Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 октября 2021 12:17

Әйелдер ер адамды биге шақырған. "Құда тарту" қандай дәстүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дудин С.М. Қазақстан. 1899 жыл. Дудин С.М. Қазақстан. 1899 жыл.

Қазақта байырғы заманда "Құда тарту" не "Құда тартар" деген дәстүр болған. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталған. Желіде бұл дәстүр түсірілген видео да тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне "Құда тарту" дәстүрі туралы айтып берді.   


Қазақта байырғы заманда "Құда тарту" не "Құда тартар" деген дәстүр болған. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталған. Желіде бұл дәстүр түсірілген видео да тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне "Құда тарту" дәстүрі туралы айтып берді.   

Маманның айтуынша, бұл дәстүрдің өз жөн-жоралғысы бар.

"Жігіт жақтан құда түсіп келген құдалардан сол жөн-жоралғы алу үшін қыз жақтың әзілқой жеңгелері құдалар отырған үйге кіріп, кәде сұрап, ән айтып, би билеп, күй шертіп, жұмбақ жасырып, оны шешіп беруін өтінеді. Келген құдалар құдалық той дастарханын думанға бөлеп, бойындағы бар өнерін көрсетеді. Ал өнері болмаған құдалар кәде жолын беріп, басқаларды тыңдап, әңгімесін айтып отырады. Қазақ мұны "Құда тарту" деп атайды", - дейді ол.

Этнографтың сөзінше, "Құда тарту" деген сөз келген құданы ортаға биге тартудан шыққан.

"Биге тартқан құдағи не құдаша аса бір әдеппен, құданың алдына келіп, оң қолымен кеудесін басып, басын иіп, ізет-ілтипатпен ортаға би билеуге шақырады. Ол кезде құда билей алса да, билей алмаса да, ортаға шығып шамасы жеткенше өнерін көрсетеді. Биге шақырған құдағиға лайық кәде жолын жасайды", - деді Болат Бопайұлы.

© islam.kz

Этнограф "Құда тарту" дәстүрін жасаймыз деп артық кетпеу керегін де еске салды. 

"Қазақ құда-құдағи, құда бала, құдашаларын, үлкенінен кішісіне дейін ерекше құрметпен қарсы алады. Оғаш ерсі қылықтар жасамайды. Әдепсіздік көрсетпейді. Құдалық жақсы басталса, екі жас бақытты болады. Өмір бойы ренішсіз өтеді деп ырымдайды. Сондықтан құда келген үйге құт ілесе келеді. Жаман қылық, әдепсіз іс жасаса, сол үйден құт кетеді, бақ таяды деп сенеді де, құдалардың қас-қабағын күзетіп ренжітпей аттандыруға тырысады", - дейді ол. 

Сонымен қатар, маман желіде тараған "Құда тарту" дәстүрінің видеосына қатысты пікірін айтты. Онда әйел құданың мойнына орамал тартып, ортаға қарай тартады. 

"Қазақтағы "Құда тарту" дәстүрі - дүние алу, құдаларды қылқындырып мойнына орамал салып сүйреу, қорлау не қорқыту емес. Қайта бір-бірімен терең танысып, бірін-бірі сыйлау, мың жылдық құда болу, соған құрмет ету. Құданы жұлқылап, мойнына орамал не арқан салып сүйреу қазақтың "Құда тарту" дәстүрінде жоқ салт. Бұлай істеу бірден әдепсіз көрініс, екіншіден құданы қорлау, үшіншіден, өте қауіпты жағдай, құданы бассалып сүйреу, әсіресе әйел адамның ер адамға тап беруі көзге сөлекет, көзге жат қылық. Жаман ырым. Соятын қойды қорадан сүйрегенмен бірдей қылық. Оны атам қазақ өлімді күнді, жазалы күнді еске салады деп мүлде тыйым салған. Ондай әрекетті көрген біреулер ертең құдасына орамал не жіп тағып сүйреп жүріп буындырып алса, арты не болады?" - деп ескертті Болат Бопайұлы.

Қазақ келіні. Жетісу облысы, Лепсі уезі, 1898 жыл

Этнограф қазақ дәстүрін орындаймын деп әбестік жасап жатқандарды көргенін айтты. 

"Өткенде жаңа түскен жас келіннің басына аттың жүгенін салып, қайын жеңгесі үй ортасын шыр айналып жетектеп жұрген видионы көріп қалдым. Бұл өте жаман ырым. Келінді келсап қылатын, құданы құл қылатын жасанды дәстүр істемеген жөн. Шаңырақтың бағын шайқайтын жаман ырымды атқармау керек. Қазақта жаман ырым, жарамсыз кәде жоқ. Ол сондықтан ғасырлар бойы құнын жоймай сақталып келеді. Дәстүрді жағыртамыз деп жаңсақ басып жаңылмаумыз керек. Салт пен дәстүрді бұзбаған дұрыс.

Біз өз салтымызды өзіміз бұзсақ, басқаларға өкпелеудің қажеті жоқ. Аттан жығылсақ та, салттан жығылмаған қазақ екенімізді. Тек қана дұрыс атқарған дәстүрімізбен ғана ақтай аламыз", - деп қорытындылады ол.

Оқи отырыңыз:

Қазақта қызға құда түсуге келген жаушыны ауыл қалай таныған?

Қазақ құда күткенде неге өлген туыстарын еске алған?

"Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес". Қазақ дәстүрі жайлы не білеміз

Қазақ үкі тағуға неге қатты мән берген?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.52   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети