ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 сентября 2018 | 17:36

Қазақстандықтар ажырасқаннан кейін жіберетін 8 қате

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Біздің қоғамда отбасын қалай құру керек, күйеуімен немесе әйелімен қалай сөйлесу керек сияқты дүниелерді түсіндіру деген ұғым жоқ. Сондықтан жастар көбіне тұрмыс құрған немесе үйленген достарына, туған туыстарына қарай отырып, соларды үлгі етіп, отбасын құрады. Мұндай пікірді әйелдер және отбасы психологы Әсел Рскелдиева айтып отыр. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Біздің қоғамда отбасын қалай құру керек, күйеуімен немесе әйелімен қалай сөйлесу керек сияқты дүниелерді түсіндіру деген ұғым жоқ. Сондықтан жастар көбіне тұрмыс құрған немесе үйленген достарына, туған туыстарына қарай отырып, соларды үлгі етіп, отбасын құрады. Мұндай пікірді әйелдер және отбасы психологы Әсел Рскелдиева айтып отыр. 

Осы орайда маман Tengrinews.kz тілшісіне ер адамдар мен әйелдердің ажырасуды қалай өткеретіні жайлы, сондай-ақ, ажырасудан кейінгі күйзелісті жеңіп, осы жағдайда бала психикасын бұзбаудың маңызын айтып берді. 

Сонымен, психолог қазақстандықтардың ажырасқаннан кейін жіберетін қателіктерін былай тізеді: 

1. Бұрынғы қарым-қатынасты ой елегінен өткізбестен, жаңа қарым-қатынас құрады

Ажырасқаннан кейінгі кезеңде ер адамдар мен әйелдерде агрессия басым болады.

"Олар екінші рет некеге тұрғанда немесе тіпті жай жаңа адаммен танысып, кездесе бастағанда ерте ме, кеш пе - қайтадан проблемалар туатыны рас. Қайтадан көңілі қалып, жаны ауырып, ол ауыру одан әрі үдей түседі. Онымен қоса, бұрынғы некеде көрген зардабы қосылып жатады. Бұл дегеніміз ол өткен өміріне сараптама жүргізбей, қандай қателіктер жібергенін анықтамай, бірден жаңа қарым-қатынасқа түсуінен болып отыр. Сол себепті оның ұғымында енді "ешқашан отбасы құра алмаймын, берік отбасы болмайды" деген түсінік қалыптасып қалады. Бұл ретте мен күйзелісті жеңу үшін сол ауырсынуды бастан кешіру керектігін айтамын. Ішкі жан дүниең күйіп жатса да, оған шыдау керек", - дейді Рскелдива.

 2. Тәжірибесі жоқ адамдардан көмек сұрайды

Ажырасқан соң адамдар көбіне әлі отбасы құрмаған немесе өздерінің отбасын сақтап қала алмаған таныстарынан "Қалай ойлайсың, енді не істеймін, сен не істер едің?" деп көмек сұрап жатады. Бұл ретте әркімнен ақыл-кеңес сұрамауға кеңес беремін. Әрине, біреуге жан дүниеңді ақтарғың келеді, бірақ отбасы деген ойыншық емес. Ондай проблеманы құрбылармен немесе таныстармен отырып, шешуге болмайды. Проблеманы барлығына айта берудің қажеті жоқ. Сондықтан мұнда кем дегенде 2 ай уақыт психологқа барған жөн. 


© pixabay.com

 3. Әйел адам өзінің сенімділігін жоғалтады

Ажырасу туралы әңгіме қозғалғанда көбіне әйелдер ер адамға жағуға ұнауға тырысамын деп өздерінің сенімділігін жоғалтып алады. Бұл үлкен қателік. Керісінше, барлық энергияны, бар күш-жігерді, уақытты және ақшаны өзіңізге жұмсауыңыз қажет.  Ал оған бостандық беру керек, оның ерсі қылықтарына немесе сөздеріне назар аудармауға тырысу керек. Ер адам кеткісі келсе, оны мазаламаңыз.

4. Әйелдер өзін-өзі кемсітеді

Ажырасуға әйел бастамашы болса, ер адам сізді қорлап, кемсіту әбден мүмкін. Мұнда ең бастысы - оны тыңдамауға тырысу, айтқан сөздерін жақын қабылдамаңыз. Иә, бұл өте қиын. Дегенмен өзіңізді жоғары ұстаңыз.

5. Жағымсыз эмоциялардан денсаулық нашарлайтынын түсінбейді

Соңғы кездері ажырасудан кейінгі күйзелсті жеңу мақсатында мынадай технологияны қолдану өте тиімді. Жан дүниеңіздегі ауырсынуды басу үшін, яғни күйзеліс, ашу-ызадан арылу үшін - қолыңызға қалам мен қағаз алып жаза бастаңыз. Қазіргі жағдайыңыз, не сезініп отырсыз, оған деген қазіргі сезіміңіз - барлығын тізіп жазыңыз. Ал оны жазбаша түсіргіңіз келмесе, онда дауыстап айтыңыз. Мұнда ең бастысы эмоцияларды шығару керек. Олармен күреспейтін болсаңыз, сіз ауырып қалуыңыз әбден мүмкін. Себебі күйзеліс кезінде тек жүйке жүйесі емес, организм толықтай зардап шегеді. 


© pixabay.com

6. Үйден шыққысы келмейді 

Эмоциялар өрше түскен кезде үйде отырмау керек. Адамдар көп жиналатын жерге, қатты музыка ойнайтын, караоке сияқты жерлерге барып, сергіп қайту керек. Сол у-шу атмосферасы сіздің жағымсыз эмоцияларыңызды шығарады. Ал ол эмоциялар шықпаған жағдайда, қоршаған адамдарға сіздің зардабыңыз тиеді. Немесе өзіңіздің өміріңізге ұқсас фильмдер көріңіз, ол жақтан өзіңізді міндетті түрде табасыз. Ондағы фильм немесе сериал кейіпкерінің рөліне кіріп, бірге жаныңыз ашып, жылап алсаңыз да жақсы көмектеседі. 

7. Балалары арқылы түрлі айла-шарғылар жасайды

Ажырасудан кейін балалардың психикасын бұзып алмау өте маңызды. Олар арқылы түрлі айлалар жасауға болмайды. Себебі олар да ересектер секілді мұны ауыр өткереді.

Әйелдер көбіне әкесіне деген ашу-ызасын балаларынан алып жатады. Сол сәтттн бастап балаларда отбасы деген ұғым жағымсыз мағынада қалыптасады.

Қызы әкесінің отбасынан басқа әйелді тауып алғандықтан кеткенін білсе, қыз бала отбасында ер адамның әйеліне шөп салып, кейін әйел зардап шегуші рөлінде болады деген түсінікпен өмір сүреді. Сондай-ақ, балалар ата-анасының отбасында бақытсыз екенін және ажырасудан кейін олардың бар мүлікті бөлісіп, үнемі жанжалдасып жүргенін көрсе, балада отбасында адамдар тек азап шегеді деген ой қалыптасады. Мұнда ата-ананың әрбір сөзі, әрбір әрекеті баланың санасына құйылады. 

8. Мамандарға көрінбейді

Айтылып жатқан кеңестер ол күйзелісті тек уақытша өткеруге көмектесетінін ескеру керек. Ол күйзелістің қайдан шыққанын, отбасы неге бұзылғанын, балалардың мұны қайталамауы үшін әрі қарай қалай әрекет жасау керектігі жайлы сұрақтарға жауап бермейді. Сондықтан мен осындай ауыр кезеңдерде психологқа көрінуге кеңес беремін. Себебі, психика өте жанды жеріміз болып саналады. 

Психологтың айтуынша, ер адамдар мен әйелдер ажырасу процесін әр түрлі өткереді.

"Мысалы, әйелдер ажырасқан соң ер адамдарды жәбірлейтін және тек ренжітетін адамдар ретінде көреді. Күйеуі басқа әйелге кетіп қалған жағдайлар болса, ол әйел атаулыны жек көріп, оларды бақталас ретінде санайды. Ал ер адамдардың жағдайына келсек, әйелі оны алдап келген болса, ол ендігіде басқа әйелдерге сенуден қалады, олармен қарапайым әңгімелесудің өзі қиындық туғызады. Немесе, керісінше, ер адам кездестірген әйелдерден кек алу мақсатында жүреді", - дейді Рскелдиева.


© pixabay.com

Маманның айтуынша, ер адамдар болсын, әйелдер болсын - олар бұл жағдайда тұйықталып, өткен-кеткенді қайта-қайта ойлайды немесе көңілін сергіткісі келіп, қыдырып, жаңа таныстықтар іздеп, жан-дүниесіндегі ренішті, ашуды бір сәтке ұмыту үшін қолдан келгенді жасайды.

Бірақ психологтың сөзіне сүйенсек, мұндай әрекеттер жалғаса берсе, оң нәтиже бермейді. 

"Осыған дейін айтып өткен әрекет тек біраз уақытқа жалғасуы керек. Ешкіммен сөйлеспей, тұйық болу - ол да жақсы. Көңіл көтеру, қыдыру - ол да дұрыс. Бірақ мұнда проблеманың шешілмейтінін түсіну өте маңызды. "Осылай жасасам, проблема өздігінен шешіліп кетеді" деп ойламау керек. Біраз уақыттан соң өз-өзіне келіп, болған жағдайды сараптау керек", - дейді психолог.

Оның айтуынша, ажырасудан кейінгі күйзелістен өз бетінше шығу мүмкін. Ол үшін ең бастысы эмоцияларға жол бермеу керек. Ал эмоцияларын бақылай алмаған адам бар ашу-ызасын жақындарынан немесе ең жаманы балаларынан алып жатады екен.

Оқи отырыңыз:

Мамандар елімізде ажырасу жағдайларын азайтудың жолын айтты

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course down  549.54  course down  5.08  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer