ашқан Ленгер есімді неміс ғалымының атымен байланыстырады. Сол ғалымның есімі қала атауы болып қалып қойған дейді. Бұл кең таралған түсінік.

Одан бөлек, бұл қала атауының қазақша жазылуында да екі-үш нұсқа бар екенін айтып өту керек. Біріншісі, Ленгер болса, екіншісі Ленгір, тағы бірі - Леңгір. Орысша Ленгер деп жазады. Бірақ ономастикалық мекеме бекіткен атау Ленгер екен.

                                                                                       © otyrar.kz

Тағы бір аңызға тоқталсақ, Леңгір (Момынайсу) өзенінің жағасы қалың қамыс пен жыңғыл, тікенекті ағаштар басқан ну болған. Осы нудан мал атаулы ары-бері өткенде әлгі тікенекті ағаштар олардың жүндерін іліп алып қалып отырады екен. Содан бұл сай "Іліңгір сай" атанып, кейін осы сөз жалғыз "Іліңгірге" айналыпты. Ал тағы біраз уақыт өткенде "Іліңгір" қазақтың жалпақ тіліне орай "Ленгір", орысша нұсқада "Ленгер" деп аталып кеткен. 

Басқа бір аңызда "лянгар" - "ойық сайлы жер", "ортасы ойықтау ілегенге (подносқа) ұқсайтын алап" дегенді білдіреді. Ленгір сондай ойық сайдың ішінде орналасқандықтан, парсыша "Лянгар" аталып кеткен дейді.

                                                                                           © otyrar.kz

Таудың атауы берілген Қазығұрт

Қазығұрт ауданы - Түркістан облысының оңтүстік-шығысында Шымкенттен 25 шақырым жерде орналасқан әкімшілік бөлік. Тұрғындардың саны 100 мыңнан асады. Тарихқа сүйенсек, Қазығұрт тауы атымен аталатын аудан 1928 жылы құрылған. 

"Қазығұрт" сөзінің бастапқы мағынасы барлық тіршілік тегін сақтап қалған жер дегенді білдіреді екен.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі Қазығұрт тауы туралы аңыз өлеңде "Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған, жетім қозы басында басында жатып қалып, Шопан ата жануар сонан қалған" деп Шопан ата, Зеңгі баба, Жылқышы ата (Қамбар ата), Ойсыл қара сияқты төрт түліктің киелі иелері аталды.

                                                                                               © otyrar.kz

Cондай-ақ, әлем ғалымдарының пікірлеріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маңда тіршілік еткен.

Қандай аңыздар бар?

Қазығұрт аты алғаш рет IX ғасырлардағы жазбаларда кездескен. Оғыздар мен печенегтер арасындағы соғыс жайлы жырда Қазығұрт тау ретінде аталады. Ал Әбілғазының "Түрікмендер шежіресінде" Қазығұрт туралы екі дерек айтылады. Оның бірі Оғызханның күңінен туған алты ұлының бірі Қазығұрт болса, екіншісі тау атауы деп көрсетілген екен. 

Оқи отырыңыз:

Ұлын іздеген хан, жау ала алмаған шаһар: Ақыртас пен Құлан атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer