Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 ноября 2020 14:05

"Қазіргі елестерде түк ұят жоқ". Желіде Ханкөлдегі оқиға туралы қандай әзілдер тарады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы Ханкөл ауылында "жүрген елес" туралы ақпарат әлі қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар бұл жаңалықты әзілге айналдырған. Желіде елес туралы түрлі мем тарады. Tengrinews.kz тілшісі Ханкөлдегі елеске қатысты тараған әзілдер туралы баяндайды. 


Оралдағы Ханкөл ауылында "жүрген елес" туралы ақпарат әлі қызу талқыланып жатыр. Қазақстандықтар бұл жаңалықты әзілге айналдырған. Желіде елес туралы түрлі мем тарады. Tengrinews.kz тілшісі Ханкөлдегі елеске қатысты тараған әзілдер туралы баяндайды. 

Қарашаның басында Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтқан. Олардың сөзінше, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады екен. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады.

Кейін ауыл әкімі жергілікті имаммен және ақсақалдармен бірге "елестен" құтылу үшін құрбан шалды деген хабар тараған. Алайда БҚО Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиев оны жоққа шығарған еді. Оның айтуынша, ауылдағылар халық амандығы үшін жыл сайын құрбан шалады екен. Тек биыл құрбандық осы елес туралы оқиғамен бір уақытқа келіп қалған. 

"Құрбан шалдық, бірақ елес үшін емес". Ауыл әкімі қазақстандықтарды алаңдатқан оқиға туралы

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті тұрғындарды қорқытатын елесті тексеру үшін полицейлерді Ханкөл ауылына жібергені белгілі болды. 

"Қаратөбе ауданының учаскелік полицейлері Ханкөл аулының маңында көрген елеске қатысты тұрғындардан түсінік алады. Қазір біз әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков. 

Елес үшін ауылға полицейлердің баруы желіде түрлі әзілге айналды. Мысалы, полицейлер мен елес бейнеленген мем тарады. 

Әлеуметтік желіде "Охотники за привидениями" атты фильмдегі музыкамен кетіп бара жатқан полицейлер туралы әзіл видео тараған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)

Танымал "Охотники за привидениями" фильмінің басты кейіпкерлері де Оралдағы елесті естіген болуы керек. Желіде сондай сондай әзіл тарады. 

Ал тағы біреулер Оралға елестермен күресетін кейіпкерлерді шақыруды ұсыныпты. Мысалы, бірі "Скуби-ду" мультфильмінің кейіпкерлерін шақырса, тағы бір Ведьмакқа (құбыжықтар, елестер айлатын кейіпкер) жүгінуді қалаған.  

Тағы бір желі қолданушысы халық арасында қызу талқыланған оқиғалардан кейінгі үрдісті еске алыпты. 

"Елестің кешірім сұрағанын күтеміз" - делінген сурет жазбасында.  

Таяуда Желіде үстіне орамал жауып, подъезде тұрған велосипедті ұрлап кеткен адамның видеосы тарады. Бірі оны Оралдағы елес деп қалжыңдап жүр.  

"Жолдағы елес Алматыға келіп, біреудің велосипедін ұрлап кеткен сияқты", - дейді видеоның сипаттамасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

"Елес күн сайын жолға дейін жаяу жүріп шаршаған болар", "Бұл заманда елестерге де қиын", "Қазіргі елестерде түк ұят жоқ", "Құрбан шалған соң Ханкөлден кетіп қалған ғой", - деп әзілдейді пікір жазушылар. 

Тағы бірі күн салқындаған соң, "елестердің де қамын ойласа" керек.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети