ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 августа 2021 | 09:11

Қазнетті даусымен тәнті еткен қойшы бала кім?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айдос Каден мен әкесі Жұмажан Каден. Айдос Каден мен әкесі Жұмажан Каден.

Қазнетте ауыл баласының кешкі ас кезінде ән айтқан видеосы TikTok-та екі күнде 1,3 миллион қаралым жинап үлгерді. Бұл тек бір ғана парақшадағы көрсеткіш. Желі қолданушылары талантты баланың даусына тамсанып, видеоларды барынша таратып жатыр. Оның есімі Айдос екен. Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұрады. Tengrinews.kz тілшісі Айдостың әкесі Жұмажан Каденмен тілдесті. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте ауыл баласының кешкі ас кезінде ән айтқан видеосы TikTok-та екі күнде 1,3 миллион қаралым жинап үлгерді. Бұл тек бір ғана парақшадағы көрсеткіш. Желі қолданушылары талантты баланың даусына тамсанып, видеоларды барынша таратып жатыр. Оның есімі Айдос екен. Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұрады. Tengrinews.kz тілшісі Айдостың әкесі Жұмажан Каденмен тілдесті. 

@shoranumit

Жайлаудағы кеш. Қойшы баланың табиғи даусы.

♬ оригинальный звук - Умка.

Жұмажан Каден Қазақстанда 2005 жылдан бері тұрады. Қытайдан көшіп келген қандас. Бес баланың әкесі. Айдос төртіншісі. Биыл 9-сыныпқа барады. Әкесінің айтуынша, баласына өнер өзінен дарыған. Бала кезінде Айдос секілді ән салғанды жақсы көрген екен. 

"Облыстық байқауларға барып жүр. Домбырамен ән айтады. Таланты бар бала, өлең құрай алады. Сабағы жақсы, алғыр. Жазғы демалыста бие сауып, қой бағып, шаруашылыққа көмектеседі", - дейді ол. 

Оның айтуынша, Айдос әнші болғысы келеді. Әкесі де болашақта оқытамыз деп отыр. 

"Ол дәстүрлі халық әндерін жақсы көреді. Ұнататын әншісі - Ұшқын Жамалбек", - дейді әкесі.

Айта кетейік, Желіде тараған видеоларда Айдос ұлы Абайдың "Көзімнің қарасын", Қарақат Әбілдинаның "Жақсы адамдарым", Өмірқұл Айниязов орындайтын "Бір шәугім шай" және Аян Сейітовтің "Ауылым" әнін шырқайды.

Ең қызығы, талантты баланың ағасы мен әпкесі де дәстүрлі әнші. Айдостан кейінгі қыздың да әншілік өнері бар екен, оған қоса бишілігі де. Жұмажан Каденнің тұңғышы 30-да, кенжесі 12-де. 

Өзінің жеке шаруа қожалығы бар.

"Мал бағамын, үш түлік мал ұстаймын, жылқы, қой, ірі қара. Егістік саламын, шөп шабамын. Қыс қыстау, жаз жайлауға бағамыз", - дейді әкесі.

Жұмажан Каден ұлының видеосын әлеуметтік желіге кім салғанын да білмейді екен. Оның сөзінше, қаладан демалысқа адам көп келеді, көбі ән айтқызып, видеоға түсіріп кетеді. Видеоны сол меймандардың бірі салған шығар дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer