ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 марта 2020 | 09:54

Бананды "сарықисық", баскетболды "салмадоп" деп аударған кім?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

"Сарықисық", "жертатақ", "шаптырма" секілді сөздер қазақ тілінде қайдан шыққан? Бұл аудармалардың шығуына тіл мамандары қатысы жоғын айтады. Олар кезінде анекдот ретінде ғана шыққан екен. Филология ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Айдарбек Tengrinews.kz тілшісіне әзілге айналған бұл аудармалардың қалай пайда болғанын түсіндірді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Сарықисық", "жертатақ", "шаптырма" секілді сөздер қазақ тілінде қайдан шыққан? Бұл аудармалардың шығуына тіл мамандары қатысы жоғын айтады. Олар кезінде анекдот ретінде ғана шыққан екен. Филология ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің меңгерушісі Қарлығаш Айдарбек Tengrinews.kz тілшісіне әзілге айналған бұл аудармалардың қалай пайда болғанын түсіндірді.

"Сарықисық" пен "жертатақ" қайдан шыққан?

Бүгінде орыстың "банан" сөзін "сарықисық", "баклажанды" "жертатақ", "душты" "шаптырма" деп аударып жүргендер бар. Тіл мамандары бұл сөздердің жеке тұлғалардың өздігінен аударып, кейін ел арасында әзілге айналғанын айтады.

Қарлығаш Айдарбектің сөзінше, 90-жылдары мұндай аудармалар көп болған.

"90-жылдары Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін халықаралық терминдерді аудару кезінде бір үрдіс болды. Сол кезде баскетбол "салмадоп", волейбол "қақпадоп", регби "қауындоп" деп аударылды. Өкінішке қарай, ол кезде сөздерді қазақшаға аударған тіл мамандары емес, газет журналистері болатын", - дейді филолог.

Оның айтуынша, "жертатақ", "шаптырма" секілді сөздер де сол жылдары газет беттерінде жарық көрген екен.  

"Сарықисық", "жертатақ" секілді аудармалар да 90-жылдары газеттерде бір-екі рет жарық көрген. Яғни, бір журналист 15-20 жыл бұрын өзі солай аударған болуы керек. Газет басылып шыққаннан кейін ол мұғалімдердің ортасына енеді. Сол кездері мұғалімдердің үлкен жиынында осы газетте жарық көрген дүние айтылады. Содан бұл анекдотқа айналды. "Баклажанды былай аударыпты" деп күліп отырғандарын естігенмін. Бірақ бұл сөздер ешқашан оқулық немесе сөздікке енген жоқ. Мұндай сөздердің терминологиялық сөздікке тіркелуі мүмкін емес. Мен мұндай аудармаларды тілдік вандализм деп атаймын", - дейді Қарлығаш Айдарбек.

"Душ" - "шаптырма" ма?

Тіл маманының сөзінше, "банан" қазақ тілінде солай сақталады, ал "баклажанның" негізгі аудармасы - "кәді". Сонымен қатар, Ол "душты" "шаптырма", "балконды" "қылтима" деп те аудару дұрыс емес екенін айтады.

"Термин сөз бейтарап болуы керек. Ал "шаптыру" дегеннің астында жағымсыз коннотация жатыр. Ол термин бола алмайды. Мұндай аудармалар шыққан кезде әлеуметтік желілер жоқ еді. Ол кезде газеттердің мысы басым болатын. Сол газеттержасаған аудармалар. "Балконның" "қылтима" деген аудармасын да талай талқыладық, ол да қате.  Балкон балкон болып қалды", - дейді Қарлығаш Айдарбек.

Жоғарыда аталған сөздер оқулықтарға енбеген. Тек "қылтима" сөздікке тіркелген екен.

"90-жылдары қазақ тілі мемлекеттік тіл статусын алды. Сол кезде профессорлар дәрісті қазақ тілінде беруі керек болды. Әр маманның өз саласын өзінше аударуы салдарынан осындай "қылтима" секілді сөздер сөздікке шығып кеткен", - дейді филолог.

"Баламаны оралмандардан аламыз"

Қарлығаш Айдарбек шетелдік сөздердің қазақ тіліне қалай аударылатынын түсіндірді.

"Тіл мамандары терминдерге қатысты екі түрлі ойда - бірі халықаралық терминдер аударылмасын десе, басқа біреулер ана тілде болуы керек дейді. Мысалы, Қытайда бірде-бір халықаралық термин жоқ. Олар бәрін өз тіліне бейімдеп алады. Біз көптеген баламаны оралман қазақтардың тілінен аламыз. Олардың керемет аудармалары бар. Одан бөлек түркі тілдес елдердің аудармасы болса, соны да өзімізге бейімдеп аламыз", - дейді Терминология бөлімінің меңгерушісі.

Маман термин сөздер күнделікті өмірде жиі қолданыла бастаған соң аударылатынын айтады.

"Мысалы, қазақтар қазір "лаңкес" деген сөзді пайдаланады. Террористі осылай аударған тарих факультетінде оқитын 3-курс студенті болатын. Термин жиі қолданыла басталса, ол сол кезде аударылады. Мысалы, 2000-жылдарға дейін қазақстандықтар банан, баклажан секілді азықтарды көп білмейтін. Кейін олар барлық жақта сатылып, өзінің қазақша баламасын іздей бастады", - дейді филолог.

Оқи отырыңыз: 

"Рахмет" немесе "Рақмет" - Қазақ сөздері бірізге қашан түседі?

Қазақ тіліне "хана" қайдан келген?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer