Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 сентября 2019 18:26

Желідегі жазбадан өз-өзіңе қол салуға дейін: мамандар хейтпен күрес жолдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлер адамның күйзеліске ұшырауына себеп болмаса да ықпалы бар фактор. Ал оның арты суицидке апаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психологтар айтты. 


Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлер адамның күйзеліске ұшырауына себеп болмаса да ықпалы бар фактор. Ал оның арты суицидке апаруы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне психологтар айтты. 

Психолог Анаргүл Майлиқызының айтуынша, Желідегі жағымсыз пікірлерден қашып құтылу мүмкін емес, бірақ оны оң көзқараспен қабылдауға үйренуге болады дейді.

"Хейтерлер 3 типке бөлінеді: 1-тип - жаман ойлау қабілеті барлар, олар барлық жерде тек жаман жағын көруге дағдыланған; 2-типтегілер - өзін қоғамға керек екенін сезініп қалу. Ол типтегі адам басқаның абыройын түсіріп, өзім жақсы болып кетемін деген ойдағы тұлга; 3-тип - танымалдықты армандайтын адамдар. Олар жағымсыз пікірінің көп лайкқа ие болғанын қалайды", - дейді маман. 

Мауйлиқызы жағымсыз пікірлерге қалай жауап беру керек екенін айтты. 

"Ең бірінші, егер сізге қатысты пікір қалдырса, яғни сізді оқиды деп қуануға болады. Жаман пікірге жауап жазбағаныңыз абзал, энергияңыз азаяды, көңіл-күйіңізге нұқсан келеді, ертең есіңізден шығып кеткенін байқайсыз. Егер өзіңізді жаман пікірден кейін ұстай алмасаңыз, өз жауабыңызды кағазға жазып, содан соң өшіріп тастаңыз", - деп кеңес берді маман. 


© liferead.media

Ал психолог Жанат Біржанованың сөзінше, ең бірінші әлеуметтік желіні шынайылықпен шатастыруға болмайды.

"Біреу жаман пікір жазса, достарыңнан, туыстарыңнан "Шынымен солай ма?" деп сұрауға болады. Тексеріп алған жөн. Егер біреу намысыңызға тиіп жатса, "Сыншының өзі кім? Олар мені қаншалықты таниды?" деп сұраңыз", - дейді ол. 

Оның айтуынша, жаман пікірлер депрессияға ұшыратпайды.

"Депрессияның себебі психикадағы органикалық бұзылыс болуы мүмкін. Жақын адамды жоғалту не қандайда бір ауыр жарақат депрессия алып келуі ықтимал. Ал жаман пікірлер сол депрессияның келуіне көмекші құрал ғана болады", - дейді Жанат Біржанова. 

Психологтың сөзінше, депрессияның алдын алу мүмкін емес.

"Депрессия - бұл ауру, оны дәрі-дәрмекпен емдейді. Яғни, депрессияны дәрігер маман ғана анықтай алады. Егер ұйқыңыз нашарлап, не үзіліп кете беретін болса, тәбетіңіз болмаса, 15 минут бойы жұмысқа көңіл бөле алмасаңыз, психотерапевт немесе психиатрға жүгініңіз. Тек сол кезде депрессияны анықтауға болады. Депрессия басқаша белгілерімен де келуі мүмкін", - дейді ол. 

Маман депрессия уақытында емделмесе, ол суицид туралы ойларды алып келетінін айтады. 

"Көбіне суицидке депрессияда жүрген адамдар барады. Бұл пікірлер суицид туралы ойға жүк салуы мүмкін. Жеке өмірінде проблемалары бар адамға жаман пікірлерге көп құлақ асады. Ал бұл депрессия мен суицидке алып келеді", - деді психолог. 

Танымал әнші Сәкен Майғазиев орынсыз жаман пікірлер жазатындармен қалай күресетінін айтты.  

"Өз басым кешіріммен қараймын. "Көңіл-күйі жоқ шығар немесе басқа проблемасы болып жатқан шығар" деп ойлаймын. Мені түсінбей қалуы да мүмкін. Кейде біздің тарапымыздан да артық кетіп қалатын сәттер болатын шығар. Әрине, кейде былапыт сөздер жазып кететіндер бар. Ондайлардың көбі - жігіттер. Сондай қара ниетті адамдарды қара тізімге жіберемін. Олармен ұрысып, жауап беріп жүретін уақыт жоқ", - дейді әнші. 

Бірақ Сәкен Майғазиев өзінің жазбаларына жаман пікір жазатындардың аз екенін айтады. 

"Шынымды айтсам, посттарымның астында 99 пайыз жақсы пікірлер жазады. Тек бір пайызы өтірік аккаунттар ашып, ерігіп, қытығыңа тиюге тырысады. Не істейді екен деп ойлайтын шығар. Олармен санасып отырмаймын", - деді Сәкен Майғазиев. 

Айта кетсек, кеше Super Star KZ қатысушысы, "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болған еді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғалған.


Жанар Хамитова мен Сиви Махмуди. © Instagram

Оның құрбысы әнші Сиви Махмуди Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында марқұм Жанар жұрттың сыны мен комментарийлеріне шыдай алмағанын айтқан еді. 

"Жарыққа шықпаған әндері де көп, бірақ бейнебаян түсіріп үлгерген жоқ. Мен бір бейнебаян жоспарап отырған едім, бірақ Жанардың өзі қалаған жоқ. Өйткені менімен әңгімесінде "өнерден кетемін, ешқандай жұмыс жасамай-ақ қояйық" деді. Нәтижесі болмағаннан кейін ән де жазып, бейнебаян да түсірмей-ақ қояйық деді. Өзінің маған айтқан сөзі - "Өнердегі сынға шыдай алмаймын, жұрттың сөзі мен комментарилері маған ауыр тиіп жатыр. Алшақтап кетіппін, үйрене алмай жатырмын", - деп әңгімеледі Сиви Махмуди.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети