ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 ноября 2018 | 20:07

Эмо, гот және K-pop субмәдениетін ұстанатындар елімізде қалай өмір сүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында елімізде дамыған субмәдениет түрлері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында елімізде дамыған субмәдениет түрлері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның қонағы Әлия Сәрсенова өзінің "Эмо", "Гот" мәдениетін ұстанып, қазіргі таңда сол кездерді күле есіне алды. Әйтсе де ол қазір К-POP стиліне қатты еліктейді. Ол бұл іс-әрекетін қандай да бір ата-ананың және қоғамдағы адамдардың назары жетіспегендігінен болды дейді. 

"Мен қазір К-РОР еліктеушісімін. Q-POP - бұл қазақтар. К-РОР - бұл негізгі құрылтайшылары. Кореялық топтар әлемге әйгілі бола түсті. Мен қолыма өзіме ұнайтын кореялық EXO тобының атын жазып, жанкүйері ретінде "Эри" (солардың фанаты) дегенді қостым", - дейді Әлия Сәрсенова.

Әлия жұрттың не ойлап, не айтқаны маңызды емес, ең бастысы өзіңді қалай қабылдауыңа байланысты дейді.

"Жасөспірім шағымда маған назар аударғанын қалап, әр түрлі түске боянатынмын. Неше түрлі әндерді тыңдайтынмын. Жасөсіпрім кезімде мектепте, отбасымда және достарыммен түсінбестік көп болды. Барлығы да осыдан өтеді деп ойлааймын. Маған жұрттың мен туралы ойлағаны қызықтырмайды, мен өзімді ұнатып, түсіне білсем ғана маңызды", - дейді ол. 

20 жастағы металист Әлихан Кедеровтың адам жамандықты білмей жақсылықты сезіне алмайтынын айтады.

Бағдарламаның тағы бір қонағы Айнұр Рай есімді қыз көзіне ота жасатқанын айтып берді.

"Менде қабақтың сызығы болған жоқ, сол сызықты көрсету үшін төрт жыл бұрын Астанада 100 мың теңгеге көзіме блефаропластикалық ота жасаттым. Яғни артық теріні тіліп алып тастады. Көзімнің формасы едәуір өзгерді.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети