Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 октября 2018 11:39

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Тәжім ету

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© m.azh.kz © m.azh.kz

"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар". Десе де, тозығы жетпей, ұмытылғандары да кездеседі. Ешбір елді мекенде қазір кездеспейтін сол дәстүрлер қазақтың өмір салтына қандай пайда тигізгенін, жаңғыртса қандай қайырымы болары айтпаса да түсінікті әрі өзекті. Сол көне дәстүрлердің бірі - тәжім ету.


"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар". Десе де, тозығы жетпей, ұмытылғандары да кездеседі. Ешбір елді мекенде қазір кездеспейтін сол дәстүрлер қазақтың өмір салтына қандай пайда тигізгенін, жаңғыртса қандай қайырымы болары айтпаса да түсінікті әрі өзекті. Сол көне дәстүрлердің бірі - тәжім ету.

Қазақ ұлтының тарихына үңілер болсақ, ертеде үйленер алдында болашақ келін жігіттің қара шаңырағында отқа май құйып, жанып жатқан отқа үш рет тәжім ету салтанатын өткізген, яғни, басын жерге тигізген. Ол отқа "май ана, от ана жарылқа" деп тәжім жасаған, ал әйелдер оттың жалынына алақандарын тосып, келіннің бетін сипаған. Осыдан кейін келінді жұмсақ иленген терінің үстіне отырғызған.

Осы орайда этнограф Tengrinews.kz тілшісіне тәжім ету дәстүрі туралы айтып берді.

"Алтын арқау" мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, этнограф Ғалия Қайдауылқызының айтуынша, тәжім ету дәстүрі үйленуге ғана қатысты болмаған. Тәжім ету қазақтың әдеті де, әдебі де болған.

"Қазақтың қай дәстүрін болса да түсіну үшін, оның атауына, сөзінің түбіріне мән беру керек. Мысалы, тәжім ету деген сөздің өзіне мән беретін болсақ, оның түбірі - "тәж". Яғни, басымды идім, құрмет көрсеттім дегенді білдіреді. Тәжім ету - сәлемнің салтанатты түрі, құрметтің ерекше белгісі", - дейді этнограф.


© bsh.kz

Ғалия Қайдауылқызының айтуынша, қазақтың тәжім ету дәстүрін қате түсінетіндер мен қате түсіндіретіндер бар.

"Ертеде қазақтар баланың, жастардың, келіннің және жалпы қоғамның тәртібі мен тәрбиесі дегенге баса назар аударған. Тәжім ету отқа табыну емес, оны арабтардың мәдениетін әкелуді көздейтіндер айтып жүр, тәжім ету - сәлем салу. Кішінің үлкенге деген, құдалардың бір-біріне деген, келіннің қайын жұртқа деген құрметі", - деді ол.


© toibiznes.kz

Этнографтың айтуынша, тәжім ету дәстүрін бүгінгі қоғамға қайта алып келу керек, себебі "сәлем салудың салмағы жоғалып барады".

"Қазақтар "сәлем - сөздің атасы" дейді. Қазіргі жастар үлкендермен қалай сәлемдеседі? "Сәлем!", "Қалайсыз?" Тіпті, келіндердің арасында қайын жұртымен, үлкендермен солай амандасатындары бар. Тәжім ету жалпы, кейбір өңірде әлі де бар, бірақ ақылы", - дейді ол.

Қайдауылқызының айтуынша, бүгінгі қазақ келінінің сәлемін сатып алатын болған.

"Тәжім етуді сәлем салу деп түсіндіретін болсақ, бүгінгінің салған сәлеміне назар аударайық, мысалы, келіннің бетін ашу үшін асаба жаттанды өлеңін айтып беріп, ортадағы табаққа түскен ақшаны санап тұрады. Жақында бір тойға бардым, беташар әнінің сөзі мынау: "500 теңге салғаның не, 5 мың болса болмай ма..." Сонда бұл не болды? Салт қайда, әдет-ғұрып, әдеп, тіпті мәдениет қайда? Келіннің әрбір иілгені сатылып жатыр. Бұл барып тұрған көргенсіздік, сәлемді сатып алу", - деді этнограф.


© almaty.avizinfo.kz

"Қазақтың салт-дәстүрі ойдан шыққан ойыншық емес, сәлем беру, отқа май құю, қолтықтан сүйеу дегеннің барлығында үлкен этика, эстетика жатыр, тіпті гигиеналық, психологиялық астары бар", - дейді Ғалия Қайдауылқызы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети