1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

"Үйдегі класс жұмысы" - Желіде қазақстандықтар қашықтан оқу туралы әзілдеп жатыр

  • 2

6 сәуірден бастап қазақстандық оқушылар коронавирусқа байланысты қашықтан оқи бастады. Ол үшін оқушылар мен ұстаздар түрлі платформаны қолданып, кейбірі WhatsApp мессенджері арқылы өтіп жатыр. Сонымен қатар, "Балапан" және "ЕлАрна" телеарналарында әр пән бойынша сабақ өтіледі. Tengrinews.kz тілшісі қашықтан оқуға байланысты мемдер топтамасын жасады. 

Бүгінде сабақ көбіне WhatsApp мессенджері арқылы өтетіндіктен оқушыларға тапсырма да осы платформа арқылы беріледі. 

Мұғалім: "Балалар, жаңа жіберген тапсырмаларды тексердім. Неге барлығыңда бірдей жауап?"

Оқушы: "Апай, енді бәрімізге бірдей тапсырма бердіңіз ғой"

View this post on Instagram

A post shared by Aqarys Adilzhan | Рысь (@aqarys) on

Оқушылар коронавирусқа байланысты қашықтан оқитындықтан компьютер мен ұялы телефон олардың негізгі құралына айналғандай. 

Ұстазымен мессенджер арқылы сөйлесіп отырған мына бала Желі қолданушыларын бір күлдіріп алды. 

View this post on Instagram

A post shared by Kaz_videogram ПОДПИСЫВАЕМСЯ⬆️ (@kaz_videogram) on

"Үйдегі класс жұмысы"

Мұғаліміне көбейту кестесін айтып, қайда қарайтынын білмей әбігерге түскен бала.

View this post on Instagram

? Онлайн оқып жатқандарды белгілейік??

A post shared by Kaz_videogram ПОДПИСЫВАЕМСЯ⬆️ (@kaz_videogram) on

 Ауылдағы қашықтан оқу.

"- Ұлымыз бөлмеден бөлмеге жүгіріп жүргені несі?

WhatsApp арқылы дене шынықтыру сабағы болып жатыр"

Ал сіз Интернетсіз өміріңізді елестете аласыз ба?

Whatsapp мессенджерінде топтарды шатастырып алған бала:

"Оқушы: Апайды зарлатпай жауап беріңдерші группаға. 21:30 болды, әлі жазып жатыр ғой.

Мұғалім: Ммм, жарайды"

View this post on Instagram

A post shared by Aqarys Adilzhan | Рысь (@aqarys) on

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!