СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
05 июля 2020 | 08:54

Маңғыстау облысындағы "кілем жол" Желіде күлкіге айналды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрлары Видео кадрлары

Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы жолдың сын көтермейтін сапасы күлкіге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы жолдың сын көтермейтін сапасы күлкіге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода полицей киімін киген адам көлікті тоқтатады. Ол пара беріп құтылуды ойлайды. Осы кезде форма киген адам ақшаны "кілем астына салуды" бұйырады. Жүргізуші бастапқыда түсінбей, сосын "полицейдің" аяқпен ғана жолдың шетін көтеріп қалғанынан кейін түсіне қойып, онда ақшасын салады. Кейін жүргізуші "мынау жол ма, кілем бе?" деп сұрайды, оған "коррупция" деген жауап беріледі.

Зілі бар әзілді көпшілік жылы қабылдап, әлеуметтік мәселе көтерілгеніне риза болды. Енді вайнерден фолловерлері дәріханадағы бағаға қатысты әзіл күтетінін де айтып жатыр.

Айта кетейік, вайнды танымал жүргізуші, актер Айдар Керімбаев пен КВН ойыншысы Әлқуат Насухаұлы түсірген.  

"Маңғыстау облысындағы Баянды ауылында жолдың кереметі соншалық, құдды бір парсының кілемдері сияқты", - деп әзілдеді актер.

Мұның алдында Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылында салынған жаңа жолды тұрғындар сынап тастаған. Видеода жол төсемін қолмен алып тастауға болатыны көрсетілген. Желіде жол құрылысшыларының "сапасыз жұмысы" туралы бірнеше ролик жарияланған. 

Облыстық әкімдік осы жағдайға қатысты түсінік берді. 

Облыстық атқарушы органның мәліметінше, 10 сәуірде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері, сонымен қатар Мұнайлы ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстарына байқау жариялаған. 22 сәуірде жеңімпаз анықталды - "Амиран" ЖШС. Жөндеуді қажет ететін жолдың жалпы ұзындығы екі шақырым болған.

"Асфальт жолдың жоғарғы қабатын төсеу үшін зертханалық зерттеулер келесі аптада жасалады. Асфальт сапасының мердігердің барлық талапқа сәйкес екенін талдау нәтижелері шықпайынша, қалған қаражат аударылмайды, жол қабылданбайды және пайдалануға берілмейді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерде бейнероликте көрсетілген асфальттың қалыңдығына қатысты Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мен тұрғындар арасында кездесу ұйымдастырылып, мердігер мекеме басшылығына кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар берілді. Жөнделген жол төсемінің қалыңдығы және жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген басқа да талаптар сапа стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда жол пайдалануға берілмейді", - деп түсіндірген еді облыс әкімдігіндегілер.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.98  course up  542.28  course up  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer