Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 декабря 2021 12:48

Ауылға кеткен әнші, қойшы бала, химик. 2021 жылы Желіде танылған қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

2021 жылы Желі арқылы жұртқа танылған қазақстандықтар жетерлік. Бірінің жұлдызы жанып, үлкен сахнаға жолы ашылса, тағы бірі тіпті блогер болып кетті. Tengrinews.kz тілшісі осы жылды қорытындылай келе 2021-дегі Желі жұлдыздарына шолу жасады. 


2021 жылы Желі арқылы жұртқа танылған қазақстандықтар жетерлік. Бірінің жұлдызы жанып, үлкен сахнаға жолы ашылса, тағы бірі тіпті блогер болып кетті. Tengrinews.kz тілшісі осы жылды қорытындылай келе 2021-дегі Желі жұлдыздарына шолу жасады. 

Қойшы бала атымен танылған Айдос Каден биыл жазда Қазнетті бір шулатқан еді. Қазақстандықтар ауыл баласының даусына тәнті болып, ас кезінде ән айтқан видеоларын жарыса бөліскен болатын. Оның орындауындағы "Ауылым" әніне ремикстер де жазылды. Қазір өнерпаздың продюсері - танымал әнші Жігер Ауыпбаев. Олар бірлесе ән шығарып та үлгерді. 

Айдос Каден Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұрады. Үйінде бес баланың төртіншісі, қазір 9-сыныпта оқып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???? (@jiger_auypbaev_official)

Автобус төбесінде билеген қарағандылық жүргізуші Айдос Аринов те TikTok-тың арқасында көпке танылды. Оның Kid Laroi мен Джастин Бибер орындайтын Stay әніне түсірген тренд видеосы әлеуметтік желілерде қызу тараған еді. Аринов әлі де Желіде белсенді. Қазір TikTok-парақшасына 87 мыңнан аса адам жазылды. Ал Instagram-да 28,5 мың оқырманы бар. №43 автобусының жүргізушісі 31 жаста. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдос Аринов (@arinov.aidos)

Күзде Facebook әлеуметтік желісінде мерекелік жиын кезінде өнер көрсеткен әйелдің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті. Көп адам орындаушының өнерін жоғары бағалап, оны бұлбұл құсқа теңеген. Ал видеодағы өнер иесі - Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бүгінде "Қаламқас" ансамблінің мүшесі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері Бақыт Шағатаева болып шығады. Бірақ әнші Алматыда оқуын бітіргеннен кейін ауылына қайтып кеткен. Қазір Бақыт Шағатаева жергілікті "Қаламқас" ансамблінде өнер көрсетеді, онда еңбек етіп келе жатқанына 47 жылдай болған.

Шетелдік әндерді нақышына келтіріп тұрып орындайтын жұмысшы жігіт те есіңізде болар? TikTok-та тараған видеода ер адам әнші Akon-ның Smack that атты әнін айтады. Бес күнде видеоны 2,6 миллион адам көріп, 270 мыңға жуық лайк басылған еді. Видеодағы өнерпаз - Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тумасы Олжас Молдабеков, жасы 30-да. Бүгінде ол "ТеңізШевройл" компаниясында жұмыс істейді. 

@eldos454

♬ оригинальный звук - eldos454

TikTok-та жақсы контент жасасаң химия пәнінің мұғалімі де танымал болып кете алады. Мысалы алматылық Ұлан Үсенов құбылыстар мен формулаларды ерекше әдіспен түсіндіретін видеолар түсіреді. Ол TikTok-қа алғаш видеоларын былтыр локдаун кезінде жариялап бастаған. Бір жыл ішінде оның парақшасына миллионға жуық адам жазылды. Мұғалім бастапқыда видеолары әйгілі "Наруто" анимесіне негізделгенін айтады, бірақ кейін TikTok-та танымал әндердің сөздерін өңдеп, химиялық процестер мен құбылыстарды түсіндіретін видеолар жасай бастаған. 

@wannabeteacher

считаю, так нужно делать чаще ? ##урокдня ##мамаялюблютебя

♬ оригинальный звук - Твой Учитель Химии

2021-дің жазында елімізде құрғақшылық болып, мал аштан қырылған еді. Осы уақытта төрт түлігіне азық таппай қиналған өңірлерге шөп жеткізу жұмыстарын алғаш болып ұйымдастырған Түркістан облысының 24 жастағы тұрғыны Құрмет Талапқазы болатын. Ол жаңалықтарды естіген соң достары мен еріктілерді жинап, шөп шабуды бастап кетіп, оларды жеткізуді ұйымдастырып, қаражат жинап, халықты жұмылдырған еді. Оның жұртты көмекке шақырған видеосы күл елге тарады.

Кейінірек Құрмет Талапқазы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде тегін оқу құқығын алды. Биыл батыр жігіт жаңа жылын жаңа үйде қарсы алып қалуы да мүмкін, жақында ғана журналист Мақсат Толықбай оған үй сыйлау ниетімен халықпен бірлесіп ақша жипап, сертификат табыстаған еді.  

TikTok-та танымал болғандар арасында шетелдік әндерді қазақшалап жүрген елордалық студент Досымхан Нормат та бар. Досымхан 20 жаста, астанадағы колледждердің бірінде туризм мамандығында білім алады. Өзі музыкалық дүкенде жұмыс істегеніне бір жылдай болған. Ал музыкамен айналысып жүргеніне - 3-4 жыл.

@doss_normat

ДАВАЙТЕ РЕККК!!))) до конца там разрыв просто!!!!! ##хочуврек ##врек

♬ оригинальный звук - Dossymkhan Normat

Жыл аяғында Қазнетті тағы бір дүр сілкіндірген өнерпаз - сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай. Құрылыста жүріп ән салған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған Дана екі-ақ күнде жұлдыз болып шықты. Телеарналардың біріндегі жаңажылдық шоуға қатысуға шақырту алды. Қыз халықтың арқасында арманы орындалып, үлкен сахнада алғаш рет ән шырқайтынын айтып, қуанышын бөліскен еді. Кейіннен продюсер Жан Мұқанов оған ән жазып бергені де белгілі болды.

© instagram.com/anwi_dana

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети