ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 сентября 2018 | 16:12

Сәлем салу. Дәстүр әр өңірде қалай сақталған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© mazhab.kz © mazhab.kz

Үлкенге иіліп сәлем салу арқылы "Көп жаса!", "Бақытты бол, айналайын!" деген ақ бата, жақсы сөз, игі тілек еститін келін­нің бағы артады деп жатады. Ата-бабаларымыз аяғы ауыр келінді уақытша, ал күйеуі қайтыс болған келіншекті біржола сәлем салудан босатқан екен. Дегенмен бұрыннан келе жатқан сәлем салу үрдісі бүгінде еліміздің барлық өңірінде сақтала қойған жоқ. Уақыт өте дәстүрдің біразы ұмытылып бара жатқаны рас. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаевпен ескі дәстүрдің бүгіні жайлы әңгімелесті.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Үлкенге иіліп сәлем салу арқылы "Көп жаса!", "Бақытты бол, айналайын!" деген ақ бата, жақсы сөз, игі тілек еститін келін­нің бағы артады деп жатады. Ата-бабаларымыз аяғы ауыр келінді уақытша, ал күйеуі қайтыс болған келіншекті біржола сәлем салудан босатқан екен. Дегенмен бұрыннан келе жатқан сәлем салу үрдісі бүгінде еліміздің барлық өңірінде сақтала қойған жоқ. Уақыт өте дәстүрдің біразы ұмытылып бара жатқаны рас. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаевпен ескі дәстүрдің бүгіні жайлы әңгімелесті.

Этнографтың айтуынша, сәлем салу дәстүрі тек түркі халықтарына емес, сондай-ақ, Еуропа халықтарына ортақ дәстүр.

"Бұл дәстүр өте ерте заманнан бері келе жатыр. Сәлем салу дәстүрі тек түркі халықтарына емес, сонымен қатар, Еуропа халықтарына да ортақ. Ең қызығы Ұлыбританиядағы, Англиядағы корольдік отбасыларында келіндер әлі күнге дейін сәлем салады. Қазақ келіндері қалай сәлем салса, сол сияқты Англияның корольдік отбасыларындағы келіндер де солай сәлем салады", - дейді тарихшы.


© сomode.kz

Оның айтуынша, бұл дәстүрдің тарихы біздің заманымызға дейінгі 2-3 мыңжылдықтан бастау алған. 

"Бұл дәстүрдің мәні - жалпы үлкенге деген құрмет. Келін басқа отбасыға келген кезде оның жанұясында белгілі бір орны болады. Сәлем салу арқылы келін сыйластықты сақтап отырады. Үлкендермен және жастармен сыйластықта болады. (...) Ертеде келін сәлем салмай жатса, әжелер тіпті "тізең сынсың" деп айтатын", - дейді этнограф.

Ал бұл дәстүр елімізде әлі күнге дейін сақталған ба, жоқ па деген сұраққа тарихшы бүгінде сәлем салудың тек кейбір өңірлерде сақталғанын айтады.

"Ескі дәстүрлердің бірі болғандықтан, әсіресе, солтүстік, батыс, шығыс өңірлерде бұл дәстүр сақтала қоймаған деп айтуға болады. Сәлем салуды тек оңтүстік пен Маңғыстау халқы әлі күнге дейін жалғастырып жүр", - дейді Жамбыл Артықбаев.


© сomode.kz

Шынында  салт-дәстүрлердің жалпы болмысы бірдей болғанымен, ол еліміздің әр аймағында әр түрлі орындалады. Сол сияқты, сәлем салу дәстүрі де әр түрлі орындалады. 

Расында да қай өңірдің отбасы болсын бұл олардың жеке шешімі. Жігіттің ата-анасы келіндерінің күнде таңертеңгісін тұрып сәлем салуының қажеті жоқ деп шешсе, оған ешкімнің де қарсылық білдірмейтіні рас.

Тарихшы да сәлем салудың әр өңірде әр түрлі орындалатынын айтады.

Батыста сәлем салу қатаң талап етілмейді. Батысқа келін болып түскен қыз беташарда жалпылама нағашыларға, абысындарға, қайын әпкелер гедеп бірден топтастырып сәлем береді екен.

Оңтүстіктегілердің көп дәстүрді қатаң ұстанатыны белгілі. Сондықтан да бұл өңірде сәлем салу міндетті түрде орындалады. Басқа өңірлермен салыстырғанда оңтүстіктегі келіндер сәлем салғанда екі қолын айқастырып, иіледі.

Солтүстік өңірлерде сәлем салу мен орамал тағу деген мүлде жоқ деп айтуға болады. Осы ретте солтүстік тұрғындарының сәлем салуды аса орындамайтыны байқалады.

Шығыс өңірлерде сәлем салу емес, қыздың басына ақ орамал тағылып, көбіне отқа май құю ырымы жасалады екен.

"Негізінен қазақ дәстүрлерінің көпшілігі ортақ, олардың ортақ ережесі бар. Соның ішінде келін сәлемнің негізгі стандарты - келін бір жақ тізесін буып, оң жақ қолын сол тізесіне қойып, иіліп сәлем береді. Еуропада да осылай. Бір жақ тізесін буып, иіледі", - деп түсіндірді Артықбаев.

Тарихшы айтып өткен Маңғыстау облысы жайлы айтатын болсақ, онда келіндер сәлем салу кезінде орамал тағып қана қоймай, ұлттық нақыштағы киімдерді киюді жөн көреді екен. Сондай-ақ, жаңа түскен келін таңертең ерте тұрып, ата-енесіне дастархан жайып, күнделікті сәлемін салып, дастархан басында күтіп алуы міндеттелген.


© сomode.kz

Сондай-ақ, ол оңтүстік өңірлерде орындалатын сәлем салу дәстүрінің тәжім жасау дәстүріне ұқсас екенін айтады.

" (...) Тәжім жасау деген бар. Сәлем салу оңтүстік өңірлерде тәжім түрінде өтеді. Тәжімді ерте уақытта ер адамдар жасы үлкен, дәрежесі үлкен кісілерге салған. Тәжім жасағанда екі қолын кеудесіне қойып, қолын қусырып, солай тәжім салған. Ертеде күйеу бала қайын жұртына қызды алып кетуге келгенде тәжім салатын", - дейді ол.

Сәлем салу қаншалықты ескі болса да, этнографтың айтуынша, бұл дәстүрді сақтау керек.

"Келін сәлем әлі күнге дейін өскелең ұрпақ арасындағы сыйластықты сақтауға дәнекер болып келеді. Келін сәлем салып тұрғанда өзінің келін, ана, ене екенін сезіп отырады. Сондықтан бұл дәстүрді мүмкіндігіміз келгенше сақтау қажет", - дейді Артықбаев.

Павлодарға келін болып түскен Нуризаның айтуынша, олардың отбасы мұндай дәстүрді ұстанбайды. 

"Бізде Павлодарда келін сәлем салу немесе орамал тағу деген әңгіме жоқ. Кейбір отбасылар ол салт-дәстүрді ұстанатын шығар, бірақ біздің отбасында ондай жоқ. Күйеуімнің ата-анасы заманауи болғандықтан шығар, менен сәлем салу талап етілген жоқ. Онымен қоса, ата-енем орыс тілді кісілер. Олардың өздері-ақ орамал тағып, сәлем салудың керегі жоқ екенін айтты", - дейді Нуриза.


Нуриза.

Атыраулық келін Мақпал да ол өңірде сәлем салу қалай өтетінін әңгімелеп берді.

"Бізде жалпы батыста Атырауда сәлем салмайды. Мен тек беташарда салдым. Қызығы, бізде оңтүстіктегі келіндер сияқты иілмейді, бір аяғын кішкене ғана бүгеді де иіледі. Беташарда сәлем салатын кезде оңтүстіктегідей еңкейіп сәлем салу керек деп ойлап тұрғанмын. Сонда жанымда тұрған абысыным "бір аяғыңды кішкене ғана бүге ғой" деп айтты. Ал былай жалпы ата-енеге сәлем салу бізде жоқ", - дейді Мақпал.

 
Мақпал.

Тараздық келін Мария болса, керісінше, сәлем салу міндетті деп санайды екен.

"Әрине, міндетті түрде сәлем саламын. Күнделікті таңертең ата-енеме сәлем салып тұрамын. Беташардан кейін күнделікті сәлем саламын. Сəлем салғаным - күйеуімнің өмір жасы ұзақ болсын дегенім. Оның үстіне сəлем салғанда үлкен кісілердің "көп жаса,қарағым, мақсатыңа жет,көсегең көгерсін, бағың баянды болсын" деген жылы лебіз батасын аламын", - дейді тараздық келін.


Тараздық келін Мария. 

Оқи отырыңыз:

"Танымал адамдар, тікұшақ пен түйе". Қазақ тойындағы трендтер

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді

Той алдындағы құпия жиын - "Девичник" жаңа дәстүр ме?

Қалыңдық көйлегінің құпиясы немесе биылғы басты трендтер

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer