ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
18 ноября 2021 | 10:39

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© toibiznes.kz © toibiznes.kz

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? Бұл дәстүр қайдан шыққан? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың бүгінге дейін жалғасын тапқан дәстүрі туралы айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ баланы неге қырқынан шығарады? Бұл дәстүр қайдан шыққан? Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың бүгінге дейін жалғасын тапқан дәстүрі туралы айтып берді. 

Маманның айтуынша, қазақтың баланы қырқынан шығару дәстүрі өте ерте замандардан бастау алады.

"Жаңа туған сәбиді 40 күн толғанда ауыл аналары жиналып, бір ақсарбас еркек тоқтыны тойға арнап шалып, мол дастархан жаяды. Ұл баланы 40 не 41 күнге, ал қыз баланы 37 не 39 күн толғанда "қырқынан шығару" ырымын өткізеді. Қыз бала ұл балаға қарағанда тез ширайды. Ұл бала баяу ширайды. Қыз бала 9 жасында, ұл бала 12 жасында балиғатқа толатыны содан", - дейді ол. 

Мелков А. Л. Киіз үйдегі әйелдер мен балалар. Қазақтар. Қазақстан, Семей обл. 1927 жыл

Этнограф баланы неге қырқынан шығаратынын түсіндірді. Бұған ғылыми жауап та бар екен. 

"Жалпы алғанда баланы қырқынан шығарудың керемет ғылымдық және философиялық танымы бар. Жаңа туған баланың мойны 40 күнде бекиді, еңбегі 40 күнде қатаяды. 40 күнде бала толық қара құлақтанады. Бала туған үйге түнде таң атқанша 40 күн шырақ жағып қояды. Ол бір жағы қауіп-қатерден сақтаса, енді бір жағы өмір бойы жарығы сөнбесін деген ырым. Оттай маздап өссін деген жақсы ырымы. Босанған ананың да белі 40 күнде қалпына келеді, 40 күнде толық қол-аяғын бауырына алады. Қалжа жеп қалжырағаны басылады. Қазақ осындай ерекшеліктерді ескере отырып баланы қырқынан шығару деген өте тамаша, керемет маңызы бар дәстүр-салтты жасаған", - дейді ол. 

Дудин С.М. Қазақтар. Қазақстан, Семей обл. 1899 ж.

Болат Бопайұлының сөзінше, қазақ ырымында баланы қырқынан шығару тойына көбіне әйелдер, қыз-келіншектер қатысады.

"Алдымен күміс тегене немесе ағаш, болмаса сырлы тегенеге күміс жүзік, білезік, сырға, алқа сынды зергерлік бұйымдар салып, оның үстіне 40 әйел 40 қасық су құяды. Әр әйел суды ыдысқа құяр бұрын дауыстап үш жақсы тілек айтады. Мысалы, "Өмірлі бол", "Өнерлі бол", "Өркенді бол" деген тәрізді. 40 ананың балаға арнап айтқан тілегі аяқтап, баланы жуындыратындай болғанда, баланың кіндік анасы баланы сол сумен толық шомылдырады. Су баланың барлық денесіне жұғуы керек. Толық жуылмаса, кейін балаға шілде қотыр шыққыш болып қалады деп сенген", - дейді Болат Бопайұлы.

Сурет ашық дереккөзден 

Оның айтуынша, баланы қырқынан шығарар алдында оның 40 күн киген "ит жейдесін" шешу рәсімін де өтейді. Ол жейдеге тәттілер, құрт, ірімшік түйіп, бір жуас иттің мойнына байлап қоя береді.

"Ол итті балалар қуып жүріп ұстап алып, әлгі иттен жейдені шешіп алып, ішіндегі дәндерді бөлісіп жейді. Сосын итжейдені үлкендерге әкеліп береді. Ол жейдені сол ауылда бала көтере алмай жүрген жас келін болса, соған береді. Ол жейдені 40 күн басына жастап жатса, бала көтереді деп ырым етеді. Ал ондай жағдай жоқ болса, итжейдені баланың әкесі таза сандыққа салып сақтайды, алыс сапар алғанда, жорыққа шыққанда, аң аулағанда, дауға, жауға барғанда тұмар етіп, оң жақ қолтығына тығып алып жүреді, "сол кезде жолым болады" деп сенген. 40 күн періште күзеткен жейде киелі деп ырымдайды", - дейді ол.

Әйелдер ер адамды биге шақырған. "Құда тарту" қандай дәстүр?

"Ер адам шашпайды" - Этнограф шашу дәстүрі қай кезде орындалатынын түсіндірді

"Үшінші әйел - сайқал". Қазақ адамды жасына қарай қалай атаған?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer