ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
12 ноября 2020 | 16:14

"Құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес". Ауыл әкімі қазақстандықтарды алаңдатқан оқиға туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Соңғы уақытта Оралдағы ауылдардың бірі Ханкөлде елес жүр деген ақпарат тараған. Желіде оның видеосы да жарияланған. Ал кеше әкім ақсақалдармен бірге елес үшін құрбан шалды деген ақпарат шықты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта Оралдағы ауылдардың бірі Ханкөлде елес жүр деген ақпарат тараған. Желіде оның видеосы да жарияланған. Ал кеше әкім ақсақалдармен бірге елес үшін құрбан шалды деген ақпарат шықты.

Бұл оқиғаның мән-жайын білу үшін Tengrinews.kz тілшісі БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиевпен сөйлесті. Ханкөл ауылы ол басқаратын округке кіреді. Әкім елес туралы әңгіменің қайдан шыққанын, неге құрбандық шалғанын айтып берді.

"Бәрі төрт ай бұрын басталды"

Талап Қазиев 1962 жылы 9 мамырда БҚО-да кезіндегі Чапаев ауылында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, 34 жыл бойы Жусалыойда жұмыс істеп келеді екен.

"1986 жылы оқу бітіріп, Жусалыой ауылдық округінде жетекші техник болып жұмысқа орналастым. Кейін ферма жетекшісі болдым. Артынша, кооператив төрағасы, кейін шаруа қожалығы жетекшісі болып қызмет атқардым. Ал 2011 жылдан бері Жусалыой ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеп келе жатырмын. Жарым 2012 жылы қайтыс болды, қазір төрт балам бар", - дейді ауыл әкімі.

Талап Қазиевтің сөзінше, "елес жүретін" Ханкөл ауылы Сол Жусандыой округіне кіреді. Жусандыойда 701 адам, Ханкөлде 467 адам тұратынын айтады.

Әкім Ханкөлде елес жүр деген әңгіменің қайдан шыққанын айтып берді.

"Биыл 17 шілдеде Қостанайдан мектеп құралдарын тасымалдап, бір жүк көлігі келе жатқан. Ханкөлге келгенде тоқтайды. Кабинамда бір кемпір, екі қыз жүрген сияқты елестейді дейді. Сөйтіп, ауыл тұрғындарына жолығады. Тұрғындар оны сабырға шақырып, маған хабарласты. "Ханкөлде камаз тұр, жақын арада сендер жаққа барады" деді олар. Жүргізуші Ханкөлдегі мешіт имамына жолығып, жағдайды баяндайды. Имам сол жерде құран бағыштайды. Сөйтіп, көлік жүргізушісі жүгін тиеп, әрі кете береді. Оқиға солай бітті. Содан қарапайым халық осы оқиғаны әсірелетіп алған. Жолда елес жүреді деп қорқытады. Біреудің терезесін қағатын көрінеді. Бірақ бұл халық арасындағы қорқынышты әңгіме ғана. Оның бәрі бос сөз", - дейді Талап Қазиев.

Құрбандық шалынған. Бірақ елес үшін емес

Кеше ауыл әкімі осы елес үшін ақсақалдармен бірге құрбан шалғаны туралы ақпарат шыққан. Қазиев бұл ақпаратты да түсіндірді.

"Біз жыл сайын мамыр-маусымда елдің тыныштығы үшін құрбан шалатын едік. Биыл пандемияға байланысты құрбан шала алмадық. Сөйтіп, 18 қазанда көп адам шақырмай, ауылдың 6-7 ақсақалы, бірнеше қасапшы жігіт жиналып, далада құрбан шалдық. Бұл жыл сайынғы дәстүріміз. Тек биыл осы оқиғалардан кейін, сәті түсіп тұр деп аудан имамын шақырдық. Ол халықты сабырға шақырып, "даурықпаңыздар" деп кеңесін айтып, түсіндіріп кетті. Сол жерде тұрғындар бәрін түсініп, үйіне тарасты. Қазір бұл оқиға саябырсыды. Ешкім қорқып та, қорқытып та жүрген жоқ", - дейді ол.

Ол біреулер бұл оқиғаны елес үшін арнайы құрбандық шалды деп әлеуметтік желіде таратқанын айтады.

"Біреулерге қызық керек болған шығар, әлеуметтік желіде әкім елес үшін құрбандық шалды деп ақпарат таратыпты. Сөйтіп, сондай тақырыппен барлық БАҚ бетінде жарияланды. Біздің өңірде Ханкөл қасиетті саналады, кезінде бес мешіт болған. Көптеген қажы өмір сүрген. Ақсақалдардың айтуымен, біз үшін осындай қасиетті жерде жыл сайын құрбан шаламыз. Бұл енді қазақы жоралғы ғой", - дейді Қазиев.

"Видео біздің ауылда түсірілмеген"

Желіде осы елестің видеосы да тараған еді. Кадрлардан жол бойында ақ киіммен тұрған қызды көруге болады. Талап Қазиев видеоның өз аулына қатысы жоқ екеніне сенімді.

"Біздің ауылда түсірілген деп тарап жатқан видеоны көрдім. Бірақ оның қайдан алынғанын білмеймін. Видеодағы біздің ауыл емес. Бізде ондай жол да жоқ. Білуімше, бірнеше жыл бойы интернетте жүрген видео екен", - дейді ол.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Бұл видео бұған дейін ресейлік БАҚ-та жарияланған екен. 

Айта кетейік, бұл Қазақстандағы елестер туралы жалғыз әңгіме емес. Мысалы Алматыда Қапшағай трассасында тұратын елес қыз туралы аңыз тарап кеткен. Елес жүргізушілерді тоқтатып, көлігіне отырып, үйдегілерге хабарласуын сұрап, жағдайы жақсы екенін жеткізуді өтінеді екен. Алайда қыздың туыстары оның қайтыс болып кеткенін айтады. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer