Елімізде коронавирустың тіркелуін адамдар түрлі қабылдап жатыр. Бірі уайымдауға еш негіз жоғын айтып жатыр. Оны әлеуметтік желіде кеңінен тараған мемдерден байқауға болады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты мемдер топтамасын жинады.
Елімізде коронавирустың тіркелуін адамдар түрлі қабылдап жатыр. Бірі уайымдауға еш негіз жоғын айтып жатыр. Оны әлеуметтік желіде кеңінен тараған мемдерден байқауға болады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты мемдер топтамасын жинады.
Елімізде коронавирус анықталған күні белгілі әнші Марат Омаровтың шырқаған "Коронавирус, кет, кет!" әні Желіде біраз хит болды.
"Әлем: Коронавирус
Біз: Коронавирус, кет, кет, кет!"
Блогер Арман Юсупов "Коронавирус, кет, кет, кет!" әнінің ерекше нұсқасын жасаған екен.
View this post on Instagram
Соңғы оқиғаларға байланысты елімізде медициналық маска тапшы.
"Үш бума медициналық маска бар. Екі бөлмелі пәтерге немесе жаңа Toyota Camry-ге ауыстырамын. Қаланың шетіндегі үйлерді ұсынбай-ақ қойыңыздар"
Ал бұл мем қашықтан оқуға көшкен студенттерге арналған екен.
Айта кетейік, еліміздегі коронавирус жағдайына байланысты адамдар көп жиналатын отбасылық мереке, үйлену тойларына тыйым салынған.
"Әлі үйленбегендердің назарына, мүмкіндікті өткізіп алмаңдар! Тойсыз үйлену тек биыл!"
Коронавирус қазақ келіндерін де айналып өтпеген.
Елімізде коронавирустың алдын алу үшін арнайы шаралар қабылданғаннан кейін халық жаппай дүкендерге барып, азық-түлікті артығымен сатып ала бастады. Соның ішінде көбіне жарамдылық мерзімі ұзаққа жететін тауарлар көптеп сатып алынған.
Коронавирустан адамдардан күткені мен ақиқаты:
"Шұғыл! Қарақұмық пен макароны бар ер адам қант пен әжетхана қағазы көп қызбен танысады"
Отандық вайнерлер де коронавирусқа байланысты әзіл видеолар түсірген. Танымал вайнер Мейірхан Шерниязовтың көлігі де "коронавирус жұқтырған" екен.
View this post on Instagram
Актер Мейіржан Төребаев "қазақтар бір ай бойы үйде отбасымен отырғанын еске алып отыратын болады" дейді.
View this post on Instagram
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!